Оқытушы туралы мәлімет


Сыртқы су құбыр жүйесі және оны жобалау



бет50/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau
соц
Сыртқы су құбыр жүйесі және оны жобалау. Су тасымалдау және суқұбыр жүйесі. Суды сумен қамтамасыз ету көзінен елді-мекен жүйесіне тасу үшін сутасығыштар қолданылады. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында сутасығыштар, әдетте, олардың арасынан екіден кем емес 5м арақашықтықта параллельдік сызық жүргізеді. Тұтынушыларды авария жағдайында және 3 сағат бойы өрт сөндіру кезінде сумен қамтамасыз ету және орташа тәулікте су қорының 70% көлемін сақтауды қамтамасыз ету шарты болғанда сутасығыштар бір сызыққа жіберіледі. Сутасығыштың мақсаттылығы сыйымдылық қорының қондырғысы шешімдердің экономикалық есебіне байланысты әрбір жеке жағдайда қолданылады.
Суқұбыр жүйесі суқұбыр сызықтарымен олардың учаскелерінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Суқұбыр сызығы -учаскелердің жүйелік байланысы.
Участок - суқұбыр сызығының бөлігі, оның ұзындығы есептік шығыны шартты тұрақты түрде алынады. Сондықтан учаске ұзындығы бойынша құбыр диаметрін бір қылады. Әр учаске жүйесі тораб нүктелерімен шектелген. Тораб нүктелері, сәйкесінше, учаскелер суқұбыр сызығының тарамдалынуы жерлерінде бекітіледі, сонымен қатар, олардың бағыттарының өзгеру орындарында немесе қоректену шарттарында. Су құбыр жүйесі екіге, яғни, магистралды және су тарататын сызыққа бөлінеді.
Магистралды сызық негізінен транзитті су массаларын тасу үшін, ал су таратқыш - магистральдардан суды гидранттармен тұтынушыларға тарату үшін қолданылады.


Су құбыр жүйесінің схемасы. Кенттік суқұбыр жүйесінің сызылуы, әлде қандай деңгейде, елді-мекеннің жоспарлануына және жергілікті жердің бедеріне байланысты анықталады. Жоспардағы сызылуы бойынша су құбыр жүйесі тарамдалынған және айналмалы болуы мүмкін. Тарамдалынған және айналмалы сызбаларды олардың әр түрлілігіне қарай байланыстыратын аралас схема болуы мүмкін. Тарамдалынған жүйе, жеке тұйықталған сызықтардан құралған және олардың әрқайсысына су тек бір жақтан ғана келеді. Тарамдалынған жүйе тұтынушыларды сумен үздіксіз қамтамасыз ету жағынан төзімді емес, яғни, бір учаскедегі аварияны жою кезінде суды магистралды тасымалдау кезінде екінші жерде су беру тоқтатылады. Айналмалы жүйеге қарағанда, ұзындығымен құнына байланысты тарамдалынған жүйе әлде қайда төмен, бірақ құбыр диаметрі айналмалыға қарағанда үлкенірек болады.


Тұйықталған жүйелердің құрылысы бірінші ретте олардың келесідегі айналмалы жүйесіне байланысты салынады.
Айналмалы жүйе бір немесе бірнеше тұйық контурлардан құралады, су құбырының елді-мекенді және оның жоспарлау нәтижелерін қызмет ету көлеміне байланысты.
Айналмалы және аралас жүйелер төзімдігі жағынан жоғары болып саналады, яғни, онда учаскеге су екі жақтан келеді, соның салдарынан тұтынушыларға су үздіксіз келіп тұрады. Сондықтан шаруашылықты - ауыз су және өртке қарсы қажеттіліктерді қамтамсыз ететін су құбыр жүйелері айналмалы болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет