“Бiлiм туралы” Заң - білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін белгілейді және Қ.Р. азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған құжат. 2007-ші жылы қабылданды.
Заңның тараулары: 1 – жалпы ережелер; 2 – білім беру жүйесін басқару; 3 – білім беру жүйесі; 4 – білім беру мазмұны; 5 – білім беру қызметін ұйымдастыру; 6 – білім беру қызметінің субъектілері; 7 – педагог қызметкердің мәртебесі; 8 – білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу; 9 – білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету; 10 – білім беру саласындағы халықаралық қызмет; 11 – ҚР білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық.
Заңдағы жаңалық – педагог қызметкерлердің мәртебесі туралы норманың негізделуі.
Заңда 12 жылдық білімнің құрылымы анықталды. Ол: бастауыш білім – 4 жыл, 1-4 сыныптар; негізгі орта білім – 6 жыл, 5-10 сыныптар; жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12 сыныптар.
Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат – магистратура – докторантура PhD) заңнамасымен бекітіліп отыр.
Білім беру процесіне қатысушылардың жауапкершілік шараларын күшейтуге бағытталған принцип өзгерістер мен толықтырулар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне енгізілді. Ол 5-тен 50 есеге дейінгі айлық есептік көрсеткіштегі айыппұл қарастырылған мынадай жаңа 20-1 тараумен толықтырылды. Олар: педагог қызметкерлердің педагогикалық этика нормаларын бұзуы; білім беру саласындағы заңнамада қарастырылған ата-аналар орындауға жатпайтын міндеттер; білім беру ұйымдары басшыларының оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына жеңіл залал келген жағдайда орындауға жатпайтын міндеттері; лицензиялық талаптар деп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бұзушылық.
ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті: білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту; оның технологиясын жетілдіру; білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.
№ 30 дәріс