Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (ҮІ-ХҮғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер



бет50/116
Дата05.02.2022
өлшемі2,88 Mb.
#14421
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116
Тақырып: Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (ҮІ-ХҮғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер.
Дәрістің мазмұны:

  1. Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы.

  2. Ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары.

  3. Қазақ халқының халықтық педагогикасы.

Құлпытасқа жазылған түрік ескерткіштерінің бірі ­– Орхон Енисей деп аталады. «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-жақты дарытқан жаужүрек батыр, ұланғайыр кең даланы еркін билеген дала халқының қайсар жауынгері. Тас жазуларда ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік, тәлім-тәрбие мәселелері әсем айшық өрнектермен, жанды бейнелерге толы сезім, толғаныс-тербеністермен баяндалады. Құлпытастарда жас жеткіншектерді елін, халқын сүюге, үлкенді сыйлауға, зеректік пен ойшылдыққа, батылдық пен тапқырлыққа үйретіп тәрбиелеу жайындағы мәселелер жайында сөз болады. Тасқа жазылған дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі – Қорқыт ата тағылымдары.
Қорқыт ата нақылдарында тәлім-тәрбиелік сипаттағы ақыл-кеңестер әр қырынан сөз болды. Мәселен, имандылық, кісілік, қанағатшылық, әрекетшілік жайында айтылған мынадай ақылдарға құлақ түргеніміз абзал. «Тәңіріне сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды... Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыныштық көрмей, дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді.
Дана ойшыл ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үй ішілік жарасымды қарым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның әртүрлі маңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбайтындығын айтқан болатын . Ұлы ойшыл «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар. Ұлың өсіп-жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі...» деп өиет айтқан.
Прогреске қатысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан іздеген орта ғасыр ойшылы Әл-Фараби (870-950). Ол арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымдары адамды тәрбиелейді деп санады. Осы ғылымдарды меңгерген адам білімді болады деп түсінген ойшыл білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны болса, белгісіз нәрселерді өз бетімен аша алады – деген.
Адамға ғылым қандай жағдайда ұялайды, ол миға қайткенде қонады дейтін сұраққа Фараби былайша жауап береді: қандай да бір ғылым болсын көңілге дербес, ерекше мәндердің кейбіреулерін ғана, ал кейде олардың көпшілігін сезінудің өзі жеткілікті. Осы жағдайлар біздің сезімімізге әсер етіп, ол жан дүниемізді баурап алып, ұғымымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің анамыз өзіне тән рольді атқара бастайды.
Ол жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге ерекше көңіл бөледі. Оқытуды шәкірттің сезіміне жақын нәрседен бастау – оның табиғатына сәйкес келеді, - деп Фараби дидактикадағы көрнекілік принципіне тоқталады. Оны білу, білім сияқты негізгі педагогикалық ұғымдардың анықтамасын тізіп, бұл жөнінде музыка ұлы кітабында былай дейді: Білу бір нәрсені түсіну, оның болмысының себебін ұғыну, ол нәрсе басқаша емес, тек сондай болатынын түсіну – деген сөз. Сонымен қатар, осы заттың болу жағдайын және салдарын, затты түсінуді жеңілдететін және оған жол сілтейтін анықтамаларды, ұғымдарды, белгілерді шәкірт меңгеруі тиіс. Бір нәрсені білу – тек ілгеріде белгілі болған басқа нәрселерді білу негізінде ғана жүзеге асады.
Әл-Фараби тәрбие туралы да көптеген ойлар айтады. Ол адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі – деген. Әл-Фараби адамды оқу білім арқылы жақсартуға болады, адамның жан дүниесіне көркемдік жанын әсер етуде таптырмайтын құрал – музыка деген. Ол адамдарды нәтижелі еңбек етіп, дұрыс дем алып, жақсы өмір сүруі үшін тән саулығын сақтауға шақырады. Өмірді ұзарту үшін тәнді емдеу керектігін айтады. Жақсы нәтижеге жеткізетін жанды емдеу керек деп түсінеді. Сондықтан ғылым-білімді үйренемін деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты тек ақиқат пен шындық жолында болу керек – деп өз ойын түйіндеген.
Шәкірттің білімді меңгеруі неге байланысты деген сұраққа ол олардың жақсы әдет пен қажетті дағдыларына, икемділігі мен шеберлікке машықтануы біртіндеп қалыптасуынан – деп жауап береді.
Әл-Фараби баланы оқытып, тәрбиелейтін адам қандай болу керектігіне де тоқталады. Ұстаз шәкіртке адал, сыпайы, ізгі, әділ болу керек, - деп санаған.
Түркі тілдес халықтардың ХІ ғасырдағы аса көрнекті ақыны, данышпан ойшыл, шежіреші ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұни ХІ ғасырдың басында (шамамен 1015-1020жылдары) Баласағұн қаласында дүниеге келген. Ол табиғаттану, математика, астрономия, қоғамдық ғылымдарды жете меңгерген ғұлама ғалым.
Жүсіп Баласағұнидің ғалымдық ұстаздық еңбектерінен бізге жеткені «Құдатғу біліг» («Құтты білік» дастаны). Дастан 6520 бәйіттен (екі жолды өлең) тұрады. Кітапта қоғам өміріндегі түрлі мәселелер туралы ой қозғалған. Олардың ішінде адамгершілік тәрбиесі де жазылған.
Дастанда негізінен төрт сала төңірегінде ой пікірлер айтылады. Біріншеден, елді әділ заңмен әділетті басқару үшін елдің басшысы білімді болу керек дейді ақын. Екіншеден, елге құт, ерге бақ-даулет қону үшін әрбір адам адал еңбек ету керек.Үшіншіден, адамның адамдығы оның ақыл-парасатымен бағаланады. Төртіншіден, ел басшысынан бастап барлық адамда қанағат-нысап болу керек дейді ақын.
Ақынның әрбір бәйіті белгілі бір тәрбиелік мақсат көздей отыра жазылған:

  1. өскен елді, туған жерді ардақтау

  2. ғылым мен білім туралы

  3. еңбек туралы

  4. әділеттік туралы

  5. ата-анасын құрметтеу туралы т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет