Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік


ТЖ-дың белгілері және диагностикасы



бет2/3
Дата27.03.2023
өлшемі385,76 Kb.
#173071
1   2   3
Байланысты:
Терминалды жағдай

ТЖ-дың белгілері және диагностикасы

  • Тыныс алудың тоқтауы-апноэ;

  • Қан айналымының бұзылуы-асистолия;

  • Естің сөнуі (кома).

Апноэні анықтау үшін реаниматолог өте ұқыптылықпен,анық науқастың кеудесін және ер адамдарда іш аймағын визуальді қарайды. Ал қанайналымының бұзылуын перифериялық және ірі тамырлардағы пульсты есептеу арқылы және АҚҚ өлшеумен тексеруге болады.

ТЖ кезіндегі науқас жағдайын бағалау критерийі
1.Ұйқы және сан артерияларындағы пульсты бағалау;
2.Тыныстың бар жоқтығын анықтау.Ол үшін дәрігер науқастың кеудесіне құлағын қойып,н/е айнаны мұрнына,аузына жақындатып,және пинцетпен жіп не мақта ұстап байқауға болады.
3.Науқастағы команы Глазго шкаласымен анықтаймыз.
4.Қарашық рефлексін бағалау үшін қабақты ашып қарашықты байқаймыз, одан соң қабақты қайтадан бірден ашқанда қарашық өзгермесе онда “қарашық” рефлексі теріс деген сөз.
Егер жоғарыда айтылған 4 белгінің біреуі болса,тез арада реанимациялық шараны 1-4 минут ішінде жүргізу керек.


Преагональді жағдайда науқас есі сақталады,бірақ ол шатасқан. АҚҚ 60-тан нөлге дейін түседі.Пульсі бірден жиілеп,жіп тәрізді болады.Перифериялық артерияларда сезілмейді,бірақ ұйқы және сан артерияларында бар. Тынысы беткей және қиындаған.Тері жамылғысы бозғылт. Көз рефлекстері сақталған.Предагонияның өзіне тән уақыт аралығы бар. Мысалы қанайналымы кенеттен тоқтаса,бұл кезең болмайды.Ал керісінше қан кету болса,предагония бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.




  • Кейде преагональды және агональды жағдайда терминальды пауза болады. Ол 5–10 секундтан 1–4 минутқа дейін созылады: тыныс алудың тоқтауымен,сирек пульспен немесе оның болмауымен сипатталды. Қарашықтың жарыққа реакциясы жойылады, қасаң қабық рефлексі бар, қарашықтар кеңейеді.Терең наркоз кезіндегі өлімде терминалды пауза болмайды. Терминальной паузадан соң агония дамиды.

Агония кезінде АҚҚ және пульс перифериялық тамырларда жоғалып,ірі артерияларда әлсірейді. Көз рефлекстері (қасаң қабық-роговичный, қарашықтың жарыққа реакциясы) жойылады, тыныс ауа порциясын жұтқандай болып өзгереді.

  • Клиникалық өлім – өлім мен өмір арасындағы 3-6 минутты құрайтын өтпелі саты.Тыныс және жүрек қызметі болмайды,қарашықтар кеңейген,тері жамылғысы мұздай,рефлекстер жоқ. Алайда бұл қысқа мерзімде тіршілік үшін маңызы қызметтерді қайта қалыпқа келтіруге болады.

Клиникалық өлім ұзақтығына өлім түрі,себебі, оның жағдайы, науқас жасы,оның ОЖЖ қозғыштығы,өлім кезіндегі дене температурасы және т.б.-лар әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет