Тақырып: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ой-пікірлер. Дәрістің мазмұны: Мұсылмандық мектептерді реформалау.
Жаңа әдістік мектептер мен медреселер.
Ш.Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсаринның көзқарастарындағы білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер.
Қарастырып отырған кезеңде қазақ жері Ресейге толық қосылып болғандығын білеміз. Патша өкіметінің отарлау саясатының жағымсыз жақтарымен қатар оның өмірлік мәні орасан зор болды. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының мәдениетінің дамуына орыс мәдениетінің прогрессивтік ықпалының күшеюіне көмектесті. XIX ғасырдың орта кезінде Ресейдің өзінде ерекше әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болғандығы белгілі.
XIX ғасырдың 60-жылдары Ресей тарихында сословиелік крепостниктік тәрбие жүйесіне қарсы бағытталған педагогикалық ой-пікірдің жетістіктері кезеңі болып табылады. 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс Ресейді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің педагогикалық ой-пікіріне ерекше ықпал етті.
Қазақстанда XIX ғасырдың екінші жартысында әртүрлі типтегі орыс-қазақ мектептері ашыла бастады. Орынбор орыс-қазақ мектебі қазақ балаларына арналып, 1850 жылы
22 тамызда салтанатты түрде ашылды. Мектепке 50 бала қабылданды. Ерекше атап өту керек, сол кездегі оқу орындарына тән мектепте белгілі тәртіп орнатылды, атап айтқанда: оқу жылының ұзақтығы белгіленді, оқу мерзімі 7 жыл, мектепке оқушыларды қабылдау (әрбір 2 жылда), жазғы демалыс уақыты (15 маусымнан 15 тамызға дейін); сабақтартардың кестесі және тәрбиеленушілердің демалысы енгізді, емтихандардың ережелері жасалды.
Орынбордағы қазақ мектебінің одан әрі жұмысына сонымен қатар Қазақстанда орыс білімін таратуда патша өкіметінің әкімшіілігінде, ресми басқару орыңдарында істейтін көрнекті орыс ғалымдары ерекше әсер етті.
М.В.Ладыженскийден кейін Орынбор шекара комиссиясының төрағасы орыстың белгілі шығыстанушы, шығыс тілдерін жетік білетін маман Василий Васильевич Григорьев (1816-1881) тағайындалды, бұл жұмыста ол 1854 жылдан 1859 жылға дейін қызмет атқарды.
Орынборда В.В.Григорьев әкімшілік қызметпен қатар ғылыми жұмыспен айналысты, ол Орынбор өлкесі қазақтарының тарихы мен мәдениетін зерттеді. Орынбор шекара комиссиясының төрағасы лауазымында жұмыс істей жүріп, Қазақстанда отарлау саясатын қазақтардың тұрмысы мен салтының және қоғамдық қатынастарының ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізу қажет деп есептеді. Орынбор мектебі кең байтақ қазақ даласы үшін, тіптен бала саны аз оқу орны болды. Өзінің 19 жыл өтсе де бар болғаны 48 адам бітірген екен.
Сонымен, қазақ балалары үшін ашылған бұл мектеп жабылып қалды. Елдегі қоғамдық педагогикалық қозғалыстан сескенген халыққа білім беру министрлігі барлық типтегі мектептерді бірыңғай мемлекеттік мектеп жүйесіне бағыңдырды.
Ақмола, Семей облыстары қазақтарының балалары үшін Омбы қаласында орыс мектебі ашылды. Мектептің құрылымы мен ішкі мазмұны Орынбор мектебіндей болды. Мектеп негізінен төменгі басқару аппараты үшін қазақтардың арасынан кадрлар даярлау мақсатыда ашылды.
Омбы мектебі оқушылардың аздығына қарамастан, Ақмола, Семей облыстарының қазақтарының арасында орыс білімін таратуда жағымды рөл атқарды.
1865 жылы 1 қыркүйекте Троицк қаласында бастауыш мектептің салтанатты ашылуы болды. Сонымен, Қазақстанда бастауыш орыс-қазақ мектебі ұйымдастыруда алғашқы қадам жасалды. Торғай қаласында Ыбырай Алтынсариннің ұйымдастырған орыс-қазақ бастауыш мектебінің жұмысын ерекше атауға болады. Бұл мектеп 1864 жылы қаңтарда ашылып, бұл оқиға жас мұғалімнің өмірінде ерекше із қалдырды.
Алтынсарин 1864 жылы 10 наурызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында: "Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен арманым іске асып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім"1.
Мәселен, Ішкі Бөкей Ордасында мектеп жүйесі ұзақ мерзім Астрахан губерниясы училищелерінің директоры қарамағында болып келді, онда мектептердің негізгі түрлері екі жылдық орыс-қазақ және біржылдық үкіметтік, сонымен қатар старшин мектептері болды.
Торғай және Орал облыстарында (Орынбор губерниясына кірді) мектептердің негізгі түрлері екі жылдық уездік, біржылдық болыстық, орыс-қазақ және ауыл мектептері ашылды. Сырдария және Жетісу облыстарында (Түркістан генерал-губернаторының құрамына кірді) орыс түзем мектептері жұмыс істеді.
Сонымен, XIX ғасырдың II жартысында ашылған жаңа типті орыс-қазақ мектептері патша өкіметінің пікірінше, отарлау саясатын жүргізу мақсатына сәйкес келетін бірден-бір оқу орны болатынды.
3. Қазақ халкының мәдинеті мен әдебиетін жан -жақты зерттеп, ұлттық ағарту ісінің негіздеріне ғылыми еңбектерімен үлес қосқан дарынды ғалым, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұниден соң жеті ғасырдан кейінгі қазақтың XIX ғасырдағы тұнғыш ғалым. Шығыстану ғылымына елеулі үлес қосқаны үшін Шоқан 22 жасында орыс География қоғамының толық мүшесі болды.
Данышпан ғалым қазақ халқының жаттап алу кабілетін, шешендігін жоғары бағалады да, сондай кабілеті бар халыққа сауаттылық пен ғылым үйренудің қажет екенін дәлелдеп берді.
Данышпан ғалым қазақ даласындағы тәлім тәрбиенің басты құралы — жыр (өлең, терме, тақпақ, т.б.) деп, жырдың түрлеріне (жоқтау, қайым иесі, кара өлең, терме, эпостык, жырлар, ғашықтық жырлар) талдау жасап, олардың дүниетанымдык, тәрбиелік мәнін жоғары бағалады.
Ыбырай Алтынсарин ағартушы, педагог, ақын-жазушы. Ол тоғыз жасында мектепке барып, В. Григорьевтен сабақ алған. Мектепте зейінді, терең ойлы, әр нәрсені өзінше топшылайтын шәкірт болған. Оны 1857 жылы бітірді.
Ыбырай халық ағарту жұмысын тандап, Торғай қаласында бастауыш мектептің мұғалімі болады. Оның ағартушылық-педагогикалық қызметі 1860 жылдан басталады. Ол 1864 жылы мектеп ашты. Ыбырайдан білім алған балалар үш ай ішінде хат таныған. Ы. Алтынсарин өзінін оқу-тәрбие жұмысына Я.А. Коменскийдің, К.Д- Ушинскийдің гуманистік идеяларын енгізді. Сынып-сабақтық жүйе үшін күресті.
Балаларды оқыту мен тәрбие ісінде мұғалімдердің ролін жоғары бағалады. "Халық мүдделері үшін ең керектісі - оқытушы. Тамаша жақсы педагогика кұралдары да, әбден мұқият жүргізілген инспектор бақылауы да окытушыға тең келе алмайды"- деп мұғалімдердің беделін көтерді. Өзі ашқан мектептерде алғашқы сабақты өзі беріп, жылдык, қорытынды емтиханды өзі алып, өзімен бірге өзгеге де қатаң талап қоя білген.
Ы.Алтынсарин мектептерге арнап орыс әрпімен оқулықтар жазды, "қазақ хрестоматиясы", "қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылык" деген кітаптардың шығуы қазақ халқы мәдениеті тарихында аса зор оқиға болды. Хрестоматияға білімнін әр саласынан оқу материалдары енді. Оған "Бір уыс мақта" «әңгімесі, "Дүние қалай етсең табылады" өлеңі т.б. енгізілді. Хрестоматияда техника туралы (телеграф, корабль, поезд, темір жол) білімдер болды.
Ыбырай халықтык дәстүр, аңыз-әңгіме, мақал- мәтел арқылы оқыту мен тәрбиелеуге ерекше назар аударды. Оны хрестоматияға баланы елжандылыққа,төзімділікке тәрбиелейтін халықтық білімдерді енгізгенінен көруге болады.
№ 22 дәріс