Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы, ойын қойылымдары, рольдік позициялар, альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері, жобаланған нәтижелер, бағалау критерилері, сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әртүрлі ыңғайы бар. Өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай, ойын процесінің мінезіне қарай, ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т.б. ойындар қолданылады.
Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:
Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту;
Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық.
Коммуникативті, диагностикалық хабардар ету және т.б.
Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.
Оқыту ойыны – бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.
Бақылау ойыны – бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |