Көрнекілігі: интерактивтік тақта Барысы: І. Кіріспе



Дата05.11.2016
өлшемі33,71 Kb.
#517
Сыныбы: 8-10

Тақырыбы: «Сыр сұхбат» бағдарламасы



Мақсаты: Оқушыларға Т. Әубәкіровтің өмір жолы, ғарыш саласындағы еңбектері туралы мәліметтер беру. Отандық ғарышкерлерді құрмет тұтуға, ерлік істерінен үлгі алуға баулу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта

Барысы:

І. Кіріспе

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы қысқаша мәлімет айтылады.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1962-1965 жылдар аралығында Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Ресей Федерациясында Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген. 1969-75 ж Кеңес Одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр Шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары.

Т. Әубәкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағының ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» әуе кемесімен ұшып, 10 қазанда Жерге оралды.



ІІ. Негізгі бөлім

- Ортаға тұңғыш ғарышкер ағамыз Тоқтар Әубәкіровті шақырайық.



Тоқтар ағаның орнында Жаңабай Әшім

Ғарышкерге залдағы оқушылар сұрақтар қояды.



  • Сәлеметсізбе аға. Көңіл күйіңіз қалай, мерекеңіз құтты болсын. Біздің сұрақтарымызға шынайы жауап беруге дайынсыз ба?

  • Талай перзентінен айырылған ата-анаңыз «осымен қайғымыз сейіліп, қасіретіміз тоқтасыншы» деп сіз туғанда Тоқтар деп есім беріпті. Алла қолдап жалғыз перзент болсаңыз да, бойыңызға жүз балаға татитындай қасиет дарыпты. Бүгінгі даңқыңызға, қоғамдағы орныңызға қарап сол бауырларыңыздың несібесін жиып-теріп сізге бергендей сезіледі маған...

  • «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге» демекші, сіз елді бір ауыз сөзімен өзіне қаратқан Қаз дауысты Қазыбектің ұрпағы көрінесіз. Қай топырақта, қай жылы дүниеге келдіңіз?

  • Әкеден жеті аында жетім қалған сіз үшін бала күніңізден анаңызды бір қуанту, жүзінен күлкі көру арманыңыз болған шығар?

  • Анаңыз көре алмай кеткен қызықты – сіздің әйгілі адам болғаныңызды Бикен әпкеңіз көре алды ма?

  • Жалпы, сіз әкеңіздің жоқ екенін сезініп өстіңіз бе?

  • Сіз кімге тартқансыз?

  • Төрт жасыңыздан ұшқыш болуды армандапсыз. Бала қиялыңызда ғарышты қалай елестететін едіңіз?

  • Арманыңыз орындалды. Сіз – аядай ғана ауылдан шығып, қазақтың атын әлемге мәшһүр еткен тұңғыш ғарышкерсіз. Бірақ аты аңызға айналған Тоқтар Әубәкіровтің Астананың шетіндегі қыстақтардың бірінде жылқы бағып, егін орып жүргені қаншалықты жанының қалауы?

  • Сізді қарапайым халық жақсы көреді. Қалай ойлайсыз, қатар жүргендердің ішінде сізді ұнатпайтындар да бар ма?

  • Батырдың да көңілі босап, көзіне жас алатын кездері бола ма?

  • Естуімізше, отбасын кештеу құр дыңыз-ау?

  • Сізге балаларыңыздың қайсысысы көбірек тартқан?

  • Ұлдарыңыздың мамандығы қандай?

  • Аға уақытыңызды бөліп, бізген сыр сөліскеніңізге көп-көп рахмет. Бүгінгі көрермендерге, жас жеткіншектерге тілегіңізді білдірсеңіз.


Шайтанкөл оқиғасы

Тоқтар ғарышқа ұшып, аман-есен елге оралған соң туған жеріне келеді. Қарқаралы халқы Тоқтарды хан сықылды күтіп алады. Содан барлығы Шайтанкөлге барады. Ол мұнда көптен келмеген болса керек, келген бетте суға қойып кетеді. Ай-хой, ой-хой деп ары-бері әбден жүзеді Туған жерді сағынған ғой деп барлығы еміреніп тұрады. Содан не керек арты қиын бір жағдайға ұласады. Ертесіне ғарышкердің денесінде адам көргісіз бір жаралар пайда болады. Дереу дәрігерлер қарай бастайды. Жақпаған дәрісі жоқ, жараның да жазылар түрі көрінбейді. Жағдайдан Алматы құлақтанса керек, апыл-ғұпыл Тоқтарды сонда алып кетеді. Бір күні Тоқтар түс көріпті. Түсінде аппақ киімді, аппақ сақалды бір ақсақал «Әй Тоқтар! Сен менімен амандаспадың ғой!» десе керек. Содан Тоқтар дәрігерлердің қарсылығына қарамай Қарқаралыға барады. Келе сала Шайтанкөлге беттейді. Жоғары көтеріліп, көлді көре сала «Ассалаумағалейкүм» деп амандасады. Бір түн түнейді. Түсінде әлгі ақсақал риза кейіпте көрініп, Тоқтардың үсті басын қолымен бір сипап өтеді. Қанша уақыт емі табылмаған әлгі жара ертесіне өзінен-өзі төгіліп түсіп қалады. Дәрігерлер де аң-таң болған деседі.


ІІІ. Қорытынды

Боларын солай әлем сезінген-ді,

Мақтанар, о, адамзат кезің келді,

Келеді жеңіс біткен ойда жоқта,



Күтуді қойған кезде өзің де енді,- деп ақын Олжас Сүлейменов жырлағандай барлығымыз да осындай атақты, жеңімпаз болуға лайықтымыз. Осындай аты аңызға айналған азаматтарымызды құрмет тұтайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет