Қойбүлдірген сияқты орман жидектерін үйімізге шелектеп теріп әкетеміз



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата01.07.2024
өлшемі0,63 Mb.
#203506
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
тастамашы ана 240321 023536

Туған үйдің табалдырығында...


Бүгін өте ерте ояндым. Басталатын күн маған не дайындап тұр екен? Бұл 
сұрақ маған түні бойы маза бермеген еді. Өйткені мені алаңдатар оқиғалар 
күтіп тұр. Бүгін туған деревняма барамын. Үйіміз қандай жағдайда екен? 
Ауылдастарым мені таныр ма екен? Көршілеріміз тірі ме екен? Сол жолғы 
милиционердің бізді алдап үйімізден алып кеткен күнді есімде жақсы сақтап 
қалыппын, бейне бір кеше ғана болғандай. Бірақ бірнеше жыл өтті. Сол кезде 
қалада оқып жүрген екі ағам мен үлкен әпкемнің бүгінде өз отбасылары бар. 
Олар жыл сайын бізге келіп тұрды. Тоғызыншы сыныптан кейін Әлия мен 
Алсу балалар үйінен кеткен. Бүгінде мамандықтарын оқып жатыр. Бұл жерде 
Зульфира екеуіміз ғана қалдық. Уақыт өткен сайын бәрі өзгереді. Бұрын 
көңілге келер әрбір сөзден жылауға дайын тұрушы едік. Енді мұндай 
жайларға етім үйреніп алды. Әкем мен анамды да көзіме жас алмай есіме ала 
беремін. Бәлкім жылайтын жасым қалмаған болар. 
Міне енді 11-сыныпты сәтті аяқтадым. Бірнеше күннен кейін Уфаға 
университетке түсуге алып барады. Үлкен сапардан бұрын туған үйіме 
баруға шешім қабылдадым. Енді мен өзіне-өзі жауап бере алатын адаммын. 
Кезінде тіс дәрігеріне қашып баратын кезде Амиляның көмегіне жүгінуге 
тура келген болатын. Қазір бәрі басқаша. Айтпақшы, Амиля 9-сыныптан 
кейін училищеге түскен, тігінші болып шығады. Біз хат жазысып тұрамыз. 
Біздің жазалаушымыз Даян да балалар үйінен кеткен. Әйтеуір оны 
техникумға орналастырған, ол жайлы басқа ештеңе білмеймін. 
Тезірек автобус келсе екен! Бұл көптен күткен күннің әр минуты мен үшін 
өте құнды, қымбат қой. Енді біраздан соң үйде боламын. Әлі күнге дейін 
өзіме-өзім сене алар емеспін. Жүрегім кеудемнен секіріп кетуге даяр. Жаным 
ең таза, нұрлы сезімдерге толы. Ауа райы да менің көңіл күйіме сай. 
Өршіп бара жатқан шуға қарай бұрылып қарадым. Қоқыс контейнерінің 
жанында екі бомж бір-бірімен ұстасып қалды. Біреуі қолында бос бөтелке 
ұстап тұр, екіншісі оны тартып алмақшы. 

Бермеймін, — дейді әлгі жасы үлкенірегі. — Мен бірінші тауып алдым 
оны. Бар, өзіңе басқа жерден ізде. 

Бер деймін, әйтпесе сазайыңды тарттырамын! 
Бөтелкені тартып алғысы келіп тұрған бомжды бір жерден көрген 
сияқтымын. Кір-кір футболка мен шалбар киіп алыпты. Сақал-мұрты көптен 
бері алынбаған, маскүнемдіктен беті ісіп кеткен, көзінің асты көгерген... 
Өмірде бірінші рет бомждарды жақыннан көріп тұрмын, бірақ анау жастауы 
маған біреуді есіме салып тұрғандай. Еріксізден соларға қарай екі қадам 
аттадым да кенет Даянды таныдым! Иә, иә, міне маңдайындағы меңі де сол. 
Бұл кезінде мені қар мен мұздың үстінде жалаң аяқ жүгірткен, менің досым 
Фаритті екінші қабаттан лақтырып жіберген сол баяғы Даян болатын! Жек 
көрушілік сезімі мені тез бұрылып кетіп, бомжардың жанынан тезірек кетіп 
қалуыма әсер етті. Олар болса бос бөтелке үшін ұрсысқандарын ары қарай 
жалғастырып қала берді... 


Деревняға келісіммен бірінші кезекте бейіт басына бардым. Бұл жерде менің 
ең жақын жандарым жатыр. Бұл жер менің ата-анамның дамыл тауып жатқан 
жерлері. Зираттардың аумағына оң аяғыммен бастап аттадым. Бүкіл денемді 
жеңіл діріл басып, жүрегім тез соғып кетті. Ата-анамның бейіттерін тез 
таптым. Әкемнен айырылғанда біз күн көре алмаймыз деп ойлаған едім. Бізге 
қалай қиын болса да ата-анасыз өмір сүруді үйрендік. Бірақ оларды ешқашан 
ұмытқан жоқпыз. Олар ылғи жанымызда сияқты болып тұратын. 
Бейіттері қаралған, тіпті гүлдер отырғызылған екен. Демек ағаларым мен 
әпкелерім бұл жерге келіп, қараусыз қалдырмаған екен. 

Рахмет сендерге! — дедім өзімнен-өзім күбірлеп. Әке, сен үйреткендей 
біз үнемі бірге болуға тырыстық. Балалар үйінде де бір-бірімізді қолдап 
отырдық. Анашым, мен сені ешқашан ұмытқан емеспін. Сенің аяулы 
жүзің ылғи менің көз алдымда... — осы кезде анам фотосуреттен маған 
күлімдеген сияқты болды. Кішкене кезімде анамның менің шашымнан 
аялы алақанымен сипағанындай жылы леп есті. Көп жылдардан бері 
бірінші рет бейіт басында маған жеңіл болып, жаным жай тауып қалды. 
Жүрегіме жақын жандармен ойша сөйлескен соң деревняға қарай 
шықтым. 
Үйімізге дейін санаулы қадамдар ғана қалды. Қазір бұрылысқа дейін барсам 
ары қарай біздің көше басталады. Қара шаңырағымыз қандай күйде екен? 
Бәрі жақсы болса екен деп қайталаумен болдым. 
Әйтсе де туған үйімді бірден танымай қалдым. Қақпа баяғыда-ақ күнге оңып 
кеткен. Терезелер сынған... Аулаға кірдім — босап қалғандықтан жаным 
жабырқап кетті. Үйдің ішінде мүмкін бәрі бұрынғыдай болар деп үміттендім. 
Алайда үйдің есігі айқара ашық. Абайлап бөлмеге кірдім де қол-аяғым 
байланғандай тұрып қалдым. Үйде түк те қалмаған. Тіпті үй пешінің темір 
бөшектеріне дейін алып кеткен. Тек бір төсек қана қалыпты. Ол үйдің 
ішіндегі өтпе желден жалынышты сықырлап тұрды... 
Бұл не болғаны? Бұл жерде ешкім тұрмағандай. Мен болсам бұл жерден 
отбасылық фотосурет көрем бе деп армандағам. Демек, ол арманның 
орындалмағаны ғой. Үйде бір де бір бүтін нәрсе қалмаған екен. Кезінде әкем 
маған бірдеңе берем деген еді, енді ол не нәрсе екенін ешуақытта білмей 
кететін шығармын. Ол өзі үшін ең қымбат нәрсе деп айтқан болатын. Балалар 
үйіндегі ең қиын сәттерде мен оны ұмытқан жоқпын, күндердің күнінде 
үйден тауып аламын деп армандадым. Бұл арман маған жақсы оқуға күш-
қуат беріп, әкем тапсырғандай тәртіпті болуым үшін ынталандырып жүрген 
еді. Бүгін бұл арманым да қайырылмай өтіп кетті. Мен есіктің алдына келіп 
отырып, еріксіз жасқа булықтым... 
Жақын жандарыма бардым, үйді көрдім — енді қайтадан балалар үйіне де 
қайтуға болады. Ертең мені Уфаға алып барады, демек кешікпей жетуім 
керек. Мен қақпадан шығып бара жатқанда көшеде бір қарт кетіп бара 
жатқан еді, кенеттен аялдап тұрып қалды. 



Маған елестеп тұр ма, әлде бұл шын ба? — деп ата ұзын сақалын 
сипады, — Ғиззаттың кіші баласысың ғой, шамасы? 

Иә, кішкентайымын, — деп жауап бердім оған жақындап келіп. 

Мәссаған! — ата екі қолын жайып жіберіп күлді. — Қаншама жылдар 
өтті! Аллаға шүкір, күткеніме! — Ол мені құшақтап, арқамнан қақты, 
тіпті аздап көзіне жас та алды. 

Ал сен мені танисың ба? — деп сұрады ол. 
Ештеңе деп жауап бермедім — ыңғайсыздандым, ол мені таниды, ал ол менің 
есімде жоқ. 

Мен Рамазан атамын, — деп ол маған көмектесті. — Қазір деревнядағы 
ең үлкені менмін. Сендер кішкене болдыңдар, сондықтан есіңде жоқ 
шығармын. Әкеңді соңғы сапарға шығарып салған едім. Жуып-шайып, 
кебіндеп, жерлеуге қатыстым. Эх, өмірден ерте кетті, өте ерте... 
Мен оның соңғы сөздерін қостағандай басымды изедім. 

Жүре ғой, балам, мен саған бірдеңе беруім керек, — деп ата таяғына 
сүйеніп алға адымдады. Мен оның жанына ердім. 
Үйіне келген соң ата маған отыруымды сұрады, өзі болса сандықтағы 
заттарын ақтаруға кірісті. Қайта-қайта өзіне-өзі сөйлеп жүр: 

Не деген ұмытшақ бас бұл! Мында қойған сияқты едім. Қайда кетуі 
мүмкін? 
Қызық, Рамазан ата ол жерден не іздеп жатыр? Сандыққа салып қойғанына 
қарағанда, демек маңызды зат болғаны. Ата көбірек іздеген сайын маған да 
соғұрлым қызықтырақ бола түсті. 

Міне-міне! Таптым! 
Ата қуанып келіп жаныма отырды. Ол өзінің тапқан нәрсесін алақанында 
ұстап тұрып маған көрсетуге асықпады. Арыдан бастады: 

Сен қазір қай сыныптасың, балам? 

Он бірінші сыныпты аяқтадым. Енді университетке түсуге дайындалып 
жүрмін. 

О-о-о! Жақсы, керемет! Әкелерің өмірден қайтқанда сендер кішкене 
болдыңдар. Жаны қиналып жатқанын естіген соң оған барған едім. 
«Байқаймын, әл-дәрменім кетіп барады, — деді ол. — Егер олай-бұлай 
болып кетсем мына нәрсені кішкене ұлым Ілиясқа берші». Содан соң 
көп ұзамай қайтыс болды. Мұны мен саған беруге үлгермедім — 
сендерді апыр-топыр балалар үйіне алып кетті. Кемпірім өмірден 
қайтқан соң әкеңнің аманатын орындай алмай мен де өліп қаламын ба 


деп қорықтым. Жоқ, Аллаға мың да бір шүкір! — Ата маған көзіме тік 
қарап тұрып қолын созды. — Мә,ұлым, әкеңнің естелігі ретінде қабыл 
ал. 
Алақанында тұмар жатты! Міне, әкемнің маған бергісі келгені осы екен. 
Асқан жауапкершілікпен, саусақтарым дірілдеп тұмарды қолыма алдым. 

Сақтап, қорғап жүр оны, Ілияс, — деді Рамазан ата. — Бұл жай нәрсе 
емес, тарихи жәдігер. Мұнымен сенің атаң соғыстан тірі қайтқан. Иә, 
иә, бұл тұмар жарты Еуропаны аралап қайтқан. Қайтыс боларының 
алдында мұны атаң сенің әкеңе берген. Енді міне, Ғиззаттың өтініші 
бойынша оны саған тапсырамын. 

Рахмет, ата, сізге көп рахмет! — қуанышымды жасыра алмай атаны 
құшақтай алдым. 

Сенің атаң да, әкең де жақсы адамдар болды. Бүкіл деревня оларды 
құрметтеп, сыйлады. Осы тұмарға сен де адал бол — жақсы өмір сүр, 
адал бол, ата-бабаларыңның жандары сенің жаман мінездерің мен 
жаман істеріңе қиналмайтын болсын. 

Иә, ата, түсіндім бәрін. 

Сен қалай деп едің, увенисер... 

Университет, — дедім күлімдеп. 

Иә, иә. Соған түсуге тырыс, — деп ата да күлімсіреді. — Аудандық 
газеттен сендер туралы мақалаларды оқып ылғи қуанып жүрдік. 
Қарашаңырағыңды ұмытпай, осыншама жылдардан соң іздеп келген 
сен жарадың. Байқауымша, осы жолыңда көптеген сынақтар да болған 
сияқты. Аллаға шүкір, сен бәрінен өте білдің. Уфада да емтихандардан 
ойдағыдай өтіп кетесің деп ойлаймын... 
Рамазан ата шай әзірледі. Керемет дәмі бар бұлақтың суы мені алыста қалған 
балалық шаққа қайта әкелгендей. Әлденіп алған соң мен жолға жиналдым. 

Отбасылық тұмарды үнемі сақтап жүр, балам! — деп ата қол бұлғап 
қош айтысты. 

Кештен бастап ертеңгі сапарға дайындала бастадым. Қоймадан азық-түлік 
бөлді: екі килограмнан күріш, қарақұмық, макарон, бір килограмнан қант пен 
кәмпит. Жаңа шұлықтар мен дәптерлер, қаламдар берді. Алдын-ала көйлегім 
мен қысқа жеңді мектеп формасын жуып қойдым. Барлық азық-түліктер мен 
заттарды салып алатын тек қана жол сөмкесі ғана болмай қалды. 

Бізде қанттан босаған қаптар көп, ал, — деп қоймадағылар айтқан соң 
бүкіл «дүние-мүлігімді» сондай қапқа салуға тура келді. 


Менің туған ауылым болмаса да Сальманово да менің өмірімнің бір бөлшегі 
болды. Бұл жерде жақсы достар таптым, мектеп меніңқалыптасуына әсер 
етті. Мұғалімдерге көп рахмет! Олар барлық оқушыларға бірдей қарады. Сен 
ауылдағы отбасынансың ба, балалар үйіненсің бе — бәрібір болатын бәріне 
бірдей талап қойды. Сондықтан болар, оқу жеңіл болды. Барлығына алғыстан 
басқа айтарым жоқ. 
Мен енді бұрынғы Ілис емеспін. Әрбір ісіме жауап бере аламын. Ал балалар 
үйіне кіп-кішкене марғау сияқты кезімде келген едім. Райфа апай да, Флюра 
тәте де, достарым да менің көзімді ашты. Солардың айтуы бойынша 
қорытынды шығарып отырдым. Керек кезде үлгі алдым. 
Алғашқы кезде «мемлекеттің киім-кешегін қайтар», «сені мемлекет 
асырауда» деген сөздерді естігенде қатты ыңғайсызданатынмын. Мемлекет 
деген кім екен деуші едім. Енді ғана ол сұрағыма жауап таптым: мемлекеттік 
есеп — жалпылалықтық қазына екен ғой. Ал мен оны бұрын бір бай адам деп 
елестететінмін. Бізді ұзын немесе қысқа, өте жұқа киімдермен киіндірсе де 
мемлекет үшін алғысым шексіз. Демек барлық халыққа да. Ата-анамыз 
қайтқан соң сол ғой бізді көшеде қалдырмай, қанатының астына алды, аяққа 
тұрғызды. Сол үшін мен барлық адамдардың алдында қарыздармын. 
Уфаға бара жатқан жол бойы мен осы жайында ойланып бардым. Қызық, 
мұндай ойлар қайдан шығады?! Солайша мен туған мекен болған жерлермен 
қоштасқан болармын. 
Астанаға директор Мавлида Нұрғалиқызымен бірге бара жаттық. Жол бойы 
ол маған бірде-бір сөз айтпады. Уфаға келіп, үлкен ғимараттың алдына 
тоқтадық. 

Мынаны ал, — деді директор менің қолыма салмақты бір қорапты 
беріп тұрып. Оны кетер кезімізде балалар үйінің қоймасынан алып 
шыққан болатын. Егер онда құжаттар болатын болса қорап жеңілдеу 
болар еді. Онда екі толы қалтамен тәттілер бар екенін байқадым. 
Директордың соңынан ердім. Үлкен есікті ашып ішке кірдік. Ішінен 
қарағанда ғимарат тіпті әдемі болып көрінді. Дәліздің екі жағында көп 
бөлмелер бар екен. Бұл жерде үлкен бастықтар жұмыс істейтін болар. Екінші 
қабатқа көтерілер жерден солға бұрылып дәліздің соңына дейін жүрдік. Осы 
жердегі темір есіктің алдына келгенде Мавлида Нұрғалиқызы өзіне-өзі келу 
үшін сәл бөгеліп қалды. Осы жерде үнемі қату жүретін директордың қабағы 
жадырап, жүзіне күлкі үйірілді. Есіктің ішінен бізді әйел адам қарсы алды. 

Қайырлы күн, қамқоршымыз біздің, — деп Мавлида Нұрғалиқызы 
амандасып жатыр. Қалай білмегенмін, біздің директор басқа адамды 
осылайша жылы қабылдай алады екен ғой. Мен оның мұндай кейпін 
бірінші рет көрдім. 

Сәлеметсіздер ме, сәлеметсіздер ме, — деп әйел көзілдірігін шешіп 
жауап берді. 



Мен біздің таулы ауданнан сұлулардың сұлуына, ақылдылардың 
ақылдысына, педагогтардың педагогына ыстық сәлем әкелдім, — 
директордың мұндай шешендік сөздері мені таң қалдырды. — Кікентай 
ғана сәлемдеме — сыйлықты қабыл алыңыз. 
Бұл сөздерден кейін тәкәппар әйелдің көздері жарқырап кетті. 

Рахмет, — деді ол, біресе қорапқа, біресе маған қарап. — Мен ылғи 
сізді басқа балалар үйінің директорларына үлгі етіп айтып отырамын. 
Жолдың алыстығына қарамастан Уфаға жиі келіп тұрасыз. Ылғи 
ізденісте жүресіз. 
Мавлида Нұрғалиқызы қысылған қалып танытып, қолын жайды: 

Барынша тырысып жүрміз. 

Айтпақшы, Мавлида Нұрғалиқызы, сізді мемлекеттік марапатқа 
ұсынсақ па дейміз. Мен өзім айналысамын онымен. — Бұл сөзден соң 
директор тіпті еріп кетті. Менің арқамнан қалай қаққанын өзі де білмей 
қалды-ау деймін. Мавлида апай да мейірімді бола алады екен ғой! — ал 
қазір біздің жаққа қандай жұмыстармен келдіңіз? — деп бөлменің иесі 
сұрақ қойды. 

Кандидаттық диссертациямды бастайын дегенмін. Айтып-айтпай не 
керек, тәжірибем жеткілікті. 

О-о-о, қолдаймын және табыстар тілеймін. Ал мынау жасөспірім кім? 

Менің балаларымның бірі, — деп Мавлида Нұрғалиқызы күлген кейіп 
танытып басымнан сипады. — Әйтеуір бірдеңе қылып университетке 
түсуіне көмектескім келеді. Осы баладан бірдеңе шығатын сияқты. Бұл 
баланы бірдеңе қылып университетке тықпасам мен болмай кетейін. 

Сіздің жаныңыздың жомарттығына таң қалуды тоқтатпаймын. Нағыз 
педагог осындай болуы керек. 
Содан кейін менің дәлізге шығуымды өтінді де өздері бірдеңе жайлы ұзақ 
әңгімелесті. Байқаймын, Мавлида апай өз мақсатына жеткен сияқты — 
бөлмеден өте риза болып шықты. Көлікке тағы да отырып бір жаққа кеттік. 
Мен университетті көргім келіп шыдай алар емеспін. 

Апай, университетке қашан барамыз? — дедім мен ұзақ үнсіздіктен 
кейін. 

Ой, иә! Мына құйрық маза бермейді. Көлікті тоқтат, — деп бұйырды 
жүргізушіге, — Келдік, көліктен шық! 

Университет қайда? 

Асықпа, тыңда мені. Міне, сенің құжаттарың. Аттестатың да, барлық 
анықтамаларың да осында, — деп маған кішкене папканы ұсынды. — 
Міне саған 500 рубль, өмір сүруіңе. Егер дұрыстап жұмсайтын болсаң 
жетеді. Бір бөлке нан 15 рубль тұрады, демек мына ақшаға біраз өмір 
сүруге болады. 



Сіз мені университетке апармайсыз ба? Мен ол жаққа қалай бару керек 
екенін білмеймін ғой... 

Түк білмегенсінсінбе! Менің сыртымнан министрге арыз жазғанда 
ешкімнен ақыл-кеңес сұраған жоқсың ғой! Сенің тілің ұзын. 
Сондықтан университетті өзің тауып ал! — директор көлікке отырды 
да есікті тарс етіп жауып алды, олар ары қарай кетіп қалды. 
Бірінші рет үлкен қаладамын. Таныстарым да, жақындарым да жоқ. 
Университетке қалай жетсем екен? «Горсовет» деген аялдамада ұзақ тұрып 
өзіме-өзім келе алмадым. Жолаушылар маған таңдана қарасып кетіп бара 
жатыр, шамасы қап көтерген адамды алғаш көріп тұрған болулары керек. 
Асығу керек, кеш түсейін деп қалды. Шіркін, қолымда қаланың картасы 
болғанда ғой... Киоскіде бар-ау бәлкім. Елу рубльге Уфаның картасын сатып 
алдым, ол жерде жоғары оқу орындарының мекн-жайлары мен оған қалай 
жету керектігі белгіленген. Жақсы болды! Мен таңдаған университет 
Телеорталықтың жанында екен. Алыстау, жаяу жүрсең бір күнде де жете 
алмайсың. Жолдың арғы жағына өттім де автобусқа отырдым. 
Ақыры армандаған оқу орныма келдім. Болашақ мұғалімдер білім алатын 
жер осы жер екен ғой. Қабылдау комиссиясына кірдім, қажетті құжаттарды 
тапсырдым, өтініш жаздым. Қолхат беріп барлық құжаттарымның 
көшірмелерін алды. 

Емтихан болатын күні келіңіз. Ал қазір бара беріңіз, — деді маған бір 
маман. Бірақ мен бөлмеден шығуға асыққан жоқпын. Қайда барарымды 
білмедім. Емтихан болатын күнге дейін көшеде қаңғырып жүре 
алмаймын ғой. Ақыры әлгі әйелге бәрін түсіндірейін деп оқталдым. 

Алаңдама, қазір студенттердің кәсіподағына барып сенің тұратын 
жеріңнің мәселесін шешеміз, — деді ол. — Жетімдерге жатақханаға 
тегін беріледі. Менің соңымнан ер. 
Бір сағаттан соң мен жатақхананың үш кісілік бөлмесінде демалып жаттым. 
Жолдан шаршап жатып өмірде жақсы адамдардың көп екеніне қуандым. 
Міне, астанаға келдім, университетке құжаттарымды тапсырдым, 
жатақханадан орын алдым. Ендігі менің мақсатым — емтиханды жақсы 
тапсырып шығу. 
Жатақханадан ешқайда шықпадым деуге де болады — жақын жердегі 
дүкенге барып, қайта бөлмеме келіп отырдым. Күндіз де, түнде де оқи 
бердім. Маған босаңсуға болмайды. Егер оқуға түспей қалсам үлкен масқара 
болады! Мавлида Нұрғалиқызы онда қуанады, менің аты-жөнімді бәріне 
айтып мазаққа айналдырады. Жоқ, олай етуге болмайды! Қалай болса да мен 
университетке түсуім керек! Кейде кітабымды қолыма ұстап ұйықтап 
жүрдім. Осылайша өткенді қайталаумен бір аптадан артық уақыт өтті. 
Екі емтиханды мен «үздік» тапсырдым. Қуанышымда шек болмады, бірақ 
оны бөлісетін айналамда ешкім болмады. Басқаларды ата-аналары күтіп 
тұрды. Ал менімен бірге қуанатын адамның болмауы да маған ауыр тиді. 


Орыс тілінен диктант жазу мен ана тілінен шығарма жазу ешқандай қиындық 
туғызбады. Ал енді тарихпен қиындау болды. Ақпараттардың көптігінен 
басымда бәрі ауысып кетті. Ертең таңертең — соңғы емтихан. Тізем 
қалтырап қорықтым. Жылдардан шатаспасам екен. Қолыма тұмарды алып, 
білетін барлық дұғаларымды қайталадым: 

О,Аллам, өтінемін, сұраймын, көмектесе гөр маған. Менің жоғары 
білім алғым келеді. Менің дұға-тілектерімді қабыл ете гөр... 
Емтиханда бәріне сұрақтар жазылған қағаздар үлестіріп берді. Жауаптарын 
да сол жерге жазуымыз керек болды. Иә, соңғы емтихан бәрінен қиын болды. 
Жауаптарымның дұрыстығына өзім де күмәндана бастадым. Көп ойланған да 
артық екен. Профессор болса үнемі қатар-қатармен жүріп талапкерлерді 
бақылаумен болды. Бір жігітті шпаргалкамен ұстап алып, аудиториядан 
шығарып жіберді. Сол сәтте менің жүрегім кеудемнен секіріп кетердей 
атқақтап кетті! 

Уақыт бітті, жұмыстарыңды өткізіңдер! — деп емтихан алушы 
хабарлады. — Ертең осы аудиторияда жиналамыз. Емтиханның 
нәтижесін хабарлайтын боламыз! 

Маған сол тәулік бір жылдан да артық болып көрінді. Түні бойы 
ұйықтай алмай дөңбекшіп шықтым. Ойыма не келмеді десеңші! Соңғы 
емтиханнан ұшып кетсем не боламын! «Кезінде кәсіптік-техникалық 
училищеге орналастырайын дегенде тыңдамап едің, жалын енді маған» 
— деп директор мәз болады. Ұят-ай! Таңертең ерте мен университет 
табалдырығында тұрдым... 
Белгіленген уақытта бәріміз аудиторияға кірдік. Қолында қағаздары бар 
кешегі профессор да келді. Онымен бірге декан, яғни, факультеттің басшысы 
да кірді. 
Декан емтиханды жақсы тапсырып, қорытынды баға бойынша оқуға түскен 
талапкерлердің аты-жөндерін оқып жатыр. Біреуінен кейін біреуі аты-
жөндерін естіп, орындарынан тұрып оқытушыларға алғыстарын жаудырып 
жатыр. Кейбіреулер қуаныштан шапалақ соғып, орындарында секіріп жүр. 
Енді біреулер қуаныштың көз жасын тоқтата алмауда. Он тоғыз фамилияны 
айтты. Он шақты адамның бастары төмен түсіп кетті. 
Менің аты-жөнім де айтылмады... Армандарым бітті осымен! Енді 
заттарымды жинап, балалар үйіне қоңырау шалу ғана қалды. Қалтамда ақшам 
да қалмады. Мұғалімдердің көзіне қалай қараймын? Мен үшін әлі балалар 
үйінде жүрген Зульфира да ұялатын болды. 

Назар аударыңыздар! — депайқайлады декан, шуылдаған аудиторияны 
тыныштандыру үшін, — кешіріңіздер, мен тағы бір адамның аты-жөнін 
ұмытып кетіппін. Ілияс Мұхаметов осында ма? 
Қолдарым дірілдеп, тілім де күрмеліп қалды: 



О-о-осында! — деп орнымнан тұрдым. 

Құттықтаймын! Сізде де «бес». Бүгіннен бастап біздің университеттің 
есіктері сіз үшін айқара ашық! 
Бұл сөздерден кейін қандай сезім кешкенімді бірдеңе етіп жеткізу де артық 
болар. Мен бақыттан басым айналып аспанның жетінші, жо-жоқ, мыңыншы 
қабатында ұшып жүрген шығармын! 
Айгиз БАЙМҰХАМЕТОВ 
Аударған
 Саят Қамшыгер. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет