Тақырып: Егеменді Қазақстандағы педагогика және мектеп. Дәрістің мазмұны: Білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
Жалпы орта білім беру.
Жоғары кәсіптік білім беру.
Жоғары оқу орынан кейінгі кәсіптік білім.
Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен білім беру үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізілуде. Республиканың жоғары оқу орындарына енгізіліп жатқан түрлі өзгерістер мен эксперименттер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді.