Зерттеудің дереккөздері. Қазақ және ұйғыр тіліндегі ММ-дердің этнолингвистикалық және этномәдени табиғатын ашу үшін Ә.Қайдардың осы саладағы еңбегі, ұйғыртану саласындағы зерттеу еңбектері, сондай-ақ қазақ ММ-деріне түсіндірме сөздігі Ә.Диваев, Досмұхамедов, Ө.Тұрманжанов, Ә.Құрышжанов және ұйғыр тілінде жарық көрген Аблез Әмәттің «Уйғур ММ-дер түсіндірме сөздігі», Аблез Ғопуридың, Абдурахман Әбәйдың бас редакторлығындағы «Уйғур хәлқ еғиз әдәбияти қамуси» (7-том), осы тақырыпқа қатысты жазылған еңбектерден пайдаланылды.