Директор оған бірден жауап берді. Сөйлемей тұрып қатты күліп жіберді.
Сен арманда, бірақ орныңды біл, — деді ол күлкісін тыймастан. —
Сенде, әрине, сурет бойынша «бес», бірақ басқа сабақтардың бәрінен
«үш» қой. Мен сен үшін уфалық комиссияның алдында ұятқа қалғым
келмейді.
Апай, маған мұғалім соған түс деп ақыл-кеңес берді, — деп қызарыцп
кеткен қыз арманын қорғауға тырысты.
Жо-жо-жоқ! — Мавлида Нұрғалиқызы орнынан атып тұрып кетті. —
саған сондай алысқа барудың қажеті қанша? Аудан орталығындағы
кәсіптік-техникалық училищеге бар. Сурет салуды ұнатасың ба — онда
бояушының оқуын оқы. Мен, мысалға
суретші мен бояушының
айырмашылығын көріп тұрған жоқпын.
Сонымен, төрт түлекпен мәселе шешілді. Директор оларды аудандық
училищеден ары жібергісі келмеді. Кезек маған да келді.
Ал, Ілияс, сен қайда оқығың келеді?
Мен оған өзімнің арманымды қалай жеткізетінімді білмедім. Сөздерім
ауызымнан шығуға даяр тұр, бірақ оларды айту сондай қорқынышты.
Сен не, тіліңді жұтып қойғанбысың? — деп Мавлида Нұрғалиқызы
қолымен үстелді ұрып қойды. — Әлде бұлттарда ұшып жүрсің бе?
Жоқ, — деп әрең сөйледім.
Қайда оқуға түсесің?
Барлығы тек маған қарады. Көздерінен байқап тұрмын, балалар да менің не
айтатынымды тағатсыздана күтіп тұр. Не
болса, сол болсын, шешімді
ақырын ғана айттым:
Университетте.
Таңданысынан директор ауызы ашылған қалпы үнсіз тұрып қалды. Ол көзін
менен басқаларға жүгіртіп, олардан қайта маған қарады.
Міне, сен жоғары ұштың-ақ! Байқа, ешкім естімесін — күлкіге
қаласың! — деп дәптерін үстелдің үстіне тастады да қатты күлді. Одан
кейін маған ренішті жүзбен тқарады да қарсылықпен райымнан
қайтаруға ұмтылды, — сендердің пікірлеріңді сұрағанымыз ол
армандарыңды орындаймыз дегеніміз емес.
Сен сияқтыларды Уфада
күтіп тұр екен! Екіншіден, біз он бірінші сыныпты аяқтағанша ешкімді
балалар үйінде қалдырмаймыз. Сен не, ерекшесің бе?
Онда тоғызды бітірген аттестатымды алып өзімнің деревняма кетемін.
Сол жерде орта мектепті аяқтаймын да...
Мавлида Нұрғалиқызы ары қарай сөйлетпеді:
Олай болмайды! Содан кейін сен үшін жауап беріп жүрер жайым жоқ.
Жақында тәрбиешіңе педучилищеге түскің келетінін айтыпсың. Енді
тіпті құтырып кеттің — университетке деп желігіп тұрсың.
Сіз өзіңіз сұрадыңыз ғой менің арманымды, содан кейін айттым.
Оны маған емес, білім министріне айту керек. Сондықтан мына тізімді
тезірек жіберуіміз керек. Ал сен болсаң бұл жерде уақытты алып
тұрсың, — деп директор ұрысуын ары жалғастырды. — Сен өзің шамаң
жететін бірдеңе айтуың керек. Қане, университет туралы ұмыт, сені
техникумға орналастырайық. Мысалы, электриктің мамандығы кімнен
кем?
Ешкімнен кем емес. Бірақ ол маған ұнамайды.
Егер ұнамаса, ұнайтын болады!
Біз директордың бөлмесінен шықтық. Ешкімнің де көңіл күйі болмады. Бұл
әңгімеден кейін мен тағатымнан мүлде айырылдым. Егер директор шынында
да мені техникумға жіберсе не болады! Ешкім құжаттарымды қолыма
бермейді. Бірақ қалай болса да мен Мавлида апайдың ұсынысымен келісе
алмадым. Өзің жақсы көрмейтін іспен қалай айналысасың? Жарайды, оқып
шығып, диплом алдым дейік. Ары қарай? Жаным қаламайды...
Ұйқысыз түндердің бірінде басыма бір тың ой келе қалды.
Директор ана
жолғы тізімді білім министрі талап етіп жатқанын айтып еді. Қызық, ол
қандай адам екен? Оның да жүрегі бар шығар. Әлде министрдің өзіне хат
жазып көрсем бе екен?
Келесі күні ол жайында мұғалімдерден сұрастырып алдым. Министрліктің
мекен-жайын да тауып алдым. Ешкім ол жайында білмеуі үшін бөлмеде өзім
ғана қалған кезде хат жазуға отырдым. Бірінші мен өзімнің кім екенімді,
қайдан екенімді, қалай оқитынымды айтып таныстырдым.
Маған қандай
пәндер ұнайтынын да жаздым. Өзімнің университетке түскім келетін
ойымның бар екенін де хабарладым. Директордың оған кедергі болып
тұрғанын, тіпті менің туған деревняма да жібергісі келмейтінін де жаздым.
«Орта білімді алған соң мен өз күшіммен университетке түсетін боламын,
бірақ, сізден өтінерім — менің 11 сыныпты аяқтағанымша балалар үйінде
тұруыма көмектесуіңізді сұраймын», — деп қорыттым.
Бір ай өтер-өтпестен бізге Уфадан министрліктің өкілі келді. Сөйлесу үшін
мені директордың бөлмесіне шақырып алды.
Егер Ілияс осылай оқығысы келсе, қалсын, — деді әлгі әйел. — Оның
қалауына кедергі жасамайық. Шынында да, оның қолынан келер...
Ақырында сыныптастарым тоғызыншы сыныпты аяқтап кетіп жатқанда мені
балалар үйінде қалдырды. Бірақ министрге жазған хатым үшін маған көп рет
таяқ жеуге тура келді.
Достарыңызбен бөлісу: