Бұдан кейін доп қашып кетеді. Тәрбиеші балалармен бірге оны ұстайды. Ойын жаңа доппен қайта басталады. Ойынды 2-3 рет қайталау.
« Жасырынбақ »№54
Ойынға жиналған балалардың барлығы шеңбер құрып, ойын бастаушының айналасына тұра қалып, тақпақтап санамақ айта бастайды. Санамақтың бірнеше түрі бар.
Қандай жылы күн шуақ,
Балапандар жүр шулап
Қызығына қараймын
Бір, екі, үш...деп санаймын.
Шөжелерім шөп-шөп-шөп,
Жем шашайын көп-көп-көп,
Он екенсің бәрі-бәрің,
Отыз түйір дәнім бар
Әрқайсыңа қаншадан?
Теріп жеңдер соншадан.
Немесе, ойын бастаушы алақанын төмен қарата бір қолын жоғары көтереді, ал барлық балалар бір-бір саусағын соның астына тигізіп ұстап тұрады. Ойын бастаушының « бір, екі, үш»
белгісімен балалар бір-бір саусақтарын тез тартып алады. Саусағы ұсталған бала көзін жұмып, басқалары тығылады. Көзін жұмған бала 40 не 50 -ге дейін санап, тығылған балаларды іздейді. Тапқан сайын өзі тұрған жерді алақанымен соғып отырады. Балалардың алдын-ала келісуімен, ең бірінші немесе ең соңында қалған бала көзін жұмып, ойын қайта басталады.
« Шарлармен алмасу »№55
Балалар орындықтарда дөңгеленіп отырады. Тәрбиеші қатар отырған екі балаға бір-бірден шар береді де ары қарай басқаларға ауыстырады ( біреуі оңға, біреуі солға ұсынады ). Шарлар бір-бірімен екі жақтан кездескенде балалар « Соқтығысты» деген сөзбен оларды соқтықтырады. Одан кейін балалар орындарынан тұрып, дөңгелекті айналып, қарсы жаққа барады, қалғандары орындықтарынан тұрып: « Жүгірдік, жүгірдік...,» деп дауыстайды. Балалар өз орындықтарына жүгіріп келіп: « Ол шарды басқа балаларға береді де ойын қайталанады.
Бұл ойынды даладағы сазды алаңда өткізуге болады, онда балалар көк шөптің үстінде отырады
« Қазан шұңқыр »№56.
Ойынға 8-10 бала қатысады. Балалар санына байланысты, қатар-қатар шағын шұңқырлар қазылады. Ойын бастаушы қолына допты алып, шұңқырлардың тұсына 1м қашықтықта тұрады. Доп кімнің шұңқырына түссе, сол бала жүгіріп келіп допты ала сала, жан-жаққа қашып бара жатқан балалардың бірін ұрады. Егер доп тисе, сол бала допты ала сала келесі ойыншыға тигізуге әрекеттенеді. Ал доп ешкімге тигізе алмаса, онда бала ойыннан шығып қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
« Ортаға түспек »№57
Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өтуге тиіс. Жерге көп бала сиятындай үлкен төртбұрыш сызылады. Бірінші команда сол төртбұрыштың ішіне енеді де, екінші команда сыртында орын алады. Ойын басталған соң, сыртындағы ойыншылар тік төртбұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген бала сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол денесіне дарытпай, әр жерге түсірілмей допты қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін кіргізіп алады. Тік төртбұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда ұтып жатқан команда оған 10 не 20 рет ойналуға ойын бұйырады. Ол бұл сыннан құламай өтсе, сырттағы командаластарын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан команда кіреді.
« Кішкене өзен арқылы »№58
Ойынға бір топ (6-8 адамнан) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2м қашықтықта екі сызық сызылады. Бұл өзен.
Ойнаушылар сызықтың жанында-өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан 2-3 бала өтеді, ал қалғандары тәрбиешімен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді-орындыққа отырады. Кейін олар ойынға қайтып араласады, тәрбиеші оларды қалай болса да мақтап, жағаның екінші жағына өтуге көмектеседі.