Қуаныштан айырды
Бірінші сабақтан бастап-ақ Амиля жанын қоярға жер таппады. Онда бір-ақ ой
— мектептен ертерек қайту. Оған себеп бар.
Ілияс, бүгін жаңа киімдер таратады, — деп күлімдеп хабарлады, —
Түске қарай беруді бастайды, сондықтан басқалардан бұрын баруымыз
керек.
Қайдан білдің?
Қыздардан. Күшті кроссовкалар мен костюмдер әкеліпті дейді, —
көздері от ұшқындап сөзін жалғады.
Жақсы! Мен де дұрыстау киімдерден алып қалсам ғой...
Мен не айтып отырмын саған? Есіңде болсын,ауызыңды ашып аңқиып
жүрсең ештеңесіз қаласың. Тәрбиешімен бірге қоймаға бірге барамыз
да кезекке бірінші болып тұрамыз. Сол кезде дұрыстау бір киімдер
алып қалуға мүмкіндік бар.
А, солай ма? Бірақ мұғалім бізді жібермеуі де мүмкін...
Жібереді. Қалай болса да бірінші болып үлгеріп баруымыз керек.
Әйтпесе жақсырақ киімдерді талап әкетеді де бізге бәрінен қалған
керексіз киімдер бұйырады. Есіңде ме, өткен жолы кроссовкилер
берген кезде маған үлкен размердегі екі аяқ киім берген. Маған шақ
келетін басқасы болмағандықтан алуға тура келді. Одан кейін менің
түр-сықпытыма бәрі күлген еді. Тіпті бірде денешынықтыру сабағында
аяқкиімдерім аяғымнан ұшып кеткен болатын. Жоқ, жетер! Бүгін маған
дәл болатын, ұнаған киімдерді ғана таңдап алам.
Міне, қоңырау да соғылды. Биология сабағы басталды. Мен бір бөлмеде
жататын досым Фаритпен бір партада отырмын. Сыныбымызда балалар
үйінің балаларынан үшеуміз: мен, Амиля, Фарит. Мұғалім жаңа тақырыпты
түсіндіріп жатыр, сондықтан мен ұқыптылықпен дәптеріме түртіп жазып
алып жатырмын.
Амиля болса байыз табар емес, қайта-қайта жыбырлап бір орында отыра
алмай отыр. Міне, маған бір қағаз лақтырды, мен оған сұраулы жүзбен
қарадым. «Қане, сұранып кетейік», — деп ымдайды. Мен басымды
шайқадым да жазуымды жалғастыра бердім.
Апай, бізге үйімізге баруға рұқсат етесіз бе? — деп Амиля батылдық
танытты. — Балалар үйіне медициналық комиссия келуі керек,
тәрбиешіміз бізге төртінші сабақтан сұранып келіңдер деп еді.
Жоқ! Сабақ кезіндегі қайдағы медициналық тексеріс!
Онда мен жазбаймын да, оқымаймын да.
Жетер, Амиля, сен енді кішкене бала емессің. Мына ұлдарға қарашы.
Бірге тұрасыңдар, ал мінездерің болса әртүрлі. Сен Ілис пен Фариттен
үлгі алуыңа болады. Сабақ кезінде өздерін жақсы ұстайды,
тапсырмаларды уақытында орындайды, мұғалімдермен ұрысып-
керіспейді. Ал сен қыз болсаң да өзіңді дұрыс ұстамайсың. Қане, өзіңді
қолға ал.
Ой-ой-ой! — деп Амиля ернін шүршитіп күлді, — Олар жақсы болып
көрінгілері келеді, ал өздері... Фарит, мысалы, ұйқышыл. Ал Ілияс —
еріншек, өзінің киімдерін де жуа алмайды, оған ылғи әпкесі жуып
береді.
Өзің ұйқышылсың! — деп Фарит та тұрып қалмады.
Амиляға біреулерге күліп, мазақтауды берсең болды, — деп сыныптың
бір қызы сөйлеп қалды.
Амиля сол сәтте-ақ орнынан атып тұрды:
Сен не дедің? Неменеге күйіп-пісіп отырсың? Көптен бері таяқ жемедің
бе? Басқаларға тиіскенше одан да өзіңнің үлкен мұрныңа қарап
алмайсың ба!
Мен екімен оқитындармен сөйлеспеймін, — деп ол қыз теріс қарады.
Ах, сені ме! Қазір сазайыңды тартасың! — Амиля ашулы күйде
сыныптасымызға жүгіріп барып, бұрымынан ұстай алды.
Ай, ауырды! Жібер!
Білетін боласың кіммен байланысқаныңды!
Парта құлап, орындықтар жан-жаққа ұшты. Оларды қартаңдау ұстаз қанша
қойғызамын десе де қолынан келмеді. Қыздар бір-бірінің шаштарынан ұстап
алып жіберер емес. Қалғандары көмекке баруға дәттері жетпеді. Амиляның
төбелесқұар мінезі бәріне белгілі.
Қыздарды арашалауға Фарит екеуіміз келдік. Дау бізге бола басталған еді
ғой.
Амиля, шашын жібер, — деп оны тыныштандыруға тырыстым.
Жетеді, сен үшін бәрі бізге күліп жатыпр, — деп Фарит қосылды. —
Онсыз да бәріне балалар үйінің балалары кінәлі.
Сол сәтте анау қыз Амиляның қолынан тістеп алды.
А-а-а! Қо-лы-м!
Мен жібер дедім ғой, — деп ол да ақталып жатыр.
Қызарып кеткен Амиля қарсыласын ұрып жіберді. Қаламдар мен дәптерлер
ұша бастады. Қыз еденге құлап түсті. Екеуін арашалап жүріп біз де өз
«сыбағамызды» алдық. Амиля Фариттің бетін тырнап алды, ал мені қатты
итеріп жібергені сондай, қабырғаға барып соғылдым. Сыныптың бөлмесі у-
шуға толып кетті.
Болды! Бол-ды дедім ғой! — деп кенеттен мұғалім айқайлап жіберді.
Бәрі тыныш бола қалды. Апай бізге кіналаған көзқараспен қарады. —
Шығыңдар бұл жерден! Сендер менің сабағымды әдейі бөліп
жатырсыңдар!
Амиля бірден өзінің заттарын жинай бастады. Біз Фарит екеуіміз сыныптан
шығуға асыққанымыз жоқ.
Барыңдар, барыңдар, барыңдар! — деп мұғалім бізге есікті көрсетті, —
менің көз алдымнан жоғалыңдар. Амиляның соңынан бізге де шығуға
тура келді. Ол бізді есіктің алдында күтіп тұр екен. Сыныпта істеген
бейбастақтан кейін біз онымен сөйлескіміз де келмеді. Ол болса түк
болмағандай бізге күлімсіреп тұр:
Ренжімеңдер.
Жоқ, сенімен сөйлескім де келмейді, — деп Фарит тырналған бетін
сипады.
Жарайды, ренжімеші, — деді Амиля. — Мені анау ұзын мұрынды қыз
ашуландырып жіберді. Ол ылғи балалар үйінің ұл-қыздарына кінә
артып жүреді. Егер шынымды айтсам, бұл шуды әдейі шығардым.
Қалай әдейі? — деп таң қалыстық.
Солай. Мұғалім сабақтан жақсылықпен жіберген жоқ, сондықтан мен
біреу-міреумен ұстасуым керек болды. Анау қыз аяқ астынан
құрбандық болып кетті — өзі сұрап алды. Күшті, иә?
Білмеймін... Мұғалім балалар үйіне телефон шалып бәрін айтып қоюуы
мүмкін, — деп күмәнімді білдірдім.
А, айтса айта берсін! Ұрысады да ұмытып кетеді. Ең бастысы — жақсы
киім-кешектер алу. Ұлдар, сендерге костюмді мен таңдап беремін.
Менде, құдайға шүкір, талғам бар. Бірақ сендер маған ренжімеңдер!
Қалай ғана өзіңнің бірге тамақ ішіп, бірге оқып жүрген жолдасыңа ұзақ
ренжуге болады? Амиля адамды тез өзіне қаратып алады. Тіпті ол кінәлі
болып тұрған жағдайда да тез шешім тауып кетеді. Міне, қазір де ол айқай-
шудың үйге тез қайту үшін жасалған себеп екенін айтып, көзімізді жеткізді.
Жарайды, Амиля. Бірақ енді олай істеме, тәрбиелі қыздар төбелеске
араласпайды, — дер ұзақ үнсіздіктен кейін Фарит сөзді
қорытындылады.
Амля даяр тұр екен, жауап берді:
Үй, й, ақылмандарым менің! Енді өйтпеймін, егер өздері соны қалап
тұрса, тоқтамаймын!
Киім-кешек мәселесіне келгенде балалар үйінде үнемі көп шу болады. Жүз
адамға бірдей киім-кешек әкеледі де таратады. Отбасындағы үрдіспен әр
адамға бөлек-бөлек іздемейді. Содан кейін бәріміз бірдей болып жүреміз —
бірдей костюм, күртеше, баскиім, қолғап. Бәріміз бірдей егіздер сияқтымыз!
«Әне, инкубаторлар келе жатыр», — депдеревнялықтар бізді табалайды.
Мені бұл сөздер ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Тіпті осынау жай киімдердің
өзін аялап киіп жүруіміз керек. Егер біреудің қолғабы жыртылса, ол
жолдасыныкын ұрлап алуы мүмкін. Оның сенікі екенін дәлелдеп көр! Ол
киімдер бір-бірінен ешнәрсемен ерекшеленбейді ғой. Көпшіліктен
ерекшеленетін бірнеше ғана киімдер болатын. Амиля сондай киімдерді
алуды армандайтын.
Өскенде өзіме қалағандарымның бәрін сатып аламын, — деп Фарит
армандап кетті. — Әйеліме де, балаларыма да басқаларда жоқ
нәрселерді таңдаймын. Қаласаңдар сендерге де ең керемет нәрселер
сыйлаймын?!
Сыныптасымыздың жомарттығына біз күліп қоямыз. Арманшыл-ақ біздің
Фарит! Тәрбиешіміз Флюра тәте айтады, егер қатты қаласаң, барлық арман-
тілектер орындалады. Міне, Фариттің, Амиля мен менің армандарымыздың
бәрі орындалса екен.
Бүгін біздің топта Хакима апайдың жұмыс істейтін кезегі. Ол біздің ерте
келгенімізге таңданып қарады.
Мұғалім ауырып қалыпты, — деп Амиля жауап қайтарды.
Біз мектеп формасын шешіп, басқа киімдерімізді кигенше бәріне үлгеріп
жүретін сыныптасымыз қоймаға барып келіп үлгеріпті. «Хакима апай, қазір
киімдерді таратайын деп жатыр. Жүріңіз, барайық, — деп тәрбиешіге өтінді.
Одан кейін біз «жұмаққа» қарай кеттік.
Алақай, біз біріншіміз! — деп Амиля қуаныштан секіріп кетті. — Міне,
жолымыз болды! Ұлдар, бірінші маған таңдап аламыз, содан кейін
сендерге көмектесемін, жарайды ма?
Жарайсың, Амиля! Шынында да, басқаларға ұқсамайтын бірнеше аяқ
киімдер мен костюмдер әкелді. Көпшіліктен кішкене болса да
ерекшеленетінімді елестетіп қатты қуанып кеттім. Фарит те қуанышын
жасыра алмады.
Амиля өзіне ұнайтын киімдерді таңдап алды. Бақыттан ол алты қат аспанда
ұшып жүрді. Біз үшін киім таңдауды бастадық:
Ілияс, осы уақытқа дейін жеңі қысқа костюммен жүргеніңді ұмыт!
Қазір, қазір... Қане, мынаны киіп көрші.
Кеңдеу сияқты.
Онда қоя сал оны, — деп Амиля тәрбиеші естіп қалмау үшін құлағыма
сыбырлады. — Басқасын көр.
Міне, Ілияс, мынау саған құйып қойғандай екен! — деп Фарит те
таңданысын жасыра алмады. Оған да дәл келетін костюм таңдап алдық.
Аяқ киімді де размеріміз бойынша таңдап алдық. Шексіз қуанышта
едік.
Кешігіп қалғандарға енді бұлай болған жоқ. Енді оларды
«инкубаторлар» деп тағы мазақтайтын болады. Ал бізге енді ешкім
олай айта алмайды. Міне!
Басқалардың алдында мақтанып алдық. Бізбен бір топтағылар қызғанып
кетті! Мұның бәрі Амиляның арқасында! Мектепте де ол елдің алдында
мерейі үстем болды.
Қараңдар, бізге қандай киім берді? — деп бір айналып алды. —
Балалар үйінен болғандықтан бізде ештеңе жоқ деп ойламаңдар!
Ауылдың ұл-қыздары оның бұл кейпін құптап жатыр:
Мәссаған! Амиля, саған сондай жарасып тұр!
Жаңаруыңмен...
Сендер Ілияс пен Фаритке қараңдар! — деп ол бізге көңіл аудартады.
— Костюмдерін өзім таңдап бердім. Жігіттің төрелері ғой!
Костюмдеріміз жарасып-ақ тұр. Жаңа киім киіп жүріп оқу да көңілді болды.
Бүгін маған екі «бес» қойды. Амиля да «бес» алды.
Сабақтар бір деммен өтіп кетті. «Тезірек ертеңгі күн басталып, мектепке
келсек қой», — деген оймен үйге қайттық.
Ой, қандай жақсы, иә, балалар?
Иә, рахмет саған, Амиля!
Біздің қуанышымыздың шегі жоқтай болатын...
Сабақтар біткен соң балалар үйінің директоры бізді бөлмесіне шақырып
алды. Бізді көре салысымен Мавлида Нұрғалиқызы айқайлап, сілекейін шаша
бастады:
Сендер әбден шектен шыққан екенсіңдер! Мектепте де, бұл жерде де
сендерден ылғи қиындықтар көріп жатырмыз. Кеше сабақта шу
шығарыпсыңдар. Тәрбиешілеріңе мұғалім ауырып қалды деп өтірік
айтыпсыңдар. Оның үстіне сендердің Хакима апайларың қоймадағы
киімдерді сендерге таңдауға рұқсат беріп қойған екен. Жо-о-қ...
Мұндай жақсылықты бағаламайтын балаларды еркелетудің қажеті жоқ.
Дереу биылғы жылға алған киімдеріңді өткізіңдер! — Директордың
сөздерінен жаман болып кеттім. Достарымның да бастары төмен
салбырап кетті.
Апай, қалай болғанын сізге дұрыстап айтып берейін... — дей бастаған
Амиляның сөзін Мавлида Нұрғалиқызы сол сәтте-ақ бөліп жіберді:
Же-те-ді! Сендерді естігім де келмейді! Көз алдымнан жоғалыңдар,
оңбағандар! Ал мемлекеттің киімдерін дереу қайта тапсырыңдар!
Шығыңдар қане, нақұрыстар!...
Ары қарай жаңа костюмде, жақсы аяқ киімде жүру жазбады. Ол аздай оқу
жылының басында берілген футболка, жемпір сияқты да басқа киімдерімізді
қайтарып алды...
Достарыңызбен бөлісу: |