Жел ұстағыш орман белдеулері – ауылшаруашылық танаптарының микроклиматын жақсарту, оларды шаңды борандар мен құрғақ желдерден қорғау үшін құрылатын көпжылдық көшеттер. Олар басым соғатын желдің бағытына көлденең орналастырылады.
Карстік ландшафт – суда еритін тау жыныстары (гипс, әк тас, доломит, тасты тұз) жиналған жерлерде дамитын ландшафт. Бұл жер беті тегіс емес, қазып тасталған, тұйық терең шұңқырлы, өсімдігі және басқа өзіндік физика-географиялық ерекшеліктері жеткіліксіз тақырлы тасты учаскелер.
Қар ерудің адвективті типі – қар еру кезеңінің ұзақтығымен (10-15 күндей) және оның интенсивтілігінің төмендігімен сипатталады.
Қар ерудің солярлы типі – қар еру кезеңінің қысқа болуымен (5-7 күндей) және оның интенсивтілігінің жоғары болуымен сипатталады.
Қабаттап сабан шашу – сабанның желмен ұшырылып кетпеуін болдырмас үшін, екі қабаттап сабан шашу ұсынылады: төменгі қабаты жеңіл сабаннан (4-5т/га), жоғарғы қабаты жүгері, күнбағыс сияқты ірі сабақты өсімдіктерден (2-3т/га) құралады. Осылай екі қабаттап сабан шашу желдің әсеріне тұрақты болады және өзінің су сіңіргіш қасиетін арттырады.
Ландшафттың құлдырауы (деградациялануы) – ландшафтқұраушы факторлардың өзгеруіне, соның ішінде адамның тиімсіз шаруашылықтық іс-әрекеттеріне байланысты ландшафттың қасиеттерінің және оның ресурсының бірте-бірте нашарлауы.
«Лавиналық эффект» - қар жоғары интенсивтілікпен еріп, топырақ суды нашар сіңіргенде, нанобедердің бороздалары толып кетіп, тасып ағуынан жылғалар пайда болуы, осы себептен танаптан ылғалдың тез кетуі.
Макробедер – бедердің ірі формалары.
Мезобедер – орташа мөлшердегі бедердің формалары.
Микробедер – жер бетіндегі шағын аумақты қамтитын бедер формалары (бидайықты далалық ойыстар, ін төбелер, т.б.)
Нанобедер – биіктік айырмалары сантиметрлік қана айырма жасайтын бедер формалары.
Су эрозиясы жауын-шашынның және жер бетімен ағатын су ағыстарының әсерінен тау жыныстары мен топырақ түйіршіктерінің жылжуын, жиналуын (шөгуін), бұзылуын көрсететін денудация процесінің бір бөлігі.
Су айрық – жергілікті жердегі биіктеу нүктелерді қосатын сызық. Топографиялық картада оны жүргізу үшін дөңес учаскелердің горизонтальдарының ең қисық майысып бүгілген жерлеріндегі нүктелерді қосу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |