Қожабекова Ботагөз Сапаровна «манаштану» ПӘні бойынша дәрістер курсы


М.Қ.Қозыбаевтың «Казахстан — арсенал фронта» монографиясында



бет16/19
Дата31.12.2021
өлшемі93,38 Kb.
#107321
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
2. Лекция Манаштану

М.Қ.Қозыбаевтың «Казахстан — арсенал фронта» монографиясында Қазақстан Коммунистік партиясының республика ресурстарын жұмылдыру, жауға лайықты соққы беру, мамандар туралы, əйелдер арасындағы жұмыс туралы, əйелдер кеңесін құру, қаражаттарды жұмылдыру бойынша, жы лы киімдерді жинау, майдангерлердің отбасыларына көмек көрсету айлықтарын өткізу, комсомол, кəсіподақ, социалистік жарыстарға басшылық ету, еңбекке қоғамдық қарау, жұмысшылардың тұр мыстық жағдайын жақсарту мəселелері қарастырылады. Партия соғыс басталғанда майданға көмекке ресурстарды жұмылдыру мен жағдайды анықтау үшін республиканың түрлі аудандарына жіберілген бригадаларды ұйымдастырды. 4тарауда республиканың халық шаруашылығын соғыс жағдайына кө шіру қарастырылады, бұл өте ауыр жағдайда өткендігі ескеріледі. Соғыс жылдарында үлкен маңызға ішкі резервтер мен ресурстарды рационалды қолдану ие болды. Партиялық ұйымдар шикізат, матери алдар есебінің жағдайын, олардың кəсіпорындарда жұмсалу тəртібін тексерді. Монографияда шаруа шылық салаларының жұмысшыларының еңбектегі ерліктері, стахановшылар мəселесі, өндіріс екпін ділері, екіжүздікшілер мəселелері жақсы ашылған. 1942 жылы батысқазақстандық облыстардың жұ мысшыларының майданды барлық қажеттіліктермен жабдықтау, Сталинград майданы үшін тапсы рысты орындау үшін күндізтүні жұмыс жасап, қойылған мақсатқа жетудегі қажырлы еңбектеріне ерекше көңіл бөлінген. М.Қ.Қозыбаевтың еңбектерінде түрлі деректердің негізінде республика өнеркəсібін дамыту, ресурстарды майдан қажетіне жұмылдыру бойынша шараларға облыстық партия комитеттері мен аудандық жауапты қызметкерлердің қатысуы, үкімет пен Мемлекеттік қорғаныс ко митетінің шешімдерін орындау бойынша партияның қызметі кеңінен көрсетілген.

Қазақстан еңбекшілерінің жеңіске қосқан үлесі туралы əңгімелейтін қазақ тілінде шыққан əдеби етке тоқталсақ, бұл мəселе М.Қозыбаевтың «Қазақстан коммунистері Ұлы Отан соғысы жылдарын да» (Алматы, 1960), «Ұлы ерлік» (Алматы, 1980), Н.Едігеновтың 1970 жылы шыққан «Алматы Ұлы Отан соғысы жылдарында» еңбектерінде, Б.Далабаевтың «Қазақстандықтар Сталинград шайқасын да» (Алматы, 1977), Қ.Досқалиевтің «Батырлық эпопеясы» деген кітапшаларында, жекелеген көпте ген мақалаларда айтылады. Соңғы уақытта бұл тақырыпқа қатысты жаңаша көзқарастар, соны пікірлер бірқатар отандық тархшыларымыздың, мəселен, М.Қ.Қозыбаевтың, Т.Балақаев, Қ.Алдажұ манов жəне тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет