Иштеми қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды.
VI ғасырдың 80 жылдары соңында түркілер Парсы елімен одақтасты.
Олар Оңтүстік Кавказ бен Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін талқандады.
Түркілер Орта Азияны жаулап алған кейін Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды.
568 жылы түркі елшісі Маниах Византиға қағанаттың елшілігін басқарып барды.
Түркілер мен Византия арасында парсыларға қарсы әскери-сауда келісімі жасалды.
VI ғасырдың соңы мен VII ғасырдың басында қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің ішінде өзара қырқыстың басталуы және сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келуі қағанатты дағдарысқа ұрындырды.
Түркілерді әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді.
Біртұтас мемлекет Түркі қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия) және Батыс (Орталық Азия мен Қазақстан) болып екіге бөлінді.
Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді.
Батыс Түрік қағанаты 603 жылы ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды
Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты.
Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы «он тайпа» он оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.
Шығыс Түркі қағанаты (Екінші Түрік қағанаты) 682 (683) жылы Қытаймен күресте өздерінің тәуелсіздіктерін Моңғолия жерінде қалпына келтірді.
Екінші Түркі қағанатын құрушыларды «түркі-қыпшақ» деп атады. Сол кездегі ескерткіштердегі жазуда «түркі-қыпшақ елу жыл ел биледі» делінеді.
Мемлекеттің орталығы Ханғай тауларында болды. Батыс шегарасы Алтай тауларымен шектесті.
Батыс Түркі қағанатының Шығыс Түркі қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы негізінен көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал Батыс Түркі қағанатының көпшілік халқы отырықшылықпен, егін егумен, қолөнер және саудамен айналысты.
Достарыңызбен бөлісу: |