«Ойын технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі» Кіріспе



бет3/9
Дата08.02.2022
өлшемі51,18 Kb.
#121741
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Ойын технологиясы – о ушыларды математикалы біліктілігін дамы

Тақырыптың өзектілігі: Егер математика сабағында,

  1. ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;

  2. уақытты тиімді пайдаланса;

  3. тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады

І. Ойын технологиясының теориялық негіздері
1.1. Ойынның педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жумыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып бере алуы үшін зор мүмкіндіктер туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеді. Мұғалімнің басты мақсаты оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Сабақты қызықты, тартымды өткізу мұғалімнің білімділігіне, қабілетіне, тапқырлығына және сабақтың әр түрлі әдіс тәсілдерін орынды қолдана білуінде. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы жоғары болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Мұғалім математика сабағында оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін ойындар ұйымдастыруына болады.Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет