Студенттердің білімді тереңдету негізінде тілді жетілдіру жолдары мынадай:
Тілдік терминология. Тілдік терминологияны терең меңгеру үшін негізгі және қосымша әдебиеттермен, сөздіктермен жұмыс істеу керек. Қос тілді сөздіктермен, анықтағыштармен жұмыс істеу ерекшеліктері де үлкен.
Мамандыққа дайындауда ғылыми-зерттеу жұмысының орны. Курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау, материалдарды жинақтаудың және картотека жүргізудің тиімді тәсілдерін іздеу.
Курстық және дипломдық жұмыстарды қорғауға қойылатын талаптарды орындау, қорғау кезінде сұрақтарға дұрыс жауап бере білу қажет.
Стиль дегеніміз не?
Тілді қадірлейтін мәдениетті оқытушы әрбір сөзді өз орнымен, стилдік шеберлікпен қолданады. Стиль дегеніміз – белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Демек, стил тілдің бәріне тән құбылыс. Қазақ әдеби тілінің екі түрі бар: ауызша сөйлеу стилі және кітаби жазба стилі.