Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ)


Тапсырма: презентация әзірлеу Әдістемелік нұсқау



бет6/23
Дата13.12.2021
өлшемі23,46 Kb.
#125987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
О?ытушыны? жетекшілігімен ж?ргізілетін студентті? ?зіндік ж?мысы

Тапсырма: презентация әзірлеу

Әдістемелік нұсқау: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. Осы заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды.  Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығы, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты.  Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекеттің Конституциясының негізі болып табылады. Студенттер осы құжаттың баптарына түсінік бере отырып презентация әзірлейді. Презентация белгілі бір тақырыпты, мәселені слайд түрінде көпшілікке ұсына отырып, қорғайды.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.

2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.

3. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.

5. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002.



7. ҚР-ның қабылдаған мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты, барысы және нәтижелері: «Болашақ», «Мәдени мұра», «Нұрлы көш», «Қолжетімді баспана», «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту», «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы», «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бағдарламалардың біріне презентация дайындау.

Тапсырма: Студенттің таңдауы бойынша ұсынылған бағдарламалардың біріне презентация дайындау, қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет