Ойын элементтері арқылы есептер шығару



бет5/7
Дата20.06.2022
өлшемі2,46 Mb.
#146858
1   2   3   4   5   6   7
Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі .
Ұстанымдар негізі:
1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет
Критерий сол сабақты жақсы меңгергендігін, сабаққа қалай қатысып отырғанын, сұрақты дұрыс қоя білу, мағынаны аша білу сияқты сабақты меңгеру қажеттіліктеріне негізделді. Балалардың өзін — өзі бағалауында көбірек көңіл бөлу және жұбын, тобын бағалауды да қадағалап отыру жеңіл болады. Сабақта оқушыларды бағалау үшін критерий оқушылармен бірлесе отырып жасалса тиімділік береді
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында қолданылатын түйінді құжаттар.

  • Оқу бағдарламасы

  • Оқу жоспары

  • Бастауыш/Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық

  • Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

  • Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар

  • Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау ережесі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)

«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет