Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 30 сағат



бет47/78
Дата05.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#23202
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78
Жоба:
Пән:
Топ:
Жобаның сипаты:
Ғылымдар тараулары:
Жобаның типі:
Жобаның мақсаты:
Жобаның міндеттері:
Жоспарланған нәтиже:
Оқу мақсаты:
Материалдар:
Жұмыс уақыты:
Топ типі:
Рольдер:
Жобамен жұмыс:
Оқу-тәрбиелік міндеттер:
Өзара көмек:
Жеке жауапкершілік:
Жетістік көрсеткіші:
Күтілетін іс-әрекет:
Эвристикалық әңгіме Сократ заманынан келе жаткан әдіс.
Эвристика грек тілінде «таптым» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс оқыту саласына ежелгі гректердің сократтық әңгіме үлгісінен енген. Эвристикалық әңгіменің психологиялық табигатына тоқталсақ, аталмыш әдіс мәселенің жауабын ұжымдық іздеу, талқыга кеп саяды. Сондықтан да бұл әдіс педагогикада проблемалық оқыту деп аталып жүр. Эвристикалық әңгіме тақырыптың 6ip элементін қазық етсе, проблемалық окыту әдісі тұтас 6ip проблемалық ситуацияларын жекелей арқау етеді. Бұл әрине айырықша айырмашылық емес. Психологиядағы эвристикалық әңгіме әдісі бойынша да ой өрбіту арқылы да тұтас 6ip ауқымды тақырып шегіне дейін баруға болады.
Дискуссия ішкі белсенділікті арттыру арқылы, оқыту әдістерінің 6ipi ретінде тек соңғы жылдары ғана қолданысқа енген еді
Дискуссия - әңгіме барысында туындаған әр алуан пікірлердің қаркынды таласын тудыратын тілдік әрекеттің диалогты сипаты. Дискуссия- пікірді жай баяндау емес, өз пікіріңді түрлі дәлелдермен, көрсеткіштермен дәлелдеу, қорғау. Л.С.Выготский көрсеткендей, дискуссия- пікірлер қақтығысы, 6ip мәселенің бірнеше дұрыс жауаптарын немесе керісінше, сұрыптайтын, саралайтын тиімді тәсіл.
Дөңгелек үстел әдісі педагогика ғылымында саяси және ғылыми саладан ауыскан. Дөңгелек үстел әр түрлі саяси немесе ғылыми бағыттарды сараптау үшін жіргізіледі. Дөңгелек үстел көп пікірлердің бip арнаға тоғысуын қамтамасыз етуүшін жүзеге асырылады.Дөңгелек үстел әдісі белгілі бір теориялық тақырыпты әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастыру жолымен меңгерту мақсатында әр түрлі мамандық иелерінің қатысуымен жүргізіледі.
Дөңгелек үстел әдісі өзге де сипатта қолданылады. Мысалы, студенттердің оку-ғылыми конференциясында студент-психолог, студент-педагог, студент- әлеуметтанушыларының кездесуі ретінде дөңгелек үстел ұйымдастыруға болады. Бастысы психологиямен қатар өзге ғылыми салаларда кеңінен талдауға болатын негізгі тақырыпты белгілеу. Дөңгелек үстелде әркім өзінің алдын-ала оқып дайындағанын баяндап қана қоймай, тақырыптың өзектілігін, қоғам қажеттілігін қамтуға керек, тандалған тақырыпты катысушылар өздерінің зерттеу тұрғысынан аса білулері қажет. Дөңгелек үстелде әркім өзін толғандырған тақырып бойынша өз білгендерін өзгелердің танымын толықтырып, бір көзқараста ымыраға келуі керек. Егер әр қатысушы өз тұжырымын ғана баяндаумен шектелсе, консенсус туындамайды. Яғни, тақырып мәні ашылып, пікірлер тоғыспайды. Дөңгелек үстелдің мақсаты сол жоғарыда айтқандай ақиқат топ болып іздеу. Егер дөңгелек үстел жанды пікір таластар арқылы бір көзқарасқа тоғыспаса, онда дөңгелек үстел мвқсатының жүзеге аспағаны. - Дөңгелек стол. Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет