Тақырып: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагогиалық теорияның дамуының негізгі мәселелері. Дәрістің мазмұны: Г.А.Умановтың педагогикалық ойлары
А.П.Сейтешовтың педагогикалық мұрасы
Григорий Абрамович Уманов - Абай атындағы қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.
Григорий Абрамович - Әл-Фараби атындағы қазақтың Ұлттық университетінің тарих факультетінің түлегі. Университетті 1954 жылы бітірген Григорий Абрамович еңбек жолын Алматы медицина училищесін де тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуден бастайды. Кейіннен Алматы қаласындағы еңбек колониялары мектептерінде ұстаздық қызымет атқарады, кейін сол мектепте директоры болып жұмыс істейді.
Григорий Абрамович Уманов сол кездің өзінде «қиын" балаларды төрбиелеудің ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Бұл зерттеу жұмыстарының негізінде 60-жылдардың бас кезінде "СССР-де кәмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептері" атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты.
Г.А. Уманов 1975 жылдан бастап, Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Оның кафедраға келуімен кафедра қызметкерлерінің ғылыми мүмкіншіліктері мен іскерлік диапазоны ұлғая түсті.
Г.А. Уманов педагогика кафедрасын 22 жыл басқарды. Педагогика кафедрасында оның іскерлік-кәсіби сапаларымен қатар, ұйымдастырушылық қабілеті мен ғалым ретінде қасиеттері қалыптасты. Кафедраны басқаруда ол профессор Р.Г.Лембергтің және доцент Джумагазиевна Райхан Иржанованың дәстүрін одан әрі жалғастырды.
Кафедраны басқарған кезінде Григорий Абрамович кафедра мүшелерімен бірлікке біршама жаңашылдық істерді іске асырды. Сондай жаңашылдық істердің қатарына 1988 жылы қала мектептерінің базасында ғылыми-оқу-әдістемелік кешендерді құру идеясын жатқызуға'болады. Ғылыми - оқу-әдістемелік кешендердің базасында студенттердің тәжірибесі іске асыруды, аспирантардың, мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кафедра оқытушьларының зерттеу нәтижелері сынақтан өткізілді. Мектептің педагогикалық ұжымымен байланыстың екіжақты пайдасы болды. Ол – бірнеше ғьлыми еңбектердің авторы. Атап айтқаңда, "Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мәселелерін (1968), "Кәсіптік-техникалық училищедегі тәрбие жұмысының жүйесі" (1969) атты монографиялары жарық көрді.
1970 жылы Г.А. Уманов "Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
Г.А.Уманов - Қазақстанда ғана белгілі Ғылым емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де танымал. Ол республикада педагогика ғылымын дамытуда ерекше еңбек сіңірді. Көп жылдар кандидаттық жөне докторлық кеңестердің төрағасы және мүшесі болды. Г.А.Уманов аспиранттардың, ізденушілердің кандидаттық және докторлық диссертацияларына ғьшыми жетекшілік етті.
Григорий Абрамовичтің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарына Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім берудің қалыптасу және даму тенденциясының тарихы, шет елдерде білім берудің жөне педагогикалық кадрларды даярлаудың даму тарихы, орта жөне жоғары мектеп дидактикасының ғылыми негіздері, сонымен қатар "қиын" жасөспірімдерді тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі жатады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері Григорий Абрамовичтің жарық көрген 116 еңбегінде көрініс тапты.
Григорий Абрамович Уманов халықаралық деңгейде таяу шетелдермен қатар, алыс шетелдермен ғылыми-педагогикалық байланысы бар.
Педагогика ғьлымын дамытудағы ерекше еңбегі және белсенді шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысы үшін Григорий Абрамович "Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі", "СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгілерімен, Н.К.Крупская және Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдармен жөне "Қазақ ССР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер" құрметті атағымен мараптталды.