Қорытынды. Сөзжұмбақ шешу
Жаңылтпаш жаттау .
Алма , алма , бал ал
Жая алма жал ал
Ойын : « Гүл теру »
Мақтау , мадақтау .
Сағат суретін сыйға беру .
Үйге тапсырма беру : С әрпіне сөздер құрап келу .
Пәні : Математика
Сабақтың тақырыбы : 7саны мен цифры
Сабақтың мақсаты : Оқушыны 7саны мен цифрымен таныстыру, бір таңбалы сандар олардың шығарылып алыну әдістері жайындағы білімдерін бекіту.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың логикалық ой –өрістерін кеңейт
Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты : Жаңа технологияларға сүйеніп, оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау. Сауаттылыққа , ұстамдылыққа , әдептілікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : суреттер , шарлар, сандар
Сабақтың түрі : панорамалық сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру, талдау , сандарды жаттау
Сабақтың барысы :
І: Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың жалпы жан – жақты сабаққа дайындығын тексеріп, сабаққа назарын аудару.
ІІ: Психологиялық дайындық
Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Балалар , сабағымызды бастамастан бұрын бір – бірімізге жылы лебіздер білдіріп, сабағымызды көңілді өткізейік. Осылайша оқушылар бір – біріне жылы лебіздерін
білдіріп, көңілдерін көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |