Нәтижесінде:
Ойлау қабілеті дамиды. Білім алады. Нашар оқушылардың сабаққа ынтасы артады. Психикасына сапалы өзгерістер әкеледі. Мінез құлқы қалыптасады. Таным қабілеті артады. Ойынды ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне тікелей байланысты. Бала ойын үстінде білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
|
Енді мен алдарыңызға, өз іс –тәжірибемнен өтілген жұмыстарды ұсынамын.
1. «Қояндарды құтқару» ойыны. Мақсаты: тапсырманы дұрыс орындап, қояндарды тордан құтқару. Бұл ойында оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеуге болады. Сонымен бірге өз ісіне деген жауапкершілігі артады.
2. «Аңшы мен үйрек» ойыны. Бұл ойынға 4 оқушы шығады. Ойынның шарты бойынша аңшы оқушылар бірінші есеп шығарып болса, үйректерді торларына түсіреді. Ал үйрек оқушылар тапсырманы бірінші орындаса тордан құтылып кетеді.
3. «Балық аулау» ойыны. Қазір балалар көктем мезгілі. Балықшылар өзеннен балық аулайды. Бізде бүгінгі сабақта балық аулаймыз. Ойынның шарты бойынша балық аулап, берілген тапсырманы орындаймыз.
4. Семантикалық карта
Кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген.Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, Білім туралы жақсы ой сөйлем шығады.
5. Тірек кесте
Берілген тапсырмалардың шешімін дұрыс тауып толтырса, шеңберге қатысыты ұғым атауын оқисың.
6. «Күн шуағы» ойынының шарты.
Бетін бұлт жапқан күннің бейнесі.
Оқушылар қатар –қатар болып , жаңа тақырыпқа байланысты есеп шығарды. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырды. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу. Қай топтың жауабы дұрыс болса, сол топтың күні шайдай ашылады.
Дұрысын анықта» ойыны.
Қате және дұрыс жазылған ереже немесе формулалардың дұрыстығын анықтайды.
8. «Ұста,ұстама» ойыны .
Қорытынды ретінде оқушылар бір-біріне тақырып бойынша әр түрлі сұрақтар бере отырып, допты лақтырады, допты ұстаған оқушы тез жауап беріп, ұпай жинау керек. Егер жауап бере алмаса топтан ұпай кемітіледі. Осылай топ оқушылары кезек-кезек допты лақтырып сабақты қортындылайды.
9. «Өрмекші торы» ойыны
Оқушылар шеңбер бойымен орналасады. Қорытынды ретінде оқушылар кезекпен бір-біріне жіпті лақтыру арқылы сабақта өтілген материалды қайталайды.
10. «Сақина тастау» ойыны. Берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны оқушы өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады.
11. «Көрші-көрші» ойынының мақсаты сандардың ретін меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, сол сан тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. Сол санның көршілері орынжарына тұру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |