Халел Досмұхамедұлының педагогикалық көзқарастары (1983-1939) Қазан төңкерісіне дейін оқыған, білімді қазақ зиялыларының қатарынан шыққан әмбебап ғалым-педагог, әрі дәрігер Халел Досмұхамедұлын ерекше атауға болады. Ол — Ресейдің сол кездегі ең ірі ғылым мен мәдениетінің орталығы Петербургтің әскери медициналық академиясын алтын алқамен үздік бітірген халқымыздың санаулы перзеттерінің бірі.
Қазақстанның өзінің жоғары оқу орындарының болмауы, арнаулы білім беретін мектептердің аздығы педагогикалық кадрларды даярлауды шешуде айтарлықтай қиындықтар туғызды. Қазақ ішінде сол жылдары педагогикалық жоғары оқу орындарын ұйымдастыруда ешқандай да мәдени және материалдық жағдай жоқ еді. Шамасы келгендер ғана жоғары оқу орындарына бара алатын.
Міне, осындай қиын кезде Қазақ Республикасына жоғары оқу орнын ашу ауадай қажет болды. Сондықтан да республика үкіметі алдына жоғары педагогикалық оқу орнын ашу туралы мәселе алғаш қойылғаннан бастап Досмұхамедұлы осы мәселенің басы-қасында больп, оны ұйымдастыруда орасан зор еңбек сінірді. Жоғары оқу орны республика астанасында ашылуы қажет еді. Алайда оқу үйінің болмауы мен маман ғылыми қызметкерлердің жетіспегендігінен, Қазақстанға жақын орналасқан сол кездегі ірі мәдени орталық Ташкенг қаласында уақытша ашуға тура келді.
1926 жьлдың 15 тамызынан бастап Ташкент қаласында "Қазақтың жоғары педагогикалық институты" (Казпедвуз) деген атпен ашылып, жұмыс жасауға кіріскен болатынды. Енді бұл педагогикалық институтының оқу жоспарын жасау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына Ташкент қаласындағы белгілі әдіскерлер мен профессор ғалымдар шақырылды. Х.Досмұхамедұлы, профессор Н.А.Димо, профессор А.Э.Шмидт, профессор В.И.Романовский, профессор Н.Н.Фиолетов, доцент Д.М.Барбаткин, профессор Н.Л.Лаппо-Данилевский және басқалар болды.
Халел жетекшілігімен жұмыс істеген комиссия Ташкенттегі Қазақтың жоғары педагогикалық институтының оқу жоспарының жобасын жасағанда РСФСР педагогикалык институтынан өзгеше жасалынды. Мұндағы басты қағида пәндер бағдарламаларында жергілікті ұлтгық ерекшеліктерді ескеру.
Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Әсіресе, оның I және II сатыдағы мектептерге арналған "Әлі табиғат" оқулығы (1921 жыл); "Зоология" I бөлім; омыртқалық II сатыдағы мектептерге арналған (1922 ж); "Зоология" I бөлім; омырталық II сатыдағы меткептерге арналған (1922 ж); "Зоология", III белім (1926 ж); "Оқушылар гигиенасы" (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен қатар "Қырғыз тіліндегі сингармонизм" (1923 ж), "Аламан" атты халық әдебиетінің жинағы (1926 ж) шықты.
Бұл ғылыми еңбектері негізінен медицина мен биология, қазақ тарихы мен мәдениеті, тілі мен әдебиеті, фольклористика мен этнография саласында жазылған. Сондықтан да бұл еңбектер әр салада жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Ташкентте Орта Азия университетінде, Қазақтың халық ағарту институтында студенттерге дәріс беріп, үлкен тәжірибе мектебінен өтті. 1927 жылдан бастап халық ағарту институтының негізінде Қазақтың мемлекеттік университетін ашуға дайындық жұмысы жүргізілді. Болашақ университеттің оку жоспары мен бағдарламасын, университетті ұйымдастыру жұмысының ұсынысын жасау жөнінде құрылған арнаулы комиссияның төрағасы болып Х.Досмұхамедұлы тағайындалды да, мүшелеріне Ташкештегі қазақ педагогикалық институтының оқу-ғылым бөлімінің меңгерушісі М.И.Слонима, профессор Наславский және ассистент Әлімхан Ермеков енгізілді.
Архив материалдары дәлелдегендей, Халелдің қоғамдық, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық тұрғыдан жемісті еңбек еткен жылдарына Ташкенттегі кезеңі жатады. Бұл кезеңде ол өзінің дәрігерлік мамандығы бойынша әр түрлі емдеу мекемелерінде, жоғары оқу орындарында, Түркістан республикасының Денсаулық сақтау халық комиссариаты мен халық ағарту комиссариатының жауапты жұмыстарында ерен еңбегімен танылды.
Атап айтқанда, 1920 жылдың 28 маусымынан сол жылдың шілдесіне дейін Ташкент қаласындағы емдеудің физикалық әдістері институтының ординаторы қызметінде, 1921 жылға дейін Орта Азия университетінің хирургиялық клиникасының ординаторы қызметі бойынша жұмыс істеді. Түркістан республикасы Денсаулық сақтау халық комиссариатының коллегия мүшесі болып 1924 жылға дейін Орта Азия республикасының ұлттық-территориялық жағынан бөлінгенге дейін еңбек етті. Сол кездің өзінде ол Түркістан республикасында қазақ зиялыларының бірі болды.
Ол 1920 жылдан бастап белгілі ғалым, қоғам қайраткері, әрі ағартушы-педагог, әрі дәрігер ретінде танымал Ташкенттегі Қазақтың халық ағарту институтында (бұрынғы Казинпрос) санитарлық дәрігер және оқытушылық қызметті қатар атқарады. Сонымен бірге осы негізгі жұмыстарын атқара жүріп, Түркістан республикасы халық ағарту комиссариатының жанындағы Қазақ ғылыми комиссиясының төрағасы, Түркістан халық ағарту комиссариаты жанындағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің (ГУС) төрағасы болып 1923 жылдың 15 қыркүйегінен 1924 жылдың 1 маусымына дейін жұмыс атқарды.
Қазақ мемлекеттік баспасының шығыс бөлімін басқарды, Қазақтың мемлекеттік баспасы меңгерушісінің орынбасары сияқты бірнеше жауапты қызметтерді атқара жүріп ғылыми-педагогикалық, әдеби, тарихи-этнографиялық еңбектерін жазды. Әсіресе, бұл кезеңде бірнеше мектеп оқулықтарын жазуға өзі белсене араласумен бірге қазақтың белгілі ғылым қайраткерлерін А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтың, М.Дулатовтың т.б. оқулықтарының жарық көруіне мүмкіншілік жасады.
Жан-жақты ғалым, педагог, қоғам қайраткері ретінде Халел Досмұхамедұлы — халқымыздың тарихи мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған бірқатар перзенттерінің бірі. Күні бүгінге дейін кейінгі ұрпақ оны "Алашорданың" көрнекті қайраткерлерінің бірі ретінде ғана танып, оның ғылыми-ағартушылық, педагогикалық мұрасы туралы білмей келді. Кезінде жеке адамға табыну мен заңсыздықтың құрбаны болған Х.Досмұхамедұлы аз өмірінің ішінде артына орасан зор сарқылмас мұра қалдырды.
1994 жылы 23 мамырдағы Министрлер Кабинетінің шешімімен Атырау университетіне ғұлама ғалымның есімінің берілуі Атырау облысы жұртшылығының мәдени өмірінде ерекше оқиға болып табылады.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Халелді тануда және оның ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеуде және насихаттауда біршама жұмыстар атқарылды.
2002 жылдан бастап, I курс студенттеріне арнап, "Халелтану" курсын университеттің барлық мамандықтарының оқу жоспарына университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен енгізілді.
Бірінші республикалық Досмұхамедов оқуларының ұсыныстарының негізінде университетте жалпы және халықтық педагогика кафедрасының жанынан «Халелтану" ғылыми-педагогикалық зерттеулер зертханасы ашылды. Зертхана биылғы оқу жылынан бастап, ғылыми-педагогикалық зерттеушілер ортасына айналды. Х.Досмұхамедовтың тағылымдық мұрасын болашақ мамандар даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану және университеттің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жоспарлануда.
Халқымыздың біртуар алып тұлғаларының бірі, жан-жақты ғұлама ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері X. Досмұхаметов аз ғұмырының ішінде өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра қалдырды.
№ 24 дәріс