Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуы



бет56/116
Дата05.02.2022
өлшемі2,88 Mb.
#14421
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116
Тақырып: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуы.
Дәрістің мазмұны:

  1. Ж.Аймауытовтың педагогикалық көзқарастары

  2. Х.Досмұхамедұлының педагогикалық көзқарастары

Ж.Аймауытов – ақын, ағартушы ұстаз, драматург, сыншы, публицист, аудармашы. Өзінің қоғамдық саяси, ғылыми педагогикалық еңбегімен тарихымызда өшпес мұра қалдырған, патшаның отарлау саясатына қарсы күресте бүкіл өмірін қазақ халқының ұлттық мүдделеріне арнаған, сол үшін жазықсыз жапа шегіп, құрбан болған қоғамдық қайраткер, әнші, добырашы, сегіз қырлы бір сырлы, тума талант, педагогика, психология ғылымының тұңғыш ғалымы.
Жас буынның жақсы білім алып, дұрыс тәрбиеленіп өсіп-өнуін, адам болуын арман еткен Жүсіпбектің оқу-ағарту саласында қалдырған мұрасы бай. Жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуді, олардың ғылымының әр саласыңда жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер мен оқу құралдарын жазды. Бұған 1924 жылы жарық көрген "Тәрбиеге жетекші", 1926 жылы "Психология", 1926 жылы "Жан жүйесі және өнер таңдау" атты елеулі кітаптары дәлел бола алады. Бұл еңбектері педагогика мен психология әдіснамасы тұрғысынан әлсіз көрінсе де, өз дәуірі үшін аса пайдалы болды. Қазақ жастарына осы ғылымдар негізінде алғашқы мәлімет берді, ғылыми терминдердің шығуына негіз болды.
Қазақ мектептерінде оқыту жүйесінің қазақ тілінде жазылған ең алғашқы құралының бірі — 1929 жылы «Қазақ" баспасынан жарық көрген "Комплекспен оқыту жолдары" атты еңбегі. Өзі айтқандай, "мұғалімдерге, қайталама курстарға, тербие техникумдарына көмекші құрал" ретінде жазылған еңбекті Жүсіпбектің қазақ этнопедагогикасына қосқан игі үлесі деп тану керек. Олай дейтін себебіміз, сол уақыттарда кеңестік идеологияның әлі де қалыптасып үлгермеген білім беру жүйесіне, оқыту әдістеріне үлгі боларлық бұл дүние, шындығында, қазақтың ұлттық мектептерінің зор мұқтаждығынан туған еді.
Жүсіпбек Аймауытов бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Қызылтау болысының бірінші ауылында 1889 жылы дүниеге келеді. Бес-алты жасьнан бастап ауыл медресесінде оқып, одан соң екі кластық (4 жылдық) орыс-қазақ училищесінде оқиды. Училищені жақсы оқып бітіргеннен кейін, Жүсіпбек Семей қаласына келеді.
Ақьндық қуаты ерте дамыған Жүсіпбек он жасында өлең жаза бастаған. Алғашқы бір шығармасы 1913 жылы «Қазақ" газетінде жарияланады. Семинарияда оқып жүрген жылдары жазған мақала, әңгіме жөне өлеңдері осы кезде Семейде шығып тұратын "Сарыарқа" газетінде (1917) "Абай" журналында жарияланады. 1916-1917 жылдары үш-төрт пьеса да жазады. Осы пьесалары кейінірек жарық көреді.
1917 жылы Семейде оқушы жастардың кеші болып, Жүсіпбектің "Ескі тәртіппен бала оқыту" деген комедиясы мен "Рабиға" атты драмасы қойылды. Онда басты рольдерде жас Мұхтар Әуезов пен Әміре Қашаубаев ойнаған екен. Мүндай орта Ж.Аймауытовтың қабырғалы қаламгер ретінде қалыптасып, өсуіне игі әсерін тигізсе керек.
Сөйтіп Жүсіпбек 1914 жылдан бастап 1919 жылға дейін Семей мұғалімдер семинариясына оқушы-семинарист болды. Ақпан буржуазиялық революциясьшың мәнін жете түсінбей, албырт көңілімен қабылдаған жас жазушы 1917-19 жылдары Алаш партиясында болды. Қатесін дер кезінде сезіне білген қаламгер көп ұзамай Кеңес өкіметі жағына өтіп, өзінің белсенді қоғамдық-саяси, өдеби шығармашылық және жемісті педагогикалық қызметін бастайды.
Жүсіпбек Аймауытов — бүкіл бітім табиғатымен, бар қабілетімен ерекше ұстаздығын аңғартқан педагог, жазушы. Ол жастайынан ескіше білім алып, молдалық еткен. 1908-10 жылдары бай-манап, байларға жалданып бала оқытқан. Ол Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқып жүргенде де жазғы демалыс айларында елге келіп ұстаздық етеді.
1920 жылы Ж.Аймауытов Қазақстанның үкімет құрамына еніп, Орынборға шақыртылады.
Оқу-ағарту халық комиссары Ахмет Байтұрсыновтың орынбасары болып жұмыс жасайды.
Жүсіпбек жауапты қызмет ете жүріп, жазу жұмысынан бір сәтте қол үзбеген. Жазушы, журналист, публицист ретінде түрлі тақырыпта жазғандары "Қазақ тілі" газетінде жарияланып тұрған. Семейде Кеңес өкіметі орнай сала 1919 жылдың желтоқсанның 15-нен бастап шыға бастаған тұңғыш Кеңес газетін ұйымдастыруға ат салысқандардың бірі. Сол газеттің, "Қазақ тілінің" алғашқы редакторының бірі де — Ж.Аймауытов. Ол оқу-ағарту, мәдени-тәрбие жұмысының қабілетті ұйымдастырушысы, терең білімді, мәдениетті, өнерлі, өнегелі, мәдениет қайраткері болған.
Оқуы мен қызмет бабына байланысты 1914 жылдан бастап, он жылдай Семейде болған кезінде Жүсіпбектің жақсы қарым-қатынас жасаған достарының қатарында жоғары аттары аталғандардан басқа Шәкәрім, Кекпай, Жұмат Шанин, Майра, Әміре сияқты әдебиет, өнер қайраткерлері бар.
Ол 1922-23 жылдары Қарқаралы мектептерінде үлгілі мұғалім ретінде танылады. 1924 жылы Ташкентке келіп, қазақ халық ағарту институтында дәріс береді. Келесі жылы Орынбордағы Қазақстан Атқару Комитеті атындағы әскери қызметкерлер дайындайтын мектепте сабақ береді. 1927-28 жылдары Шымкент педтехникумында қызмет атқарады.
Жалпы Жүсіпбек Аймауытов қаламгерлік соқпағын көсем сөзден бастайды. Оның бүл жоддағы шығармашылығы ұлт баспа сөзінің туу, қалыптасу кезеңдерімен тығыз байланысты. Өзінің алғашқы мақаласы турасында: "Ең алғаш басылған сезім, 1913 жылы болса керек, бір ақымақ алып сатардың болыс болам деп, елге месте шай апарып, елдің қулары болыс қоямыз деп, шайларын алдап алып, бос қайтқанын жазып едім, бұл хабар "Қазақ" газетінде басылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен себеп болды",-дейді С.Садуақасовтың анкетасына жауабында. Осыған қарап жас Жүсіпбек ұлт бостандығы үшін басын бәйгеге тіккен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды қайраткерлердің ісін ілгерілетуде азаматтығын танытты деуге толық негіз бар.
Ж.Аймауытов көсемсөз шебері ретінде жалаң үгіт, жалағай ұраннан бойын аулақ ұстады. Сондықтан да оның көсемсөздік шығармаларында салиқалылық, біліктілік анық байқалады. Ол "Абай" журналыңда "Сарыарқа", "Қазақтілі", "Ақ жол", "Еңбекші қазақ" газеттерінде қызмет жасаған. 20-жылдары ол атсалыспаған қазақ басылымы кем десек, артық айтқандық болмайды. "Жас қазақ", "Әйел теңдігі", "Жаңамектеп", "Сана", "Лениншілжас", "Жаңа әдебиет" журналының қаз-қаз басуына да Ж.Аймауытов қал-қадірінше еңбек сіңірді. 1923 жылы Мәскеуден шыққан "Темірқазық" журналы өзінің келешек авторларын жазғанда Ж.Аймауытов есімін де үлкен құрметпен атап өткен екен.
Жүсіпбектің мақалаларында 20-жылдардың ең көкейтесті мәселесін көтере білген. Айтарлық, көркем өнер, тіл, әдебиет, мектеп ісі, денсаулық жөніндегі көркем сөзді жазушының бұл мәселелерді тереңінен қозғағандығын, ұлттық үшін жанын ауырта білгендігін көрсетеді.
Ел басына қалың қасіретті ауыр күн туған кезде, Ж.Аймауытовтың адамгершілік мінезін, адал азаматтық қызметін теріске шығарып, Ишанов секілді әзімшіл, күншілдер қасақана жала жабады. Олар Аймауытовтың соңына жарық ала түседі. 1923 жылы басталған пәле-жала онан сайын асқындап, өрлей түседі. Ақыры Жүсіпбек тұтқынға алынып, 1926 жылы сотқа тартылады. Сот тергеуі үстінде жабылған жаланың беті ашылып, Аймауытов ақталып шығады.
1926 жылдан кейін Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы педтехникум директоры қызметін атқарып жүрген кезінде, енді саяси айып тағылып, 1929 жылы Ж.Аймауытов тағы да тұтқынға алынады. Абақтыға қамалып, тас қамал, тар қапасқа ауыр азап шегіп, тарыққан аяулы адам Аймауытовқа енді қайтып жарық дүниені көру нәсіп болмайды.
Жүсіпбек 1930 жылы Москваға апарылып, Бутырка түрмесіне қамалған екен. Бұл түрме сонау XIX ғасырдағы Александровский централдан кейінгі "Барса келместің" нағыз өзі. Оған бір кірген адам жарық дүниеге шығуы неғайбыл.
Архив деректеріне сүйенсек, жазушы отбасында бес жан бар. Алайда, олардың тағдырлары бізге беймәлім.
Ж.Аймауытовтың 1926 жылы жазған аса бағалы, төл туындысы - "Қартқожа" романы. Осы романды оқи отырып ерекше бір сезімге бөленесіз. XX ғасыр басындағы қазақ даласындағы аласапыран, адасу — Қартқожа бейнесінде, сол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет