Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты


Периодонт қабынуының жүйесі



бет2/15
Дата12.05.2024
өлшемі315,63 Kb.
#202011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Периодонт қабынуының жүйесі

  • Периодонт қабынуының И. Г. Лукомский (1955) ұсынған жүйесі.
  • Клиникалық ағымына байланысты екі түрге бөледі: жедел және созылмалы қабынуы.
  • I. периодонттың жедел қабынуы (острый периодонтит – pеriodontitis acuta).
  • периодонттың жедел серозды қабынуы (острый серозный периодонтит – periodontitis acuta serosa)
  • периодонттың жедел іріңді қабынуы (острый гнойный периодонтит – periodontitis acuta purulenta)
  • II.периодонттың созылмалы қабынуы (хронический периодонтит – pеriodontitis chronica)
  • периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы (хронический фиброзный периодонтит – periodontitis chronica fibrosa)
  • периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы (хронический гранулирующий периодонтит – periodontitis chronica granulans)
  • периодонттың созылмалы гарнулемаланып қабынуы (хронический гранулематозный периодонтит – periodontitis chronica granulomatosa, s. granuloma).
  • периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (хронический периодонтита в стадии обострения – periodontitis chronica exacerbata

Периодонттың жедел қабынуы.

 

  • Қабынудың бұл түрі жедел дамиды және клиникалық белгілері тез ауысып отырады. Осыған байланысты қабыну үрдісінің дамуын екі кезеңге бөлу (уыттану және жалқықтану) негізді деп келісуге болады.
  • Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы неесе алғашқы сатысы (фаза интоксикации). Уыттану сатысы қабыну үрдісінің алғашқы кезеңінде байқалады және сырқат тістің өз бетімен сыздап толассыз ауыруымен сипатталады. Сырқат тіспен ас шайнағанда, қарсы тісі тигенде ауыру сезімі күшейе түседі. Бастапқы кезде тісі сырқат адам мазаландырған тісін анық көрсете алады. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте немесе бәсеңдете әсер ете алмайды. Қарап тексергенде, сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады және ол сауыт қуысымен байланысқан. Сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі жоқ, тік қағып байқағанда ауыру сезімі бар. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Кейде тіс қуысы жабық болуы мүмкін және тістің ЭҚ 100 мка жоғары болады. Химиялық заттар немесе дәріден дамыған периодонттың жедел қабынуы кезінде сырқат тісте уақытша немесе тұрақты пломбы тұруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет