Тақырып: Егеменді Қазақстандағы педагогика және мектеп.
Дәрістің мазмұны:
Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және олардың жіктелуі.
Тұлғаға бағдарланған технологиялар.
Мұғалімдер дайындаудағы, өзгермелі жағдайда үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесін дамыту мәселелерін анықтап, дайындаудағы жоғары оқу орындарының қызметі.
Білім беру практикасында «педагогика технология» ұғымы үш өзара бағынышты деңгейде қолданылады;
Жалпыпедагогикалық (дидактикалық) деңгей: жалпыпедагогикалық (жалпы дидактикалық, жалпытәрбиелік). Технология белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы, оқытудың білім деңгейіндегі тұтас білім беру үрдісін сипаттайды. Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйе ұғымымен мағыналас: оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құрал,ғ әдістер жиынтығы, үрдістің объект, субъектісінің іс-әрекеттік алгоритмі енеді.
Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл «жеке әдістеме», яғни бір пән, сынып, шеберхана аясында оқыту мен тәрбиенің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру да қолданылатын әдіс, құралдар жиынтығы (мысалы, оқу пәндерін оқыту әдістемесі және т.б.)
Модульдік деңгей: бұл оқу-тәрбие үрдісінің кейбір бөліктерінің технологиясы, жеке дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу (іс-әрекеттің бір түрінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, сабақ технологиясы, жаңа білімді меңгеру технологиясы және т.б.)
Педагогикалық техънологияның негізгі құрылымдық бөліктері:
Тұжырымдамалық негізі;
Оқытудың мазмұндық бөлігі:
оқытудың мақсаттары – жалпы және нақты;
оқу материалының мазмұны;
үрдістік бөлік – технологиялық үрдіс:
оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен формалары;
мұғалім жұмысының әдістері, формалары;
материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалім әрекеті;
оқу үрдісін диагностикалау.
Кез-келген педагогикалық технологияға қойылатын негізгі әдіснамалық талаптар:
тұжырымдамалық негіздің болуы. Кез-келген педагогикалық технологияға белгілі білім ғылыми тұжырымдама тән. Оған білім беру мақсаттарына жетудің философиялық , психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздемесі енеді.
Жүйелілік. Педагогикалық технология жүйеге тән барлық қасиеттерге ие болуы тиіс: үрдістің логикасы, барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы.
Басқарушылық сипаты. Оқу үрдісін жобалау, жоспарлау, диагностикалық мақсаттар қою, нәтижені түхзетук мақсатында әдіс-тәсілдерді, құралдарды өзгерту.
Тиімділік. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайында өмір сүргендіктен, нәтижесі бойынша тиімді, шығындары бойынша үнемді, оқытудың белгілі білім стандарттарына жетуді қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
Қайта өндірілуі. Педагогикалық технологиялар білім беру орындарында түрлі субъектілердің қолдана алу (қайталау, қайта өндіру) мүмкіндігі.
Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектерін және басқа еңбектерді зерттей отырып, педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне және олардың іс-әрекетіне қарай жүйелеп бір кестеге келтірдік (кесте 1).
Достарыңызбен бөлісу: |