Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты:
Бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері: үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдау жасау.
Бірыңғай стандарттар және сапалы бағалау құралдары мен бағалау механизмдерін қалыптастыруға көмектесу.
Қолжетімді, нақты, үздіксіз ақпараттар ұсыну:
Білім алушыларға олардың білім сапасы туралы;
Мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктері туралы;
Ата-аналарға балаларының оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі туралы;
Басқару органдарына білім беру қызметінің сапасы туралы.
Бағалауға арналған негізгі құжаттар тізімі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім)
Оқу бағдарламасы (пән бойынша)
Оқу жоспары (пән бойынша)
Жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау ережесі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру);
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар
Бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгілері, дескрипторлар, балл, бөлім бойынша рубрикалар
Бағалау критерийлері, тапсырмалар үлгілері және тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы