Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуы



бет58/116
Дата05.02.2022
өлшемі2,88 Mb.
#14421
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116
Тақырып: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуы.
Дәрістің мазмұны:

  1. Қ.Бітібаева –ұлттық тіліміздің тәлімгері

  2. Н.Құлжанова мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі туралы.

1. Бітібаева Қанипа Өскемен қаласы Жамбыл атындағы мектеп интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Қ.Бітібайқызы әдебиетті өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы деп біледі. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу-тәрбие процесін жетілдіруде тың серпіні бар, шығармашылық тәжірибесі қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім. Бітібаева Қанипа әр сабағын оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін, таным белсенділігін дамыту негізінде өткізеді. Қ.Бітібаева оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігін, творчествосын дамытуды әрбір баланың пікіріне жауапкершілікпен қарауды оқу-тәрбие процесінің негізіне алады. Оқушылары ассистент, лаборант-оқушы, дублер-мұғалім ролін атқарады. Олар кабинет жабдықтыруға, көрнекелік жасауға, техникалық оқу құралдарды көрсетуде, жұптық, топтық жұмыстар кезінде зерттеу әдісіне негізделген тапсырмаларды орындауға, үй тапсырмаларын тексеруге, бағалауда, семинар, конференция, практикум, сынақ сабақтарда, реферат қорғау, пікір қорғау сабақтарында да, сабақ ішіндегі микросабақтарды өткізуге де көмектеседі.
Қ.Бітібаева-«қазіргі кезде мұғалімді шығармашылық адамы ретінде бағалап отырғанда мұғалімге барлық еркіндік, ізденіске жол ашылып тұрғанда енді тағы жоғары жаққа алақан жайып, дайын дүние күтіп тұрмыз деген дұрыс па? Жоқ дүниені өзіміз жасайық. Қайта дайын оқулықты жаттатқызудан, оқу бағдарламасына қатып қалған заңдай жалтақтай қараудан білімділік те, тәрбиелік те құны жоқ диафильм, таблицаларға табынудан қол үзіп өз еңбегімізге жол ашайық»,- деп әр мұғалімнің еңбегінде өз қолтанбасы болуға шақырады. Талапкер ұстаздардың еңбегіне ғылыми-педагогикалық талдау жасау арқылы озат тәжірбиені көпшіліктің игілігіне ұсыну қажет. Бірақ «Жаңашылдық» кезекті науқанға айналмауын ескертеді. Қ.Бітібаева оқыту процесінің баланың рухани жан дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасуы ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз.
Қанипа өзінің мол жұмыс тәжірибесін шэкірттерге қазақ тілі мен әдебиетінің білім, тәрбие беруден түйген пікірлерін,ортаға салып, республикалық жэне орталық басылымдарда мақалалар жариялап отырады. Мәселен: Қ.Бітібаеваның «Құттықтаймыз» (Қазақстан мектебі, №1, 1990), «Жаңашыл еңбекке ұмтылайық» (Қазақстан мектебі №12, 1989), «Оұушылар твочествосын дамыту» (Қазақстан мектебі №10, 1989), «Я сделала свою карьеру» (Беседу вел Л.Красновский, «Народное образование», №5, 1990 стр.32-38) т.б мақалалары оқушы қауымға кеңінен таныс,
Сонымен республикаларымыздың мектептерінде бүгінгі күн талабына сай мол тәжірбие жинақтаған, әдістемелік шеберліктерін үнемі жетілдіріп, өздерінің күнделікті еңбектерімен, шәкірттерін де, әріптестерін де дән риза етіп жатқан ұстаздарымыз халық мақтанышы.
Өзінің жаратылысынан педагогтік еңбек - нағыз шығармашылық еңбек, ғылыми-зерттеу жұмысына бейім, етене жақын. Сондықтан мамандығым-мақтанышым деп санайтын ұстаздар ондаған жылдар ішіндегі еңбектерінде құнды тәжірбие жинақтағандарына қарамастан, әр күнгі 45 минутта өткізілетін сабақтарына, сыныптан тыс жүмыстарына да жан-жақты дайындалады. Олар бүгінгі сабақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, өздігінен жұмыс жасауға ізденуге жетелейтін, жеке пәндерге құштарлығын туғызатын түрлі әдіс-тәсілдермен өткізілетін сабақ болуын әдістемелік, педагогикалық заңдылық деп есептейді.
Сонымен мұғалім – өзінің барлық болмысынмен, мамандығына деген ыстық ықыласымен, ұстаздық еңбегіне жан кештілігімен, балаға деген шынайы махаббатымен көрінетін ең үлгілі, өнегелі адам. Мүғалім – әрбір қоғамның тұтас ауқымына айналған қайта құру, революциялық жаңару процесінде оң өзгерістер, жаңаша ойлау, шығармашылық іс-қимыл арқылы танылатын басты түлға. Міне,Қ.Бітібаева осындай үлгілі ұстаз, танымал тұлға, қажырлы, қайтпас педагог.
2. Нәзипа Құлжанова қазіргі Торғай облысының, Жангелдин ауданының көшпелі қазақ жанұясында дүниеге келген. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындаөзінің тәлім-тәрбиелік ойларымен ерекше, қазақ әйелдерінің арасынан әлеумет өмірінде алғаш көрінген кісінің бірі - Нәзипа Құлжанова. Ол өткір журналист-публицист, педагог–тәлімгер, екі тілде де сауатты аудармашы, Шығыс еңбекші әйелдердің І-съезін ұйымдастырушылардың бірі, орыс жағрапия қоғамының Семей бөлімшесінің мүшесі еді.
Н.Құлжанованың белсенді араласуымен сонау 20-жылдардың өзінде-ақ мектепке дейінгі қазақ педагогика ғылымының іргетасы қалана бастады. 1924жылы Орынборда «Мектепке дейінгі педагогика: балаларды тәрбиелеу» атты педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді. Кейіннен «Әйел теңдігі» журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде қазақ балабақшаларының озат тәрбиешілері, онда жүргізіліп жатырған түрлі тәрбие жұмыстарының жай-жапсары, мақсат-міндеттері жайлы көптеген мақалалар жарық көрді. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған Н.Құлжанова осынау көшпелі Қазақ елінде бұрын соңды болып көрмеген бала тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды. Нәзипаның тәлім-тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен сабақтасып жатады. Бұл жайт автордың «Бала күтімі», «Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет», «Баланың аурулары» т.б. мақалаларынан жақсы байқалады.
Н.Құлжанованың ұстаздық тәлімгерлік тұлғасын таныта түсетін екі еңбегі бар. Оның алғашқысы 1923жылы Орынборда шыққан «Мектептен бұрынға тәрбие» атты еңбегі еді. Кеңес үкіметінің алғашұы кезеңдерінде жаңа қоғамның иегерін тәрбиелеудің қажетті міндеттері, мұны іске асыру жолдары әлде де болса айқындала қоймаған. Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізетін қоғамдық орындар мен әдістемелік құралдар жоқтың қасы еді. Н.Құлжанованың осынау тың жатқан істі өзіне зор міндет, басты проблема етіп көтеруі – оның асқан батылдығы да, бала тәрбиесінің сан-сапалы шараларын көрсете алатын біліктілер еді. Аталмыш еңбектерінде автор мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тарихын, олардың отандық және шетелдік үлгілерін сөз етумен бірге қоғамдық ортадан тәрбие алатын баланың жас ерекшелігіне орай, оның қоршаған ортасының ықпал-әсерінен туындайтын психологиялық өзгерістерді кеңінен баяндайды.
Н.Құлжанова ХХғасыр басындағы орыстың аса ірі ғалымдарының мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты көптеген еңбектерінің маңызды тұстарын бағдарда ұстап, қазақ қоғамындағы ағартушылық идеяларын, тәрбиенің ең бір түйінді саласын әліппелік дәрежесінде оқырманға ұсынған. Атам қазақтың көне заманнан бергі бала тәрбиесі мен аналық қасиетке қатысты ойларын ескере отырып, оқулық іспетті тағылымды еңбекті жазған.
25 дәріс

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет