| Жол санаты |
1У 1-с
|
П-с
|
Ш-с
| Жүру бөлігі | 6,0 | 4,5 | 3,5 | Жиегі | 2,0 | 1,75 | 1,5 | Жиек бекіті | 0,5 | 0,75 | 0,5 |
Жер бедері
|
10,0
|
8,0
|
6,5
|
1.3 Пландағы жол элементтері
Автокөлік жолының трассасы. Автокөлік жолының трассасы деп оның жер бетіндегі тігінен жатқан осьін атайды. Кеңістіктегі жол бағытының өзгеріп отыратындығынан (бұрылыстарда, биіктеп-төмендеген жерлерінде), трасса кеңістіктегі сызық түрінде беріледі. Көлденең жазықтықта трассаны жобалағанда, трассаның жоспарын аламыз.
Жобаланған жолдағы трасса екі немесе жол өтетін бірнеше аралықты бөлімдер арқылы беріледі (негізгі, тұрақты нүктелері). Екі нүкте аралығымен берілген қысқаша арақашықтық түзу сызық болып келеді (жоспарда) ол әуе сызығы деп аталады.
Белгілі бір жердегі трасса салудағы кездесетін кәдімгі кедергілер, трассаны әуе сызығынан өзгеше етіп (бұрып), жолдың ұзындығын ұзартады.
Кедергілер контурлы болады (көлдер, бағалы ауылшаруашылық жерлері (егіндік), қорықтар, өзендер).
Биіктелген (таушықтар, төбелер) және төмендетілген жерлер (ойықтар мен ойпаттар).
Жолдың қарқынды қозғалыс жерлерінде трассаны әуе сызығымен сәйкестендіріп салуға тырысады, өйткені құрылыс шығындары, кәдімгі кедергілерді қамтудағы, аз уақыт ішінде көлік шығындарының азаюының (тасымал уақытының қысқартылуы мен көліктердің жолда жүру уақытының азаюы) есебімен қайтарылады.
Қозғалыстың қарқындылығы аз жерлерінде мұндай есептеулер алғашқы жылдарда болмауы мүмкін, сондықтан да трасса салу кезіндегі себептер, (жолды қисық салып, ұзартулар) экономика жағынан есепке алынып, түрлі кедергілерді айналып өтуге байланысты болған құрылыс бағасының күрт өсуіне әкеледі.
Трассаның жоспары көбінесе түзу сызық киындыларынан тұрады, қисықтармен жалғанған, автокөліктердің бір түзуден екіншісіне қауіпсіз және жеңіл түсуіне, сонымен қатар жүруіне, жолдың сол жерлеріндегі ландшафттармен жақсы келісетінін жобалайды.
Трасса жоспарындағы қисықтар көбінесе шеңбер доғасымен жобаланады.
Сүрет 3 . Бұрылу бұрыш көрінісі
Бұл жағдайдағы әр бір қисық бұрылыс бұрышы, радиусы R, ұзындығы К = АВС, тангенс (төбе бұрышынан қисықтың басы аяғына дейінгі арақашықтықта) Т = АД – ДС, Бисектрисасы Б = ВД, домері (қисық пен екі тангенс арасындағы айырмашылығы) Д = Т – К ( 3 сурет).
Радиусы R мен өлшенген бұрышы, берілген қисықтар кестесімен немесе тригонометриялық формуламен қисықтың қалған элементтерін табады.
4 суретте ұзындығы 0,6 км болатын ауыл мен темір жол бекетін байланыстыратын жол трассасының жоспары көрсетілген. Трасса үш түзу қиындыдан тұрады. Олардың ұзындығы мен бағдары мінезделетін альфа, радиус, тангенс, қисық және биссектриса мағыналарымен берілген екі қисықтан тұрады. Сонымен қатар жоспарда километрлерде (км), пикеттерде (ПК), трасса бойымен, сонымен қатар қисықтың басы (КБ) және аяғы (КА) белгіленген.
Автокөлік жолы түзу сызық жерінен, радиусы қисық 2000 м болғанда, ауысу қисығы және радиусы ауыспалы қисықпен мінезделетін жолдың ортақ жерлері қаралады. Ауысу қисығының ең аз ұзындығы, дөңгелек қисықтың радиусы R – 120 м /R – 600 …. 1000 м болғанда (100 м бастап, R –1100 …. 2000м болғанға дейін) ауысып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |