Оқытушы туралы мәлімет


Су реттегіш орман белдеулері



бет54/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau

Су реттегіш орман белдеулері – топырақты су эрозиясынан қорғауға арналған, баурайға көлденең немесе горизонтальдардың бойымен орналастырылатын көпжылдық көшеттер.
Территорияны контурлы ұйымдастыру – бедерін мұқият ескере отырып, территориялық реттілікті қалыптастыру. Мұндағы күрделі баурайлар горизонтальдардың бағытына жақын немесе оларды бойлай өңделеді.
Тектоникалық қозғалыс – жердің ішкі күштеріне байланысты болатын жер қыртысының қозғалыстары.
Ылғал жинағыш агротехникалық шаралар – танаптың нанобедерін ұлғайтатын агротехникалық шаралар. (бороздалау, үймелеу, микролимандар жасау т.с.с.).
Ылғал сіңіргіш агротехникалық шаралар – топырақтың арасында қосымша қуыстар құрайтын агротехникалық шаралар. (тереңдете сыдыра жыртып өңдеу, саңылаулату, тескілеу және т.б.).
Эрозияның антропогенді факторлары – адамның шаруашылықтық іс-әрекетімен байланысты эрозияның әлеуметтік-экономикалық факторлары.
Экологиялық жағдайлар – қоршаған ортаның жаратылыс жағдайлары.
Эрозиялық процесс – жер бетінің әртүрлі себептерден бұзылуы.
Эрозияға қарсы шаралар кешені – жерді эрозиядан қорғау мақсатымен жүзеге асырылатын шаралар жүйесі: (ұйымдастыру-шаруашылықтық, агротехникалық, орманмелиоративтік, гидротех-никалық).
Эрозиялық процестің интенсивтілігі – белгілі бір кезеңдегі эрозиялық процестің жылдамдығы.

«Территорияны эрозияға қарсы ұйымдастыру»
пәні бойынша лабораториялық сабақтар
мен өзіндік жұмыстарды орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Жыртылған жер территориясын эрозияға қарсы орналастыру жобасы «Жерді эрозиядан қорғау» атты пән бойынша лабораториялық жұмыстарды орындау нәтижесінде алынған, территорияның эрозиялық қауіптілігін бағалау материалдары, сонымен қатар алаптарды ұйымдастыру мәселелеріне қабылданған кешенді шешімдердің негізінде әзірленеді.
Лабораториялық жұмыстардың мақсаты – теориялық білімді бекіту және ауылшаруашылық алаптарының территориясын эрозияға қарсы бейімдеу жөніндегі жобаны жасау тәжірибесін жинау, жобада жыртылған жер мен мал азығы алаптарының ішкі территориясы эрозияға қарсы талаптарды ескере отырып реттестіріледі.
Жобаны әзірлеу кезінде төмендегідей материалдар қолданылады:
- бедері горизонтальдармен көрсетілген жер пайдаланушылық планы;
- сипаттамасы бар топырақ-эрозиялық карта;
- эрозиялық процестердің белсенділігі жөніндегі есептеулер және территорияның эрозия жағынан қауыптілігін сипаттайтын картограмма;
- шаруашылықтың табиғи және экономикалық жағдайлары туралы жалпы мәліметтер;
- нормативтер.
Қорғауға шығарылатын құжаттар:
- ауылшаруашылық алаптарының территориясын реттестіру жобасының 2 нұсқасы ( М 1: 25000)
- жобаның түсініктеме бөлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет