Қойбүлдірген сияқты орман жидектерін үйімізге шелектеп теріп әкетеміз



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата01.07.2024
өлшемі0,63 Mb.
#203506
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
тастамашы ана 240321 023536

Қонақтарды күтеміз
Әр жексенбі сайын балалар үйінде жалпы жиналыс өтеді. Барлық топтар бір 
қатарға тізіліп тұрып өткен аптаның қорытындысын шығарады. Бірінші 
директор сөйлейді, одан кейін — завуч, соңында — тәрбиешілер... Сол жерде 
тәртіп бұзғандар, мектепте жаман баға алғандар «сыбағаларын алады». Осы 
жерде аптаның үздік тобы аталады. Кейбіреулер өздерінің «кінәларын» біліп 
ол жерге бармауға тырысады. Кім елдің көзінше өзіне ұрысқанды қалайды?! 
Ал бүгін ешкім жиналысқа қатыспай қалмады, бөлмелерінде қалу үшін өтірік 
ұйықтап жатқандарды да шақырды. Бірақ күндегідей емес, бұл күні тәртіп 
бұзушылықтар жайлы айтпады — одан да маңызды мәселелер пайда болған 
секілді. 

Балалар! Уақыт тығыз, сондықтан бүгін басқа мәселелерге 
тоқталмаймын, — деп Мавлида Нұрғалиқызы бастады. — Бүрсігүні 
бізге Уфадан үлкен қонақтар келеді. 

Үлке-ен? — деп кішкене топтағы бір қыз таңдана сұрады. 

Иә, өте үлкен адамдар. Олар жай келмейді — біз қандай жағдайда өмір 
сүріп жатырмыз, тәрбие жұмыстары қалай жүріп жатыр, соларды 
тексереді, — деді де, саусағын шошаңдатты, — енді тыңдаңдар да 
естеріңде сақтаңдар. Қонақтарды қарсы алуға дәл қазірден бастап 
дайындықты бастаймыз. Бірінші кезекте барлық бөлмелерге жақсылап 
тұрып тазалық жұмыстарын жасаймыз. Анау жоқ, мынау жоқ деп бөгде 
адамдарға мұң шақпау үшін қоймада сендерге киім-кешек береді. Тағы 
бір ескертетінім — қонақтармен сөйлеспейміз. Олар, әрине, сендер 
қалай тұрып жатырсыңдар деп сұрайды. Ешқандай өтініш-арыз 
айтпайсыңдар! Олар келеді де кетеді, ал сендер осы жерде қаласыңдар. 
Бітті, қазір жиналамыз да тәрбиешілермен сөйлесеміз, ал сендер 
тазалық жұмыстарына кірісіңдер!... 
Қонақтар келуінің қарсаңында маған бір жай есіме түсті. Қазір көктем 
болғаны жақсы болды, әйтпесе өткен жылғы сияқты қиналар едік. 
Қыркүйектің соңы болатын. Бір жақтан келетін кезекті қонақтарды күткен 
едік. Директордың бұйрығымен күні бойы кездесуге дайындалдық. Барлық 
бөлмелер жарқырап тұрды. Бізде барлығы дайын, ертең енді қонақтар 
келулері керек. Кешке қарай ауа райы күрт суытып кетті. 

Мавлида Нұрғалиқызы, түнде үсік жүруі ықтимал, — деп 
тәрбиешілердің бірі ескертті. 

Ол сөздерден Мавлида апай сасқалақтап, күйгелектеп, сөйлеп, жүгіріп 
кеткені байқалады: 

Қайдағы үсік?! Ондай болса біздің гүлдердің барлығы солып қалады 
ғой... 

Онда тұрған не бар, күз мезгілі ғой, — деп әдейі әңгімеге араластым. 
Менің сөздерім оны тіпті ашуландырып жіберді: 



Кет ары, аяқтың астына қыстырылмай! Гүлдер солып қалса қонақтарға 
не көрсетеміз? Үсік жүрсе, жүрер, бірақ біз гүлдердің үсуіне жол 
бермейміз! 
Сол күні ол тығырықтан шығар жол іздеп көп адамдарға қоңырау шалған 
дейді. 
Балалар үйінің алдында көктемнен бастап алғашқы суықтарға дейін гүлдер 
жайқалып тұрды. Бізге келген қонақтардың барлығы бірінші кезекте осы 
түрлі-түсті гүлдерге назар аударатын. Кейбіреулер: «Жарайсыңдар, сендер 
осы гүлдер арқылы балалардың өмірге деген сүйіспеншілігін оятудасыңдар», 
— дейтін. 
Сонымен, ертең қонақтар келеді. Егер түнде үсік жүрсе, директордың кәріне 
іліктім дей бер. Бірақ Мавлида Нұрғалиқызы ауа райын алдаудың жолын 
тапты... Жоғары сыныптың ұлдары бұл түнді ұйқысыз өткізді. Алдымен біз 
әр гүлдің түбін ескі шүберектермен жаптық. Одан кейін гүлдер өсіп тұрған 
маңға от жақтық. Әрқайсымызға суықтан сақтау үшін гүлдер бөлініп берілді. 
Біз таңға дейін отын әкеліп, отты үзбей жағып тұрдық. 
Директорымыз қонақтарды жақсы көңіл күйде қарсы алды. Енді ше, бүкіл 
ауыл бойынша гүлдер үсіп қалған, ал біздікі болса түрлі-түсті 
әдеміліктерімен көздің жауын алып тұрды. Қонақтар осындай суық күнде де 
гүлдердің әсемдігіне тоймай ұзақ қарап тұрысты... 
Бұл жолы да дайындық жақсы жүріп жатты. Сол күні-ақ терезелерге түрлі 
түстегі перделер ілінді. Бүкіл дәліз бойынша кіре берістен директордың 
бөлмесіне дейін, асханаға дейін кілемшелер төселіп, барлық топтардың 
бөлмелеріне жаңа кілемдер жайылды. Терезенің алдында әдемі вазалар пайда 
болып, кейбір ескі аспалы шамдар ауыстырылды. Өзгерістер мұнымен біткен 
жоқ. Біз осы уақытқа дейін ұстайтын жері жоқ шытынаған ыдыстармен шай 
ішуші едік, сол күні ғайыптан тайып үстелдердің үстінде жап-жаңа, әдемі 
ыдыстар тұрды. Біз үшін ең үлкен қуаныш жаңа шалбар, көйлектер, 
шұлықтардың берілуі болды. Демек, шынында да үлкен адамдар келе жатыр, 
— деп сыбырластық. Жиірек келіп тұруларына болар еді — онда біз ылғи 
осылай жақсы өмір сүрер едік! 
Тәрбиешілер де, басқа қызметкерлер де тыныштықтан айырылды — бәрі 
мұрындарына су жетпей жүгіріп жүр. Біздің топқа директордың өзі бірнеше 
рет бас сұқты. Шамасы біздің бөлменің сыртқы көрінісін тағы да қалай 
жақсартудың қамын ойлап жүр-ау. 

Райфа, мына гүлдеп тұрған ыдысты есікке жақын қой, ал мына солған 
жапырақтары барын көзіме көрсетпе! — деп бұйрық берді. Одан кейін 
Мавлида Нұрғалиқызы бізден «емтихан» ала бастады: 

Қонақтар сендердің бөлмелеріңе кіргенде не істейсіңдер? 

Білмеймін, — деп Амиля әдейі жауап берді. 
Директордың бет-жүзінде бірден өзгеріс пайда болып, айқайлай бастады: 



Қалайша білмейсің?! Төсекте отырмаймыз, орнымыздан тұрып 
қонақтармен сәлемдесеміз. Күлімсіреуді ұмытпаймыз. Әйтпесе 
ауыздарың ашылып, көңілсіз күйде тұрмаңдар. 
Біз келіскен белгі білдіріп басымызды изедік. 

Егер біреу-міреу жақындап, қалай өмір сүріп жатқандарыңды сұраса не 
деп жауап бересіңдер? 
Директордың сұрағына жауап беретін ешкім табыла қоймады. Мавлида апай 
тағы да ашуланды: 

Қойлар! Егер бірдеңе деп арыздансаңдар өз обалдарың өздеріңе! 
Қайталаймын, былай деп жауап беру керек: «Рахмет, менде бәрі жақсы. 
Бұл жер ұнайды, өзімді үйдегідей сезінемін.» 
Топтан шығайын деп бара жатып ол балалардың бірінің жаңа шалбар киіп 
алғанын байқап қалып тағы да айқайлады: 

Ах, сен, шошқа! Былғап үлгердің ғой! Саған жаңа шалбарды киюге кім 
рұқсат берді, а? — Ол баланың қолынан ұстап алып сілкілей бастады, 
— тезірек жуып қой, әйтпесе жағдайың қиын болады! 
Өзін тоқтата алмай бәрімізге айқайлап алды да өкшесін қатты басып топтан 
шығып кетті. 
Уфалық қонақтар келген күні асхананың ас мәзірінде де өзгеріс болды. Түскі 
асқа түшпара дайындады! Бәріне бір алмадан, кәмпиттерден берді. «Үлкен 
адамдардың» құрметіне мәжіліс залында концерт ұйымдастырылды. Мен де 
ол концертке қатыстым — ән шырқадым. Қонақтар сө сөйледі. 

Балалар үйіндегі жақсы жағдайды көріп риза болып отырмын, — деді 
қалың қара шашты әдемі келіншек, — Үйде тұратын барлық балалар 
мынандай кілемдерде жүрмейді ғой? Барлық отбасыларда мұндай 
қолайлы жай жасалмаған. Ал қай үйде күнде түшпара жейді? Сендерге 
қарап көзім тояр емес — бастан-аяқ әдемі киінгенсіңдер! Сондықтан да 
бет-әлпеттеріңнен бақытты екендіктерің байқалады, көңіл күйлерің де 
жақсы. Әрине, біздің мемлекетіміз көп мәселелерді шешуде, сендердің 
өмірлеріңді жақсарту үшін аз ақша бөліп отырған жоқ. Сол себептен де 
үйлерің гүлдеп тұрған бақтай. Мұндай жұмақ мекенде тұрып жатып 
жаман оқу күнә болар еді! Балалар, бар күш-жігерімізбен білім 
шыңдарына жетуге талпынайық. Сендерге Отан үшін пайдалы 
азаматтар болуды тілеймін! Тәрбиешілер үйреткендей, біз әр адамның 
сөзінен кейін жабыла қол шапалақтап отырдық. Тағы да бірнеше әндер 
орындалды, содан кейін көп күттірген қонақтармен болған қойылым 
аяқталды. Мавлида Нұрғалиқызы оларды асханаға алып кетті. 
Уфалықтардың барлығы директормен бірге кетті, ішіндегі біреуі ғана 


залдан шығуға асыққан жоқ. Оны сол сәтте-ақ балалар үйінің балалары 
қоршап алды. Ол қалтасынан кәмпиттер алып шығып бәріне бөліп 
берді. Содан соң сахнада тұрған пианиноға отырып көңілді әуендер 
ойнады. Ақ көңіл, мейірімді әйел бізден аты-жөнімізді, қалай 
оқитынымызды сұрай бастады. 
Бұл уақытта мен шетте тұрдым. Қонақ балалармен сөйлесті де шығар есікке 
беттеді. Сол сәтте ол мен жаққа қарады да, біздің көзқарастарымыз бір-
бірімен түйісті. Маған жақындап келді. 

Сәлеметсің бе, туғаным. Сен неге шетте қалып тұрсың? — деді 
күлімсіреп. 

М-м-м... — мен не деп жауап берерімді білмедім. 

Сен неге ыңғайсызданып тұрсың? 

Ммм... Жоқ... 

Қане, олай болса танысайық. Мен Гүлшат Әмірқызымын. Ал сенің 
атың кім? 

Ілияс. 

Қандай әдемі есім, — маған бұл сөзді есту жаныма жағып кетті де, мен 
алғысымды білдірмек болып басымды изедім. — Ілияс, саған қарап 
тұрып сен үшін алаңдап тұрмын. Сен кімнен қорқып тұрсың? Иығың 
түсіп кеткен, көзіңде дабылдың, мұңның белгісі бар.. 

Жоқ, апай. Менде бәрі жақсы. Бұл жерде өзімді үйдегідей сезінемін, — 
деп үйреткендей сөйледім. 

Ал жақсы. Жүр, маған өзіңнің бөлмеңді көрсетші. 
Осы кезде маған шынында да ыңғайсыз болды — неге ол мені мұнша 
айналсоқтады?! Мүмкін мені сынау үшін оны директор әдейі дайындап 
қойды ма екен? Осы ой маған маза бермеді. Осындай күлімдеген көзді, 
мейірімді жүзді сүйкімді тәтеге қалай жоқ дей аласың? Бөлмеде басқа ешкім 
болмады, біз көзбе-көз отырып сөйлестік. Бүгінгі қонақтарымыз шынында да 
өте үлкен басшылар екен. Барлығы жауапты қызметтерде екен. Гүлшат 
Әмірқызын өздерімен бірге беделді қоғам қайраткері ретінде алып жүр екен. 

Қобалжыма, Ілияс. Мен сені жақсы түсінемін. Танымайтын адаммен 
сөйлескенің үшін директор саған ұрсады деп ойлаймысың? Мен оған 
бәрін өзім түсіндіріп айтамын. Балалармен ұзақ уақыт бойы жұмыс 
істеп жүрген адам ретінде мен сенің мұңлы көздеріңнің жанынан өтіп 
кете алмадым. Мүмкін саған бір көмек керек болар? Айта ғой, ұялма... 

Рахмет, апай. Маған ештеңе қажет емес. 

Сен қай сыныптансың, Ілияс? 

Тоғызыншы сыныпты аяқтаймын. 

Қалай оқисың? 



«Үшім» жоқ. Екі «төртім» бар — денешынықтыру мен химиядан. Мені 
қолдаған белгі ретінде Гүлшат апай арқамнан қағып қойды да мектеп 
бітірген соң оқуға қайда барғым келетінін сұрады. 

Педучилищеге түсетін шығармын, — деп жауап бердім. 

Жоқ-жоқ-жоқ... Мұндай бағалармен училищеге емес, университетке 
бару керек. 
Гүлшат Әмірқызының бұл сөздері мені таң-тамаша қалдырды. Университет 
деп айта салу оңай. Ал сен ол жерге оқуға түсіп көр! Мен педучилищеге 
барамын деген арманды айтқанда біздің тәрбиешіміздің қалай күлгені әлі 
есімде. 

Мен ол жерде оқи алмайтын шығармын. Ол университет қой. Сөйлесіп 
отырған жан менің көзқарасымды өзгерткісі келді: 

Қалайша оқи алмайсың? Оқи аласың! Көзіңнен көріп тұрмын — сенің 
қолыңнан келеді. Сен жақсы адам болып шығасың. 
Әңгіме үстінде күш-қуат келіп қосылғанын, өзіме деген сенімім артқанын 
байқадым, бүгін-ақ университетке түсуге дайын болып кеткендеймін. 
Әңгімеміз аяқталғанда Гүлшат Әмірқызы маған өз қаламын сыйға тартты. 
Тура осы сәтте бөлмеге Мавлида Нұрғалиқызы кіріп келді. Ол маған бір 
қарады да Гүлшат Әмірқызына қарай көңіл аударып, күлімсірей қалды. Бірақ 
оның қолынан ұнатпаған кейпін жасырып қалу келмеді. 

Ілияс, сен неге қонақтың уақытын алып жатырсың. Ол жолдан шаршап 
келді, — деді ол. — Гүлшат Әмірқызы, жүріңіз, шай ішеміз. 

Рахмет, бірақ мен бұл жерге шай ішу үшін келген жоқпын. 

Жүріңіз, жүріңіз. Шай суып қалады... 
Ол кісіге орнынан тұрып директордың соңынан еруге тура келді. Есіктің 
алдына келгенде ол тоқтап, маған бұрылды. 

Ілияс, саған айтқан сөзімді ұмытпа. Сенің қолыңнан барлығы келеді! 
Мүмкін Уфада кездесерміз әлі... — ол тағы да бірдеңе айтайын деп еді, 
Мавлида Нұрғалиқызы оны асықтырды да, екеуі бөлмеден шығып 
кетті. 
Қонақтар кешке қарай бірақ кетті. Оларды шығарып салуға біз де шықтық. 
Егер олар келмегенде бізге мына жаңа киім-кешектер берілмейтін еді. 
Балалар үйі де мынандай адам танымастай болып өзгермес еді. Келгендер 
көліктеріне отырғанша Мавлида Нұрғалиқызы олармен көңілді сөйлесіп, 
барлығымен құшақтасып қоштасты. Біз болсақ есіктің алдында қонақтардың 
соңынан қол бұлғап тұрдық. 
Көліктер көрінбей кеткен соң директор кең тыныс алып, риза көңілмен 
балалар үйіне енді. Балалар да оның артынан кірді. Бірақ ішке кірген соң 
бірден бәз қалпына түсті — бірден жылан шағып алғандай айқайлауға көшті: 



Не деген ақылсыз балалар! Өмірінде кілем көрмеген олардан тағы не 
күтуге болады — таптап, барлығын кірлетіп үлгеріпсіңдер! Енді 
перделерді де жыртып тастайтын шығар! Егер тағы да қонақтар келсе 
ше?.. Жоқ, бұлай болмайды! 
Сол сәтте-ақ әдемі кілемдер алынып тасталды, перделер бұрынғылармен 
ауыстырылды, терезенің алдындағы ваза мен ыдыстарды қайтадан қоймаға 
алып кетті. Тіпті балаларға берілген киімдер де қайта жинап алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет