Қаздар қанаттарын жайып, жайылым арқылы үйлеріне ұшады, ал қасқыр үңгіршек жүгіріп шығып, оларды ұстауға тырысады. Ұсталған қаздар қасқырдың үңгіріне қарай жүреді. Бірнеше рет жүгірістен кейін қасқырдың ұстаған қаздарфын санайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.
« Қарағайлы ормандағы аю » №14
Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Алаңның бір жағына аюдың іңі сызылады. Екінші жағына үй белгіленеді, онда балалар тұрады. Тәрбиеші інде отырған аюды таңдап алады. Тәрбиеші « балалар», серуендеуге барыңдар! –дегенде балалар үйден шығып орманға барады. Олар хормен мына өлеңді айтады.
« Гүрілдеп» дегенде аю балаларды қуады. Аю кімге жетсе, сол ұсталған болады. Үйдің сыртынан асып кеткен балаларды ұстауға болмайды.
« Аңшылар мен қояндар » №15
Мақсаты: Балаларды қоян болып секіруге, аңшыдан қорғануға үйрету.
Ойын мазмұны: Алаңның бір жағына аңшы, келесі жақта қояндарға орын белгіленеді. Әрбір үйде 2-3 қоян болады. Белгі бойынша қояндар үйінен шығып, жайылымда қос аяқтап, секіріп жүреді. Тәрбиеші: « Аңшы» дегенде қояндар үйлеріне жүгіреді. Аңшы бала оларға доп лақтырады. Доп тиген қояндар атылған болып саналады. Аңшы оны өзіне алып кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.
« Аюлар мен аралар » №16
Ойын мазмұны: Омарта алаңның бір жағында болады. Бір шетте аюдың, араның үңгірі. Ойыншылар тең емес екі топқа бөлінеді. Көпшілігі бал аралары. Белгі бойынша аралар омартадан ұшып шығып бал іздеп, шалғынға қарай ұшады. Олар ұшып кетісімен аюлар омартаға жармасып бал жейді. Тәрбиеші: « Аюлар!»-дегенде аралар омартаға қарай ұшады, ал аюлар үңгіріне қашады. Үлгере алмаған аюды аралар шағып алады. Ара шаққан аюлар келесі ойынға қатыспайды.
« Тым-тырақай »№17
Ойын мазмұны: Ойнаушы балалар шеңберге тұрады да, бір баланы санамақ айтып, ортаға шығарады. Балалар тәрбиешінің белгісімен:
Жан-жаққа бытырай қашады. Оларды ортада тұрған бала ұстап алу керек. Екі, үш бала ұсталған соң тәрбиеші бір, екі, үш деп санағанша балалар тез шеңбер құрып тұрады. Ойын қайта басталады
« Кім баяу »№18
Ойын мазмұны: Балалар тәрбиешімен бірге жүгіріп келе жатыр. Күтпеген жерден тәрбиеші: « Ал кәне көрелік» . Сендердің іштеріңнен кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады. Міне былай-дейді. Балалар аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше жай жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе жатқан бағытта жүруді жалғастыра береді. Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір жаққа қарай шегініп: « Ал енді бәрің де маған қарай жүгіріңдер»,-дейді. Балалар тәрбиеші апайға жүгіреді. Тәрбиеші кімнің жақсы орындағанын айтып мадақтайды.
« Соқыртеке » №19
Ойын бастаушы « Соқыртеке» болып белгіленген ойыншының көзін байлап, оны бөлменің ортасына апарып, бірнеше рет шыр-көбелек айналдырады, содан кейін былай деп сұрайды:
Мысық, мысық неде тұрсың?
Күбіде.
Не бар екен күбіде?
Бар боп шықты ашытпа.
Бізді емес, тышқанды ұста.
Осы сөздерден кейін ойынға қатысушылар жан-жаққа тарап қашады, ал « Соқыртеке» оларды қуады. Ол кімді ұстаса, сол « Соқыртеке» болады. Ойын тәртібі: Егер « Соқыртекенің» бір затқа соғылардай қаупі болса, ойыншылар « От»! деп айқай салып, оған ескертеді. Бірақ бұл сөзді « Соқыртекеден» қашып құтыла алмайтын жағдайға ұшыраған ойыншының оның бағытын өзгерту үшін айтуына болмайды. Ойын ережесінде бір заттың артына тығылуға немесе өте алысқа қашып кетугей рұқсат жоқ.
Ойыншылар өздерін ұстатпау үшін « Соқыртекеден» жалтырып кете алады, тізе бүгіп немесе төрттағандап жүріп, құтылып кетуіне болады. « Соқыртеке» көзін байлаған орамалды шешпес бұрын, қолға түскен ойыншыны танып, есімін атауға тиіс.