Тұлғалық бағдарлытехнологиялар дегеніміз педагогикалық ситуацияларда нәтижеге жеткізуде қажет құралмен қамтамасыз ететін, тұлғаны дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, операциялар мен шаралардың реттелген жиынтығы.
Бұл авторлар өз зерттеулерінде тұлғалық бағдарлы білім берудің ұстанымдарына сәйкес технологиялардың алты түрін белгілейді: оқытудың диалогты әдістері; ойын технологиялары; тренингті технологиялар; интеграцияланған тұлғалық бағдарлы технологиялар; оқу-кеңістік ортасы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары.
Осы аталған оқыту технологиялары әртүрлі болғанмен, олардың жалпы бір ұқсастығы бар: практикада олардың барлығы оқытудың сынып-сабақ жүйесінде негізделеді. Бірақ оларды практикада қолдану мынадай факторлармен қиылыспайды: ең жақын даму аймағында оқытуды ұйымдастырумен (тұлғалық бағдарлы білім беруде ең бастысы осы болып табылады); шығармашылық оқыту әдістерімен; оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне оқытудың бағытталуымен.