Бағалау түрлері Оқу үшін бағалау және оқуды бағалауды. Өзін өзі бақылау. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық. Қалыптастырушыбағалау. Жиынтық бағалау. Жиынтық бағалау оқушының,мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпалы. Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау. Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау. Өрескел қателер. Өрескел емес қателер. Текст есептерден ғана құрылған жұмыс бағалануы. Құрама бақылау жұмыстары бойынша бағалау. Оқушылардың қорытынды білімін, машығын бағалау.
Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқу үшін бағалауды (қалыптастырушы бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқу үшін бағалау – оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс. Ашық сауалдар, бір-біріне өзінің оқу мақсаттары туралы айтып беру сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Егер бұл тиімді іске асырылса, оқушыларда рефлексия жасауға жеткілікті уақыт қалады. Оқушылар жұппен де, жеке де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндік алады. Олар өзін және бір-бірін бағалайды, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етеді. Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алға қойған мақсаттарына қарай жылжиды. Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда «білім алушылар қоғамдастығы» деген ұғым өзекті болып отыр, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады.Олар топпен жұмыс істеп, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін өзі құрметтеумен және өзін өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.
Қазіргі жаңа технологиялармен оқу барысында жаңа бағалау түрлері жүйеге еніп келеді. Мысалы Қараевтың технологиясының өзін үш өлшемді бағалау түрінде алуға болады. Бағдарламада негізінен бағалаудың екі түрі қарастырылған: оқыту үшін бағалау (формативті) және оқу үшін бағалау (жиынтық). Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау формативтік бағалау, басқаша айтқанда, оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.