Сабақтың тақырыбы: Қарақытайлар
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды орта ғасырларда Қазақстан жерінде өмір сүрген Қарақытай мемлекетінің қоғамдық- саяси тарихымен таныстыру
Тәрбиелік: Жетісу жеріне қоныс аударған Қарақытай мемлекетінің жергілікті халықтармен қарым-қатынасы туралы баяндау.
Дамытушылық: Оқушылардың отандық тарих дәуірлерін меңгеру барысында логикалық ойлау жүйесінің дамып, тақырыпты білуге деген қызығушылығын арта түсуіне ықпал ету.
Базалық ұғым: орта ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің саяси-қоғамдық тарихы.
Тірек ұғым: Қарақытайлар мемлекетінің тарихы.
Көрнекі құралдар: Слайд, Карта, Сөз жұмбақ,
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (баяндау, өздік жұмыс, сұрақ-жауап)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты оқытудың жоспары.
ІV. Сабақты бекіту
V. Қорытындылау.
VІ. Оқушыларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест сұрақтары:
1. Наймандар мемлекетінің астанасы
А) Жаңғызкент
В) Баласұғыни
С) Балықты
Д) Ташкент
Е) Тараз
2. Шыңғысханның жақын батыры, ақын, шешеннің аты:
А) Абылғазы
В) Жамұқ
С) Қыдырғали
Д) Мұқалай
Е) Сартақ
3. Керейіттерде ішкі істерді басқарушы лауазымының атауы:
А) Гурхан
В) Нөкер
С) Шерби
Д) Елтебер
Е) Хакан
4. ХІІІ ғасырда керейлердің әлсіреуіне ықпал еткен:
А) Оғыздар
В) Шыңғысхан
С) Қарлұқтар
Д) Пешенегтер
Е) Соғдылар
5. Найманның сегіз тайпасын біріктіріп, мемлекет құрушы:
А) Хажар хан
В) Наркеш Дайын
С) Инанч-білге
Д) Бұйрық хан
Е) Қаршақұз
3. Сөз жұмбақ шешеміз:
|
1
|
|
|
|
|
Қ
|
|
|
|
2
|
|
А
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
З
|
|
|
4
|
|
А
|
|
|
|
|
5
|
|
|
Қ
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
С
|
|
|
|
|
|
7
|
Т
|
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
А
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
|
Н
|
|
Жалайыр тайпасының көсемі /Жамұқа/
Найман мемлекетінің астанасы /Балықты/
«Найман» атауының монғолша мағынасы /Сегіз/
Найман ханы /Даян/
Шыңғыс ханның қолбасшысы болғанЖалайыр елінің ақын, шешін және батыры/ Мұқалай/
Орта ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген тайпаларға қауіп төндірген мемлекет басшысы /Шыңғысхан/
Қазақ қаласы/Тараз/
Қазақ жеріндегі тайпа/Жалайыр/
Қазақ жеріндегі тайпа/Найман/
3. Жаңа сабақты оқытудың жоспары:
Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы
Қоғамдық құрылысы
Алым-Салық жүйесі
Сыртқы саясаты
1. Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы
Қытай деректері бойынша, Қарақытайлар: Орталық Азиядағы Солтүстік Қытай- Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген «қидан» тайпалары деп айтылады.
Қидандықтардың Х ғасырда Батысқа қарай жылжыған бір бөлігі мұсылман деректерінде «қарақытайлар» деп аталады.
924 жылы Алтайдан Тынық Тынық мұхитына дейінгі аумақты алып жатқан қидандардың Ляо мемлекеті 1125 жылы құлағаннан кейін Елюй даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісу жеріне келіп қоныстанды.
1125 жылы Қидандар Шығыс Қарахандардың жерін басып алып, Қарақытай мемлектеін құрды.(1125-1212жж)
Негізін қалаған: Елюй даши.Астанасы. Баласағұн қаласына жақын жерде өзендерінің орталығы етіп Ғұз ордасын құрды.
2. Қоғамдық құрылысы:
Қарақытайлардың мемлекеттік басқару жүйесі жетілмеген ел болатын, соған қарамастан жетгілікті жердегі басқаруды нығайту үшін Елюй Даши әскер басқаруды жергілікті басқарумен ұштастырды.
Жоғарғы лауазымы- Гурхан. Тек ер адамдар ғана емес, әйел адамдар да мұрагер бола алды.
1143 жылы Елюй Даши қаза болғанан кейін таққа оның әйелі Табуян отырды. Кейін баласы Иле гурхан болады.1155 жылы да Елюй Дашидың қызы Бұсұған да ел билеген.
3. Алым- салық жүйесі:
Қарақытайлар өздері жаулап алған қалалар мен отырықшы қаныстарды қиратпаған. Қарақытайлар арсында тек мал өсірумен ған емес,сонымен қатар егіншілікпен де айналысқан.
Жазба деректерге қарағанда әрбір, үйден 1 динар ақша жинаған.
Үлестік жерлерді иелену үшін арнаулы грамоталары болған. Арнаулы грамота- гурханның қамқорлығында екендігін көрсеткен.
Отырар, Тараз қалаларында алым салықты гурханның арнайы адамдары жинаған.
Жергілікті шонжарлар өздерінен алым жинайтын Гурхан билеушілеріне бағынған.
Ірі қалалар әкімі Гурханға жыл сайын жер салығын- харадж төлеп отырған.
Сыртқы саясаты.
ХІІ ғасырдың 40 жылдарынан бастап Қарахан мемлекетінің Орталық Азиядағы жерлерін басып ала бастаған.
1137 жылы Ходжент жанында қарахан әскерлеріне ойсырата соққы берді. Осы соққыдан кейін қарахан мемлекеті селжұқтармен одақтасып қарсы шабуылға дайындалады.
Қарақытайлар бүкіл Мауараннахрдың орталық бөлігін басып алады.
Қарақытайлардың Орта Азияда ықпалы күшейді.
Қарахандар енді олардың вассалы болды.
Хорезмды да жаулап алды.
Хорезм шах жылына 300 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болды.
Сөйтіп Қарақытайлар мемлекеттік жерін ұлғайтты.
Батысы- Амударияның төменгі ағысы
Шығысы- Ұйғырлардың Гансу аймағына дейін
Оңтүстігі- Балх пен Хотан жерлері
Солтүстік шығысы- Найманмен шекаралас болды.
1171-1172 жылдары Хорезм жеріне қайта жорыққа шығуға мәжбүр болды, себебі олар келісімді бұзып, төлемнен бас тартты.
Хорезм Әл- Арслан хан қайтыс болып тақ үшін талас тартыс басталады. Елді тыныштандыру мақсатында мұрагер Текеш әскерді Қарақытайдан шақырды.
1198-1204 жылдары Қарақытайлар Хорезм шахымен келісе отыра Ауғаныстанның гурид тайпасына соққы береді. Бірақ Хорезм шахының опасыздығынан жеңіледі.
1208 жылы Солтүстік шығысындағы Наймандарданда жеңіліс табады.
1210 жылы Хорезм шах Қарақытайларға қарсы шығады.
Сонымен екі жақты соққыға шыдамаған Қарақытай мемлекеті 1212 жылы құлап Наймандардың иелігіне айналады.
4. Сабақты бекіту.
1. Жылдар сөйлейді:
924жыл
1125жыл
1143 жыл
1155 жыл
1137 жыл
1141 жыл
1171-1172
1198-1204
1208 жыл
1210 жыл
1212 жыл
5. Сұрақ- жауап
Қарақытайлардың шығу тарихы жайлы не білесіңдер?
Елюй Даши дегеніміз кім?
Бүгін сабақта қандай қызықты мағлұмат алдыңдар?
Оқушылардың білімдерін бағалау
Үйге тапсырма §12 мазмұндау.
Достарыңызбен бөлісу: |