Қожабекова Ботагөз Сапаровна «манаштану» ПӘні бойынша дәрістер курсы


Тақырып. ҰОС кезіндегі ҚазКСР Коммунистік партиясының қызметі



бет14/19
Дата31.12.2021
өлшемі93,38 Kb.
#107321
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
2. Лекция Манаштану
Лингвистика 15 апта, 154645542
Тақырып. ҰОС кезіндегі ҚазКСР Коммунистік партиясының қызметі

Отандық тарих ғылымында Ұлы Отан соғысының тарихы мен республиканың жеңіске қосқан үлесіне қатысты мəселелер əлі де өзекті жəне соғыстың тарихнамасы тарих ғылымының барынша жасалған жəне басым бағыттарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы тарихы тақырыбына көптеген ғылыми жұмыстар арналған, оларда халықтың еңбектегі ерліктері, халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы жəне оның жеңіске қосқан үлесі, майдан қажеті үшін өнім шығару мен өндірістік ұжымдарда жарыстарды ұйымдастырудағы қоғамдық ұйымдар мен партиялық комитеттердің рөлі мəселесі де бар. Қазақстандағы зерттеу жұмыстары өнімді жүргізілген. Бұл салада соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін мамантарихшылардың еңбектерін қоспағанда, тыл ардагерлері мен соғыс куəгерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің жəне басқа тұлғалардың да жазған еңбектері көптеп  кездеседі. Мəселен, 1945 жылдан 1977 жылға дейінгі аралықтың өзінде ғана КСРО  көлемінде жалпы көлемі 700 млн. дана болатын 16 мың кітап пен кітапша жарық көрген. Соғыс жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы майдан арсеналдарының бірі ретінде соғыс қажетіне қызмет етті, мұнда 356 млн. пұт нан дайындалған. Сонымен қатар Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін негізгі тасымалдаушылардың бірі болды. Республиканың жеңіл өнеркəсібі Қызыл Əскердің жүздеген дивизияларын əскери киімкешек, қаружарақ, қажетті заттармен қамтамасыз етті.

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі кеңес тылының тарихнамасы, барлық соғыстың тарихнамасы сияқты, бірнеше кезеңнен өтті жəне фашистік Германияны жеңгеннен бергі алғашқы үш онжылдықта тарихнамалық шолулар ағымында көрініс тапты.

Тарихнаманың бірінші кезеңінде (1941–1945) осынау маңызды жəне көлемді ғылыми мəселені қарастыру бойынша тек алғашқы қадамдар жасалды. Зерттеушілердің қолында əлі де деректердің мол қоры бола қоймады. Құжаттарда берілген көптеген фактілер мен оқиғалар əскери уақыт жағдайында жабық сипатта болды, қажетті құжаттық материалдардың жинақталуы үшін біршама уақыт керек болды. Толық емес мəліметтер бойынша, республикада соғыс жылдарында соғыс тақырыбына арналған 150ге жуық кітап, кітапшалар мен журналдық мақалалар жарық көрген [2; 35].



Ұлы Отан соғысы тарихнамасының екінші кезеңі соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықты қамтыды, кеңес тылының тарихының түрлі мəселелерін қарастыру одан əрі жалғасты. Бұнда зерттеушілер қолданған деректанулық база кеңейді, бірнеше құжаттық жинақтамалар жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдары кеңес тарихшыларымен Ұлы Отан соғысының себептері, сипаты мен маңызды оқиғаларын ашатын көлемді əдебиеттер жасақталды. Көптеген басылымдарда əскери қимылдардың барысы, майдан мен тылдағы кеңес адамдарының бұқаралық ерлігі, КСРО халықтарының немісфашист басқыншыларына қарсы қарулы күресін басқару бойынша Коммунистік партияның рөлі, КСРО мем лекеттік жəне түрлі қоғамдық органдарының көпқырлы жұмысы, майдан тылындағы бүкілхалықтық күрес, елдің қоғамдықсаяси өмірі, 1941–1945 жж. кеңес ғылымы мен мəдениетінің дамуы қарастырылды.

Кеңес тылының тарихнамасының түрлі мəселелері барынша нақты 50жылдардың ортасынан бастап қарастырыла бастаған, бұл СОКП ХХ съезінің шешімімен байланысты болды, соғыс тарихы бойынша құжаттарды басып шығару ісі жақсарды. Егер соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта соғыс тарихы бойынша шамамен 1200 кітап, кітапшалар жəне журналдық мақалалар жарық көрсе, онда тек қана 1956–1961 жж. өзіндеақ 2000 астам кітап, кітапшалар, журнал мақалалары жарық көрді. Бұл кезеңдегі көрнекті еңбектерден «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы» алты томдығын жəне 12 томдық «1939–1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы» атауға болады. Сонымен қа тар кеңес тылы, КСРО əскери экономикасы, басқа да маңызды мəселелер туралы В.С.Василенко, А.В.Митрофанова, Н.П.Липатова, Ю.В.Арутюнян, Г.С.Кравченко, В.А.Ежов, Г.Г.Морехин, Г.А.Куманев, Я.Е.Чадаева, Л.В.Максакова, М.К.Козыбаев жəне басқаларының мақалаларында қарастырылды. Жалпы алғанда, тыл еңбеккерлерінің, одақ пен республика шаруашылығы түрлі салаларының, сондайақ жекелеген кəсіпорындардың күш біріктірген ерлік еңбегінің тарихына қатысты жарияла нымдардың саны өсті. Сол кезде шыққан жұмыстардың ішінен В.Я.Басиннің, Л.А.Пинегина мен С.А.Федюкиннің кітаптарын бөліп айтуға болады. Бірақ оларда белгілі бір шамада бұрынғы кезеңдердің деңгейі мен рухын қайталайтын кемшіліктер орын алды. Ф.Михайлов пен К.Оразов өз еңбек терін соғыс кезеңінің қиын проблемаларының біріне — кадрлар мəселесіне, бірінші кезекте өнеркəсіп пен көлік саласы үшін қажет кадрларды даярлау мəселесіне арнады. Жұмысшы ұжымдардың басым көпшілігін құрайтын тыл еңбеккерлері — əйелдер мен жастар туралы арнайы жазылған еңбектер пайда болды. Соғыстан кейінгі кезеңдегі (1946–1955) жинақталып жүйеленген, бірақ əлі де болса мардымсыз мұрағат құжаттары мен мерзімдік басылымдардағы материалдар базасына сүйене отырып, А.Байшин, Ж.Құрамбаев, Б.Ысқақов, А.Көкетаев, Т.Мырзабекова, Л.Файнның кандидаттық диссертациялары жазылып, қорғалды. Оларда жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың ерен еңбекте рін, МТС пен совхоздардың саяси бөлімдерінің қызметін көрсетуге ұмтылыстар жасалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет