Қожабекова Ботагөз Сапаровна «манаштану» ПӘні бойынша дәрістер курсы


Тақырып: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті



бет2/19
Дата31.12.2021
өлшемі93,38 Kb.
#107321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
2. Лекция Манаштану

Тақырып: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

1. К. Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институты.

2. Қарағанды политехникалық институтының филиалы.

3. Университет құрылу тарихынан.







М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарихы Қазақстан Республикасы тарихымен, оның мәдениетімен, білім беруімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі ретінде оның дамуы мен қалыптасу тарихындағы төмендегідей кезеңдерді ерекше атауға болады:

1937 жыл

Аймақтағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерінің алғышарты болып табылған Қазақ КСР кеңестік халық комиссариятының 1937 жылдың 19 наурызындағы жарлығы негізінде Петропавл мұғалімдер институтының ашылуы. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариятының 1937 жылдың 25 шілдесіндегі № 835 бұйрығына сәйкес, 1937 жылдың 1 қыркүйегінде төмендегідей екі факультетте оқу басталды: жаратылыстану-жағрапия және тарих.

1938 жыл

Петропавл мұғалімдер институтында сырттай оқу бөлімінің ашылуы.

1939 жыл

Петропавл мұғалімдер институтына мемлекеттік мәртебе берілді.

1945 жыл

Петропавл мемлекеттік институтына ХІХ ғасырдың ұлы ұстазы К.Д. Ушинскийдің аты берілді.

1948 жыл

Петропавл мемлекеттік мұғалімдер институтының ұйымдастырушылық құрылымының өзгеруі – физика-математикалық факультетінің ашылуы.

1955 жыл

Петропавл мемлекеттік мұғалімдер институтының Петропавл педагогикалық институты болып қайта құрылуы.

1978 жыл

Орал политехникалық институты Петропавл жалпы техникалық факультетінің Еңбек Қызыл Ту ордені Қарағанды политехникалық институтының кешкі және сырттай оқыту үлгісіндей жалпы техникалық факультеті болып қайта құрылуы. 

1982 жыл

Қарағанды политехникалық институты Петропавл филиалының ашылуы. Петропавл филиалында төмендегідей екі факультет құрылды: машина жасау және жалпы техникалық.

1994 жыл

Қарағанды политехникалық институты Петропавл филиалы негізінде Жоғары Техникалық колледж ашылды.

1994 жыл

Петропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университетінің ашылуы.

1996 жыл

Солтүстік Қазақстан университеті мен Жоғары Техникалық колледждің Солтүстік Қазақстан университеті біртұтас жоғары оқу орны болып қосылуы.

1998 жыл

Әскери кафедраның ашылуы.

2001 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 31 қаңтардағы № 163 жарлығымен Солтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі берілді. Мемлекеттік аккредитациядан табысты өтуі.

2003 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 30 мамырындағы № 497 жарлығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.

2005 жыл

ЖОО-ның сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001: 2000 талаптарына сәйкестігін сертификатталуы орындалды.

2007 жыл

Көп салалы колледждің ашылуы.

2008 жыл

Университет қызметіне стратегиялық жоспарлау элементтерінің енгізілуі, университет миссиясының әзірленуі және қабылдануы.

2009 жыл

Жүзу бассейнінің ашылуы.
ҚР білім туралы заңнамасының талаптары мен лицензиялық ережелерінің сақталуына жоспардан тыс тексерістен табысты өтуі.
Wap-порталдың іске қосылуы.

2010 жыл

Университет институционалдық сертификациядан өтті.
ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығында институционалдық аккредиттеуден табысты өтуі. Мемлекеттік аттестаттауды табысты өтуі.
Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылуы.

2011 жыл

4 докторантура (РhD) және 5 магистратура мамандықтарының ашылуы.

2012 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылуы.
Университет ресми сайтының жаңа нұсқасының іске қосылуы.

2013 жыл

Жаңа үш бакалавриат мамандықтарының ашылуы.
Үш мамандықтың ASIIN неміс агенттігінде аккредиттеуден өтуі.

2014 жыл

Университеттің ғылыми және ғылыми зерттеу орталықтары мен зертханалары негізінде ғылыми-технологиялық саябақтың құрылуы. 
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде институционалдық және мамандандырылған (34 бағдарлама бойынша) аккредиттеуден табысты өтуі.
"Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" әлеуметтік жобасының "Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасына қатыса бастауы.

2015 жыл

ASIIN неміс агенттігінде бес мамандық бойынша аккредиттеуден өтуі.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде 19 бағдарлама бойынша мамандандырылған аккредиттеуден табысты өтуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет