Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік


Қарқынды қан айналымының аяқ асты тоқтауының негізгі белгілері



бет3/3
Дата27.03.2023
өлшемі385,76 Kb.
#173071
1   2   3
Байланысты:
Терминалды жағдай

Қарқынды қан айналымының аяқ асты тоқтауының негізгі белгілері:

  1. Қанайналым тоқтағаннан 8-10 секундта естің жоғалуы;

  2. Есті жоғалтқанда тырысу болуы;

  3. Ірі магистральді артерияларда пульстің болмауы;

  4. 30-40-50 секунд ішінде тыныстың тоқтауы;

  5. 30-90 секундтан соң қарашықтың кеңейуі;

  6. Бозару,көгеру,мәрмәр тәрізді тері

Науқастарға жүрек-өкпе-милық реанимация алғашқа 1-2-3-4 минуттарда жүргізілуі керек себебі миға қоректік зат болып, анаэробты гликолизді жүргізетін мидағы глюкоза қоры тек осы сәтке ғана жетеді. Реанимацияның негізгі міндеттері:



  1. Эффективті гемодинамиканы қалыптастыру;

  2. Тыныс алуды қалыптастыру;

  3. Бас миының жұмысын қалыптастыру және реттеу;

  4. Терминальді жағдай рецедивінің алдын алу;

  5. Асқынулардың алдын алу;


ТЖ кезіндегі алғашқы көмек
Организнің тіршілікке қабілеттілігін қамтамассыз ету (правило ABC):

  • Air way open – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамассыз ету;

  • Breathe for victim – өкпені жасанды желдетуді қамтамассыз ету-ӨЖЖ (ИВЛ);

  • Circulation his blood – жүрек массажын жасауға кірісу;

  • Прекардиальді соққы.

Терминалды жағдай анықталған мезеттен бастап, тез арада жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу қажет.


ТЖ кезінде реанимациялық шараларға қарсы көрсеткіштер:
Жазылмайтын аурулардың терминалды сатысы;
Метастаздары бар қатерлі ісіктер;
Мидың қайтымсыз зақымдалуы;
Балалардағы олигофрения.


Биологиялық өлім
1.Қасаң қабықтың кеуіп,қарашықтың бұлыңғырлануы;
2.Науқастың көз алмасын басып қарағанда оның формасы өзгереді және мысық көзіндей болып қарашық жіңішке саңылауға айналады.Бұл 2 белгі науқастың 1 сағат бұрын өлгендігін көрсетеді.
3.Науқас өлген кезден әрбір 1 сағат сайын температура 1градусқа түсіп отырады.
4.Науқастың денесінің төменгі бөлігінде өліктік дақтар д.а. Күлгін түсті дақтар п.б.
5.Жоғарыдан төмен қарай жүретін өліктік қимыл:бет-мойын-дене-қол-аяқ;

ТЖ-лар кезінде дәрігер өте тез ойланып, жылдам қимылдау қажет. Себебі осы ТЖ-ды небәрі 1 минуттан 4 минутқа дейінгі аралық құрайды.Осы минуттың ішінде дәрігер білімді және жылдам болса,науқасты қайта өмірге түрілтуге уақыты бар.


Бірақ мұндай жағдайлар тек қана ауруханада емес үйде,жұмыс орнында немесе қоғамдық жерлерде де орын алуы мүмкін, сондықтан біздің ұсынысымыз: Бұқаралық ақпарат құралдарынан халыққа- клиникалық өлім жайлы және мұндай жағдайда не істеу керектігін, ЖӨЖ-ИВЛ әдісін және мүмкіндік болса жүрекке тікелей емес массаж жасау әдісін үйретсе деп ойлаймыз!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет