Оқытушының сөйлеу сапасы мен оқушының қабылдауының арасындағы байланысты түсіндіріңіз


Шетел мамандарының стильді жіктеуге байланысты ой-пікірлері қандай?



бет4/4
Дата03.01.2022
өлшемі18,99 Kb.
#108220
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)

Шетел мамандарының стильді жіктеуге байланысты ой-пікірлері қандай?

Шетелдік мамандар стилді жіктеуге байланысты түрлі пікірге ие. Мысалы, Р.Будагов ауызекі-жазбаша, ғылыми-көркем әдеби стил деп бөлсе, М.Конина ресми-әдістемелік, тұрмыстық іс-қағаздар, ғылыми-техника, т.б.стилдер бар дейді.

  1. Қазақ стилистикасын зерттеуші ғалымдарымыздың пікірлері қандай?

Қазақ стилистикасын зерттеуші ғалым жоғарыдағы пікірлерді есепке ала отырып, тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескере келіп, тілімізде мынадай стил бар деп есептейді: сөйлеу стилі, кітаби-жазба, іс-қағаздар стилі, ресми стил, публицистикалық стил, ғылыми стил.

Лектор халыққа білім негізін берумен қатар халықты тіл мәдениетіне баулиды, сондықтан олар қарым-қатынас жасау құралы, шындықты жеткізу құралы – тілдің ойды білдіру мүмкіншіліктеріне, тіл мәдениетіне қанық болуы керек. Ол тілді өткір де әсерлі, икемді де бай ету қамын жасау керек. Жұрт алдында сөйлеу өте қауіпті әрі қиын жұмыс. “Сөйлей-сөйлей шешен” болған кісілер де кейде үлкенді-кішілі аудиторияға келіп, көпшілікке қарап тіл қатқанда, жүрегі алып – ұшып тұрады. Оның себебі, “айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс айта аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанаттандыра ма?” деген уайым қыстайды. Оның үстіне аузына қадала қарап жаудыраған көп көздер, оның әр сөзін сынай қабылдайтыны белегілі. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі дұрыс ұстай алмаған кісінің сөзі де өтімді болмайды, сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі. Сөйлеуге алдын ала ұқыпты дайындалған, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын әбден көңілге қондырып алған кісі қысталаңның құлы болмайды, өзін нақты ұстап, еркін сөйлейтін болады. Тыңдаушыларды бірден өзіне тарта, еліктіре алады.

Дауыс булығып шығып, бірсыдырғы әуенмен, жігерсіз, баяу сөйлейтін болсақ, айтқаның қаншама маңызды болғанмен, тыңдаушыларды тез жалықтырады, олардың көңілі басқаға ауып кетеді.

Сөйлеу дауысы құбылмалы әрі ойыңды белгілі қисынды байланыста сөйлемдердің бірін-бірі тудырып тұрғандай етіп сөйлеу керек. Сөйлемдер арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден нәр ала алмайды, көпшілік алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – даярлық. Дәрістің мазмұны, құрылысы, формасы алдын ала жоспарланып, қағазға жазылып дайындалуы тиіс.



Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері жағымды болмақ. ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні “сөзі мірдің оғындай екен” деп дәріптейді. Ал қабілеті жоқ адам ынжық “аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұр” деп сынайды. Сөйтіп, сөзді қалай болса, солай айта салмай, сөйлеуде оның мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Жалпы тіл өнеріне, шешендік өнерге, дұрыс сөйлеу, дұрыс оқу өнеріне үйрететін орынның бірі – жоғары оқу орны.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет