Жүрісі: Бір бала жүргізуші болады. Бір бала ортада көзін жұмып тұрады. Қойған балалар шеңбер жасап, қолдарын артына ұстап, иықтарын тақап тұрады ( қолдары ішінен қарағанда көрінбеу керек ).
Сыртта жүрген бала сездірмей, шеңбердің сыртын айналып жүріп, бір баланың қолына ұстатады да өзі алысқа барып тұрады да « болды» дейді.
Ортадағы бала көзін ашып, шеңбердің ішінде тұрып, кімде екенін ( көзінің т.б) біліп айту керек. Тапса допты алады. Таппаса-басын шайқайды. Сол кезде добы бар бала теріс айналып, допты көрсетеді. Сенде-деген жоғары көтеруі тиіс.
« Қазан доп » №21
Ойыншылар шеңбер жасап тұрып, әрқайсысы аяғының астынан диаметрі 0,5 кішкентай щұңқыр жасап немесе шеңбер сызып, алады да, сол шеңбердің ортасына қолындағы таяқты бір ұшын тигізіп ұстап тұрады. Шұңқырлардың арақашықтығы 1—2 м болады. Ойын бастаушы балалар айнала тұрған шеңбердің ортасынан диаметрі 1м болатын үлкен шұңқыр немесе шеңбер сызып алып, қолындағы гаяғымен кішкентай резеңке, үлкен теннис не хоккей добын балалар тұрған шеңбердің сыртын айнала жылжып, солардың біреуінің қазанына түсіруге әрекеттенеді.
Егер балалардың біреуі келе жатқан допты қазанына түсірмеу ниетімен оны кері соғып жіберем деп, шұңқырын бос қалдырып қойса, ойын бастаушы оның шұңқырын иелене қояды. Ал қазансыз қалған әлгі бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Егер бастаушы добын ортадағы үлкен қазанға түсірсе, ойыншылардың барлығы да тез орындарын ауыстыруға тиіс.
Мынадайда ойын бастаушы да бір орынға ие болып, орынсыз қалған бала, ойын бастаушы болады.
Ойын барысында допты тек таяқпен соғып, қазан-шұңқырларды да тек таяқпен қорғау керек.
Шұңқырларын аяқпен басып жүруге рұқсат етілмейді.
« Қу түлкі » №22
Жүрісі: Балалар бір-біріне бір адымдай ара қашықтықта тұрады ( шеңбер жасап ). Балалар көздерін жұмып тұрады. Тәрбиеші шеңберді айналып жүріп білдіртпей бір баланы түртеді. Сол бала түлкі болады. Балалар көздерін ашып бір-біріне мұқият қарайды. Қу түлкі сен қайдасың? Үш рет айтқанда қу түлкі ортаға қолын көтеріп мен мындамын деп жүгіріп шығу керек. Барлық балалар жан-жаққа қашады. Қу түлкі ұстап алуы керек.
« Тышқан аулау »№23
Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Аз топ қол ұстасып шеңбер жасайды. Олар тышқан ұстаушылар. Қалғандары тышқандар, олар шеңберді айналып жүреді. Тәрбиеші « қақпаны аш » дегенде шеңбердегі балалар қолдарын босатып жоғарға көтеріп тұрады. Тышқандар өтіп жүреді. Тәрбиеші қол шапалақтағанда, шеңбердегілер қолдарын түсіріп, шеңбер ұстай қою керек. Ішінде қалғандары ұстаған тышқан алады. Олар жиналып шеңбер жасауға дайындалады, олар қақпан жасап тышқан ұстаушы болады. Ойын жалғаса береді.
« Қармақ »№24
Жүрісі: Балалар шеңбер жасап тұрады. Шеңбердің ортасында тәрбиеші. Ұшына құм салынған қапшық байланған жіпті төменнен айналдырады. Балалар мұқият қарап тұрады. Өзіне келгенде жіптен секіріп үлгере алмаған бала, ойыннан уақытша шығады. Жіптері кері бағытта да айналдыруға болады. Егер секіру қиын болса, кейін қарай секіріп кетуге болады.
« Қуғыншы »№25
Бір баланы қуғыншылыққа тағайындайды. Қалғандары әр жерге тұрады.
Тәрбиеші 1-2-3 қу дегенде қуғыншы қуады, қалғандары қашады. Қуғыншы қол тигізген бала шетіне шыға береді. 3-4 бала жиналғанша қуады. Содан соң ойын аяқталады.
Қайта қуғыншы дайындалады.
Ескертетін жайт: Қуғыншы басқа балаларды айыру үшін қуғыншыға белгі беруі керек. Қолына лента немесе киім кигізу ( бөлек ) т.б
« Өрмекші мен шыбындар »№26
Жүрісі: Бұл ойында бір баланы өрмекші етіп тағайындайды. Қалғандары шыбын болып ызыңдап шашырап ұшып жүгіріп жүреді. Тәрбиеші өрмекші келді деп сигнал бергенде балалар әртүрлі пішін жасап қатып қалады. Көзін жұмып аузын ашып т.б. бет әлпетін түрлі етіп тұрып қалуға болады. Өрмекші келгенде белгілі бір уақытта қозғалмауы керек ( көзі, беті де). Өрмекші қозғалып қойған, көзін қағып т.б. баланы іздеп ұстап алады. Ұсталған баланың бірі өрмекші болып ауыса береді.