Қожа ахмет яссауи атындағЫ Қазақ-ТҮрік



Дата11.10.2024
өлшемі62,69 Kb.
#206219
Байланысты:
Akt


ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырып:Гимнастиканың жаттығу техникасын негіздері





Қабылдаған:Кулманбетов Турехан
Орындаған:Әбілбашар Саят
Топ: МДШ-213
Жоспар:
1:Кіріспе
2:Негізгі бөлім
3:Қорытынды
4:Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы. Гимнастика (грекше gymnazo–жаттықтырамын)-дене тәрбиесінің құралы, сондай-ақ ол адамның денсаулығын нығайту, күш-қуатын, икемділігін, төзімділігін арттырып жетілдіру үшін қолданылатын әдістер мен арнайы іріктеліп алынған дене шынықтыратын жаттығулар жүйесі. Гимнастика адамды дұрыс жүруге, жүгіруге жаттықтырады, мүсіннің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Гимнастика - жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым. Гимнастика - адам организміне жан-жақты әсер етіп, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтеді, үйлесімді дамуына көмектеседі, көңіл күйін көтереді. Гимнастикалық жаттығулар жа­сау арқылы өмірлік қажетті қозғағыш дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті - ептілік шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады.


Гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, дене күшін жетілдіру және әр алуан іс-әрекетке адамның дене күшінің жан-жақты әзірлігін жүзеге асыру болып табылады. Оның үстіне гимнастиканың: тұлғаны дұрыс қалыптастыру, дененің әртүрлі өзгеруінің алдын алу және оны түзету, жарақаттан кейін қимыл-қозғалыс апаратының жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, өзіне тән қимылды меңгеруіне баулу сияқты арнайы міндеттері бар.Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі. Гимнастикада жан-жақты дене тәрбиесінің міндеттерін шешуге жәрдемдесетін мейлінше әр алуан дене тәрбиесі жаттығулары пайдаланылуы мүмкін. Онда педагогикалық міндеттер мен организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кез келген қимыл мен қозғағыш әрекетті қолдануға болады. Гимнастикада организмнің құрылымы мен қызметіне біршама дәл талғамды ықпал жасауды жүзге асыруға болады.Гимнастикаға тән әдістемелік тәсілдер дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен жекелеген органдар мен жекелеген бұлшық ет топтарына, сондай-ақ дененің әртүрлі қасиеттерін дамытуға ерекше ықпал жасауға мүмкіндік береді.Гимнастикада денеге түсетін күшті біршама дәл мөлшерлеу мүмкіндігі бар: әр алуан жаттығулар гимнастикамен айналысатын адамның дайындығына сәйкес әрі ол жаттығулардың организмге әсері қатаң ескеріліп пайдаланылады және белгіленеді.Еңбек қызметі мен дене даярлығын жетілдірудегі гимнастиканың маңызы өте зор. Қозғалыс іскерліктері мен дағдылары, сонымен бірге гимнастиканың әр түрлі құралдары арқылы дамытылатын дене және моральдық ерік қасиеттері адамның күнделікті іс – әрекетінде кең қолдау табады. Гимнастика сабағында тепе- теңдік сақтау дене мүшелерінің, буындардың қозғалмалылығының, қозғалыстың, күштің үйлесімділігінің дамып- жетілуіне, еңбек және әскери қызметтің кез – келген түрінде кәсіби шеберлікті табысты меңгеруге көмектеседі. Гимнастика жаңа қозғалыс дағдыларын жылдам меңгеру қабілеттілігі секілді қасиеттерді дамытады. Жаңа гимнастикалық даярлығы бар адам күрделі кәсіби қимылдарды жеңіл меңгереді. Денсаулық пен жұмыс қабілеттілігін арттыратын таңертеңгілік жаттығуларды жүйелі орындаудағы қимылдың дәлдігі олардың орындалу сапасын жақсартады, әрбір қимыл үнемді және мақсатты болады.
Қауіпсіздік ережелері:
1.Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;
2.Гимнастикалық құрал – жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек:
3.Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды:
4.Секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш төсеу қажет:
5.Спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек:
6.Бірінің артынан бірі жүгіріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын:
7.Гимнастикалық құрал – жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал – жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін.
8.Арқан бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
9.Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды:
10.Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
Гимнастиканың түрлерi және олардың сипаттамасы.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.

Екіншісі - спорттық гимнастика. Спорттық гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.


Спорттық акробатика - жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.
Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.
Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті
Көркем гимнастика - отаны Ресей болып табылатын айтарлықтай жас және әдемі спорт түрлерінің бірі. Ол әйгілі Марин театрының бишілерінің арқасында пайда болды. Көркем гимнастика әлемде тез танылды да белгілі спорт түрлерінің біріне айналды.
Көркем гимнастика – спорт пен өнердің үйлесімді қосылуы. Ол әлемге жұмсақтық, жылу және нәзіктік сыйлайды. Гимнастика – жан-жақты дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде анықталатын кең ұғым.Гимнастика – адам ағзасына жан-жақты әсер ететін, оның негізгі функционалдық процестерін күшейтетін, үйлесімді, дамуына көмектесетін, көңіл күйін көтеретін арнайы іріктелген жаттығулар жүйесі. Гимнастикалық жаттығулар жасау арқылы өмірлік қажетті қозғағыш дағды, әсемдік пен қозғалыс дәлдігі қалыптасады, дененің негізгі қабілеті – ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, икемділік дамиды. Гимнастика жасау барлық сәби кезден басталып, барлық жас кезеңдерінде жалғастырылады.Гимнастиканың міндеті денсаулықты күшейту, дене күшін жетілдіру және әр алуан іс-әрекетке адамның дене күшінің жан-жақты әзірлігін жүзеге асыру болып табылады. Оның үстіне гимнастиканың мынандай арнайы міндеттері бар: тұлғаны дұрыс қалыптастыру, дененің әртүрлі өзгеруінің алдын алу және оны түзету, жарақаттан кейін қимыл-қозғалыс апараттың жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, өзіне тән қимылды меңгеруіне баулу.Гимнастика – дене тәрбиесі әдісі. Гимнастикада жан-жақты дене тірбиесінің міндеттерін шешуге жәрдемдесетін мейлінше әр алуан дене тәрбиесі жаттығуларын пайдаланылуы мүмкін. Онда педагогикалық міндеттер мен ағзаның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кез келген қимыл мен қозғағыш әрекетті қолдануға болады.Гимнастикада ағзаның құрылымы мен қызметіне біршама дәл талғамды ықпал жасауды жүзеге асыруға болады.Гимнастикаға тән әдістемелік тәсілдер дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен жекеленген мүшелер мен бұлшық ет топтарына, сондай-ақ дененің әр түрлі қасиеттерін дамытуға ерекше ықпал жасауға мүмкіндік береді.Гимнастикада денеге түсетін күшті біршама дәл мөлшерлеу мүмкіндігі бар: әр алуан жаттығулар гимнастикамен айналысатын адамның дайындығына сәйкес әрі ол жаттығулардың ағзаға әсері қатаң ескеріліп пайдалынады және белгіленеді.
Жаттығу сабақтарының эмоциялығын арттыру, эстетикалық сезімге, ырғақтыққа, дәлдікке баулу және қимылдың мәнерлілігін арттыру мақсатында гимнастика жасау кезінде әуенді қолдану тиімді.
Гимнастиканы үйрету процесі жалпы білім беру сипатына ие: өзінің қозғалыс мүмкіндіктерін бағалай білуге баулиды, қозғалыс әрекеттерінің жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Бұл оқу міндеттерін бөлу, қозғалыстың сараптамасы мен синтезін кеңінен қолдану, қозғалысты жаңа қозғағыш әрекетіне ұштастыру және әр алуан дене жаттығуларын зерттеп үйрену арқылы жүзеге асырылады.Гимнастикада тәрбие беру міндеттерін жүзеге асырудың ерекше құралдары бар. Ол қозғағыш әрекеттердің дәл, алдын ала келісіліп орындауын талап етеді, оның әрекет саналылығы мен дербес тәуелсіздігін талап ететін регламенті белгіленген сабақ кестесі, оқу процесін ұйымдастырудың ерекше стилі бар. Мұның бәрі тәртіпке, зерделілікке баулиды, ерік-жігер мен мінез-құлықтың нығаюына көмектеседі.Сөйтіп гимнастика тәсілдері жалпы дененің жетілуін қалыптастыру міндеттерін шешуге, жаттығу жасаумен айналысатындардың жасы мен дайындығына сәйкес дене шынықтыру жаттығуларын қолдануға, дене тәрбиесінің сауықтыру және тәрбиелік-білім беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Гимнастикалық жаттығулардың жiктелуi
Гимнастикалық жаттығуларды келесi топтарға бөледi және оларды гимнастиканың негiзгi тәсiлдерi деп атайды:
1 ) Саптық жаттығулар.
2)Жалпы дамыту жаттығулары(ЖДЖ).
3)Қолданбалы жаттығулар.
4) Epкін жаттығулар.
5) Көркемдiк гимнастика жаттығулары.
6)Акробатикалық жаттығулар.
7)Ceкipу
8) Гимнастикалық аспаптарда орындалатын жаттығулар.
Гимнастикалық әдістемелік жаттығулардың өзіндік ерекшелігіне сай бейімділігін әдіс-тәсілдердің жиынтығы ретінде қалыптасты. Гимнастикалық жаттығуларға жатқызуға мүмкіндік беретін сондай өзіндік ерекшеліктерге, қозғалыстардың қатаң түрде регламенттелген бағдарламасы жағдайында үйлесімділік және қозғалыс амалдарының айқын көрінуі жатады.
Мұнда бастапқы және соңғы жағдай қозғалыстардың бағыты мен амплитудасы бұлшық еттердің жұмсалатын күшінің сипаты дәл көрсетіледі. Қозғалыстардың стандартты бағдарламасына қарай қозғалыс дағдыларын үйретуге , қалыптастыруга және орнықтыруға қолайлы жағдайлар қалыптаскан.
Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1.Организмге жан-жақты әсер ету.
Тірек - қозғалыс аппараттарының барлық бөліктеріне ағзаның әр-түрлі жүйесінің функционалдық жағдайына және жалпылама өмір сүру деңгейіне ықпал ететін жаттығулар таңдап алынады. Қозғалыс дағдылары мен функционалдық дайындығы сонымен қатар дененің күш қуатын, шыдамдылығын, иілгіштігі мен жылдамдығын жетілдіруші процестерді қосатын міндеттер атқарылады.
2.Гимнастика құралдары - жаттығуларының алуан түрлілігі. Гимнастиканың ғажайыптылығы сонда , оның құралдары яғни алуан түрлі жаттығулардың саны өте көп болады. Дене тәрбиесінде және спорттық біліктілікті
арттыру процесінде пайда болатын кез-келген міндетті сауықтыру қолданбалы және спорттық сипаттағы гимнастикалық жаттығулар көмегімен оларды интенсивтіліктің әр-түрлі дәрежесімен қолдана отырып шешуге болады. Алға иілуді бастапқы жағдаймен түрлендіруге болады. Оны иіле тұрып, денені айналдыра қолдың қосымша қозғалысы
арқылы орындаған жөн. Бұл жағдайда иілудің әрбір түрі өз алдына жеке бір жаттығу ретінде болады. Себебі оны орындау дербес жеке міндетті шешеді. Гимнастиканың
көптеген жаттығулары емес, олардың кешенді жиынтығы қолданылады. Гимнастика сабақтарында жаттығулардың алуан түрлері соның ішінде спорттық құрылымдармен (снарядтар) болатын түрлері де қолданылады. Ал гимнастиканың спорттық түрлеріне көпсайыстық сипат тән. Мұнда спортшылар гимнастиканың әр-түрлі түрлері бойынша дайындықтан өтеді.
3. Жаттығуларды таңдап алу ықпалы.
Белгілі бір сапаны дамыту, бұлшық еттердің жекелеген топтарын жетілдіруден, ағзаның қандайда бір қызметін қалыпқа келтіруден туындайтын міндеттерді гимнастикалық жаттығуларды ,оларды қолдану әдістемелерін таңдап алу арқылы шешуге болады. Кеңістік пен уақыттың және күш-қуаттың сипаттағы жаттығулардың кез-келген бөлігіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер емдік дене тәрбиесінде және де спорттың өзге де түрлерінде пайдаланылады.Көркем гимнастикалық жаттығулар. әйелдер контингенті мен жүргізілетін сабақтарда колданылады. Олар міндеті бойынша еркін жаттығуларға жақын. Алайда олардың затсыз бұзылулар тепе-теңдіктер өзгерістер т.с.с. және заттай заттармен сақина, доп, лента тағы сондайлармен орындалатын өздеріне тән элементтер бар әртүрлі қимылдар оқу және спорттық композициясына бірігеді. Дене тәрбиесінің жалпы мақсаттарына сәйкес, гимнастика амалдарын қолданудың негізгі үш бағыты айқындалды.Гимнастикалық жаттығуларды адам денесінің жалпылама түрде даму процесінде пайдалану (оның қозғаушы ерекшеліктерін көрсету диапозонын кеңейту дене сапасының даму деңгейін көтеру). Гимнастика амалдарын, еңбекте және күнделікті іс-тәжірибеге кажетті өмірлік маңызы бар ептіліктерді қалыптастыру үшін қолдану.Күрделі гимнастикалық жаттығуларды интенсивті дене тәрбиесі мен спорттық іс-тәжірибе процесінде игеру.

ҚОРЫТЫНДЫ


Гимнастика-арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын,адам денсаулығын нығайту мақсатында жіне оның денесінің үйлесімді даамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер.Қазақстанда гимнастиканың акробатика,көркем гимнастика және спорттық гимнастика жақсы дамыған.Гимнастшылардың халықаралық одағы 1897 жылы ұйымдастырылған.Қазақстан оған 1994 жылдан бастап мүше.Оқушылардың дене тәрбиесінде гимнастика үлкен рөл атқарады.Гимнастика бойынша дене шынықтыру жаттығулары,дене шынықтыру бағдарламасының негізгі бөлімдерін құрайды. Гимнастика-адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет-қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:


1.Қазақ энциклпедиясы
2.Т.С.Лисинская «Көркем гимнастика»
3. Ю.К.Гавердоский, В.М.Смолевский «Спорттық гимнастика»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет