в) Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу іскерлігін шындаудың бір тәсілі математикалық жазба дәптерді пайдалану. Бұл дәптерге оқушы алдымен тақтаға жазылғандарды; сабақтың тақырыбын, жоспарын және өтілген күнін, кездескен жаңа терминдер мен символдарды, интернационал сөздердің мағынасын, қорытылған формуланы көшіріп жазуды, графиктерді сызады.Соныңда қорытындыны жазу керек , мұның өзі жалпы әсердің тұтастығын сақтауға көмектеседі.
Жазба дәптерді ұдайы пайдалану оқушылардың іс-әрекетінде қосымша әдет туғызады, әр түрлі математикалық факторларды есте ұстауға көмектеседі, оқушының жеке «сөздігі», «анықтамалығы» пайда болады.Сөйтіп, арнайы жазбалар арқылы оқушы өзінің ақыл –ой қызметін тәртіпке келтіреді, уақытын үнемдейді, жазба тілін дамытады, ой-пікірін қысқаша баяндауға машықтанады.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сораптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» - көрсеткен болатын.
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карьочкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Үй тапсырмасын берудің және тексерудің жолдары. Оқушылардың үйде өздігінен жұмыс істеуі – математика курсын игеру процесінің маңызды да қажетті бөлігі. Үй тапсырмасының тиімділігін арттыру үшін оқулықтың тиісті тақырыбын оқытумен, есебін шығарумен шектелмей, керісінше, оны түрлендіріп отыру қажет.
Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады.
Үй жұмысы - өзіндік жұмыстың бір түрі.
Бұл жұмысты оқушылар өз беттерімен үйде мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сондықтан үй тапсырмасының мақсаты айқын болуы негізгі шарт. Сонда оқушы берілген тапсырманы ынтамен істей алады.
Сондықтан үйге тапсырма бергенде не істеу керектігін айтып, оның орындалуын егжей-тегжейлі түсіндіруден гөрі, қысқаша нұсқау беріп, бағыттау керек. Үйге тапсыратын жұмыстың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға (сыныптың даярлығы, жас ерекшеліктері) байланысты оқу жоспарымен анықталып отырылады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі немесе уақытын көп алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдыларында қалыптастырады. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындауы мұғалімнің оны тексеру әдісіне байланысты. Егер мұғалім оны оқушыға ауызша оқытып, тексеретін болса, онда оқушы үй тапсырмасын ата-аналарының көмегімен шығарып, оны жете түсінбей, тек таза көшірумен шектеледі.
Үй жұмысын тексеру тек бақылау қызметін ғана емес, оқыту, үйрету міндетін де атқаруы керек.
Тапсырманы тексеру – сабақтың бір бөлігі. Яғни, ол жаңа материалды пысықтауға негіз болады.
Мақсаты: Арттыруға, кемітуге есеп шығартып үйрету. Сондықтан мұғалім үй тапсырмасын негізге ала отырып, саьақты осы мақсатты орындауға бағыттайды.
Жалпы сыныпқа ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшеліктерін е сәйкес тапсырма берудің же маңызы зор. Оқу материалының орташа үлгерімді оқушыларға лайықталған деңгеі математиканы меңгеру қарқыны баяу немесе оған қабілетті оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай келе бермейді. Себебі, үлгерімі төмен оқушылар қиындыққа ұшыраса, қабілетті оқушылар өз мүмкіндіктерінен төмен жұмыс жасайды. Сондықтан мұғалімнің басты міндеті - әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігінжағдай жасау. Бұл оқытудың ұжымдық сипаты мен оқушылардың дербес ерекшеліктерін ұштастыру принципі арқылы жүзеге асырылады. Бұл принцип барлық оқушылардың белсенді қызмет етуіне жағдай жасаумен бірге, олардың дербес ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Сондықтан үй тапсырмасын беруде әр оқушының қабілетін ескеру қажет.
Сараланған (дифференциалды) үй тапсырмасын беруде мыналарды ескеру керек.
Жаңа материалды қабылдау (жай және тез).
Өзінің ойын түсіндіре алама?
Оқуға көңіл бөле ме?
Оқушының жұмысқа кірісуге немесе бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге дербестілігі, зейінділігі, табандылығы жеткілікті ме?
Ата – анасының баласына көзқарасы.
Сараланған тапсырмасы бар топшаманы мынадай жағдайларда беруге болады:
Жаңа материалды өткенде;
Өткен материалды жалпылау кезінде және қорытынды жұмысқа дайындық кезінде;
Бақылау жұмысын өткізгеннен кейін қатемен жұмыста.
Электронды оқулықпен жұмыс.
Интернетпен жұмыс.