Ашық ойлар минутасы. Алдын ала проблема жарияланады. Оқушылар берліген мәселе бойынша өз дәйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.
Жобалау әдісі оны немесе проблмалар әдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік бағыттағы философия және білім беру саласында туындаған. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже. Жобалау әдісінің негізі мына идея – ол «жоба» ұғымының мәнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық және практикалық мәнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нәтижеге жетумен көрсетіледі. Оған қол жеткізу үшін балаларды мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу және шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нәтижелерін болжау қабілеті, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау әдісі әрдайым оқушылардың өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны студенттер белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.
Жобалау әдісі педагогикалық технология ретінде – бұл мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді әдістердің жиынтығы.
Жобалау әдісін қолдануға қойылатын талаптар:
Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мәнді проблеманың/міндеттің болуы (мысалы, бір проблема бойынша әр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау)..
Мүмкін болатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні (мысалы, газета, альмана шығару)
Студенттердің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.
Жобаның мазмұндық бөлімін құру.
Зерттеу әдістерін қолдану.
Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс: видеофильм, альбом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад және т.б.)
Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат көздері және ақпаратты өңдеу – нәтиже – презентация
Жобалауды құру:
Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.
Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу әдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.
Студенттердің өз бетімен жұмысы.
Әрдайым зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.
Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.
Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар.
Жобаға берілетін сыртқы бағаның параметрлері:
проблеманың мәнділігі және өзектілігі;
қолданылатын зерттеу және мәліметтерді өңдеу әдістерінің дұрыстығы;
жобаға әрбір қатысушының белсенділігі;
қабылданған шешімдердің ұжымдық сипаты;
жобаға қатысушылардың қарым-қатынас және өзара көмекке келу сипаты;
проблеманы зерттеудің тереңдігі және жан-жақтылығы;
шешімдердің дәлелділігі және дәйектілігі, қорытындылар;
орындалған жобаның нәтижесін рәсімдеу эстетикасы;
оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы және дәйектілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |