Қисық сызықты көрініспен қамтамасыз ету. Жүргізуші қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге автокөлік уақытында тоқтатуға немесе кедергіні айналып өтуге мүмкіндігі болу үшін алдыңғы жолдың белгілі арақашықтығын көру керек. Осы мақсатта минималды жеткілікті арақашықтығын көрініс арақашықтығы деп атайды. Осының есепті мәнін әдетте тегіс жолдың ұзындығымен өлшенеді. Автокөліктердің қарама-қарсы қозғалысын есептегенде көріністің арақашықтығын екі есе көбейтеді.
Жоспарда көріністің кедергілері болып: автокөліктер қисық сызықпен жүргенде терең ойықтың қиябеті, құрылыстар, талдар және бұтақтар қисық сызықтың ішкі жағынан және т.б.
Жергілікті жағдайлармен жолға адамдар және жануарлар шыға алатын жағдайларда, жолға жанасатын жолақтың бүйір көрінісі жергілікті бөлік жиегінен 15 м арақашықтан бастап қамтамасыз ету керек.
Көрініспен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмағанда арнайы жол белгілерін орнатуды қарастырады. Темір жолмен қиылысқанда көрініспен қамтамасыз етуге арнайы көңіл бөлу керек, егерде өтпе күзетсіз болса.
Ауылшаруашылық жолдардың жүргілікті бөлігінің ені теміржолмен қиылысқанда 6 м-ден кем емес етіп қарастырады өтпенің екі жолағына қарай 200 м арақашықтықта. Автокөлікді жол қиылысына жақындаулары 50 м. Ұзын бойлықта бойлық еңіс 30 м-ден көп болмауы керек. Шеткі рельстен 10 м кем емес.
1.5 Жер төсемін жобалаудағы пікірлер
Топырақтың жол-құрылыстық сипаты.
Жер төсемін ауа-райы, жыл мезгіліне қарамастан талапқа сай геометриялық пішіннің, беріктігін және тұрақтылығын сақтап жайластырады.
Жер төсемін тұрғызуға пайдаланатын топырақ күрделі динамикалық түрде өзгеретін дисперия жүйесі болып табылады, бұл жүйеге үш сыңар кіреді: топырақ, су және топырақтың судан бос қалған тетіктерін толтыратын ауа.
Топырақтың физикалық-механикалық сипатының басты көрсеткіші олардың байланысы, дымқылдығы және тығыздығы.
Топырақтың байланыстылығы оның белгілі бір дымқыл аралығындағы созатын кернеуге қарсыласумен сипатталады. Топырақта саз бөлігі көп болса, соғұрлым бұл топырақ құрғақ күйінде тығыздау болады.
Байланысу дәрежесіне қарай топырақты 3 топқа бөлеміз:
жеңіл топырақ, олар әлсіз байланысқан;
ауыр топырақ, бір-бірімен тығыз байланысқан;
кұз топырағы, бұл өзара бекем байланысқан қатты бөлшектер.
Топырақтың дымқылдығы деп топырақтағы су массасының осы шамадағы құрғақ топырақ бөлшектерінің массасына (топырақ қаңқасына) қатынасын айтады.
Байланыстағы топырақ дымқылдық дәрежесіне қарай физикалық консистенция күйі иілгіштік және ағындылығы қатты болады.
Топырақтың қатты консистенцияда иілгіштікке, ал одан ағындыға өтуі белгілі бір қиын қыстау дымқылдықта кенеттен болады бұл топырақтың ең біртылай сұйық) консистенциядан өтеді. Бұл дымқылдықтан бөлшек арасындағы байланыс бұзылады, арасындағы тетіктерден еркін су пайда болады да топырақ беріктігін жоғалтады.
Wа – ағынды шекарасын, Васильевтің балансты конусы арқылы арнайы құрал көмегімен анықтайды.
Илеу шекарасы немесе иілгіштіктің төмеңгі шеті. Ол топырақтың қатты консистенциядан иілгіштікке өтетін шекарада болады. Әрі қарай дымқылдықтың көбеюіне байланысты салмақ астындағы топырақтың беріктігі күрт төмендейді. Илеу шекарасын Wи тәжірибе жолдарымен дымқыл шамасымен анықтайды, яғни дымқылданған топырақ 3 мм қалдықпен иленетін зат ұсақтала бастайды.
Ағын шекарасымен иілгіштік шекара айырмасын (Wа - Wи) иілгіштік саны деп атайды.
Осы сан көбейсе, дымқылдық аралығы да көбейеді, шегіне жеткенде топырақ иілгіштік консистенциясына ие болады.
Иілгіштік саны топырақтағы жұқа дисперсті фракцияның бар болуымен және оның құрамына кіретін топырақ бөлшектерінің сипатымен байланысты. Иілгіштік сатымен топырақтың физикалық - механикалық сипатын жорамалдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |