Оқытушы туралы мәлімет



бет11/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau

1.4 Жолдың бойлық пішіні

Жолдың бойлық пішіні деп жолдың вертикалды жазықпен кесілген, оның осьінен өтетін кескіннің шартты бейнесін айтады. Бойлық пішін жолдың осьімен өтетін жердің үстіңгі бедерін, жердің бетіне қатысты жолдың жер төсемінің жиелік сызығының жатуын, жол осьімен топырақ кескінді және жасанды құрылыстардың орналасуын көрсетеді. Жол құрылысын жүргізу негізінде, бойлық пішін негізгі құжаттың бірі болып табылады, сондықтан оның әрекетті талаптарына сәйкес қатал шарт жасалады (5 сурет).


Пішіннің вертикалды масштабын горизонталды масштабынан үлкен қылып алады. Мосштабтың қатынасы 1:10. Жазық және қыратты жерлерден өтетін жолдардың бойлық пішіні үшін келесі масштабтар алынады: 1:5000 (50 см 1 см-де) вертикалды 1:5000 (50 см 1 см-де). Тау жолдарда горизонталды – 1:2000, вертикалды: 1:200.
Бойлық пішіннің сызбасы екі бөліктен тұрады:

  1. 12 горизонталды жолдар мен торлар, оның ішінде далалық және жоспарлық жұмыстардың сандық мәліметтері көрсетілген;

  2. Жоғары графикалық бөлім, онда жолдың осьі бойынша вертикалды кескін бейнеленген. Жер бетінің сызығын іздестіру кезінде жабдықтарды түсіру нәтижесінен шыққан белгілер бойынша сызады.

Жоспарлы сызық жер төсемінің бровкасы бойынша жолдың бойлық пішінін сипаттайды. Оны есептелген жоспарлы белгілері бойынша сызады. Жоспарлы белгі мен жер беті белгісінің арасындағы айырмашылықты жұмысшы белгісі деп атайды. Ол үйіндінің биіктігін немесе ойдың тереңдігін көрсетеді. Жоспарлы сызық жер бетіндегі сызығынан жоғары өтсе, жер төсеміне үйінділерді салып, жұмысшы белгілерді жоспарлы сызық үстінен белгілейді. Ал егер төмен өтсе, онда жер төсемін ойық жерде орналастырады. Сонда жұмысшы белгілерді жоспарлы сызық астынан жазады. Жоспарлы сызықтың жемен қауіпсіздігінің талаптары қанағаттандырылу керек.
Қиын бедерлік жағдайларда жобалау мөлшерінің шектелуіне байланысты жоспарлы сызықтың жақсы вариантын таңдау өте қиын. Оптималды шешім электронды есептеу машиналары көмегімен табады.
Бойлық пішінде жер бетінің сызығынан 2 см төмен және оған паралель қиылып, шартты белгілермен топырақты көрсетіп, трассаның топырақ пішінін салады. Топырақ пішінін салғанда 1:50 (50 см 1 см-де) вертикалды масштабты алады. Одан басқа, пішіннің жоғарғы бөлігінде негізгі өлшеулер, материал және жасанды құрылыстардың орналасуы, су ағымдардағы судың деңгейі, реперлердің белгілерінің мен орналасуы, съезде және өткелдегі су өткізгіш элементтері. Осыларға да шартты түрде белгілер қолданады.
Жобалау сызығын ыңғайлы жоспарлау үшін және бойлық пішіннің торындағы бөлу жұмыстарын болашақта қолдану төмеңгі трассаның толық жобасын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет