Ойын технологиясын сабақтарда қолдану тиімділігі (бастауыш сыныптарға арналған) Құрастырған: Зейнуллина Рахила Әмірханқызы



бет1/11
Дата22.08.2017
өлшемі4,13 Mb.
#24502
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ойын технологиясын сабақтарда қолдану тиімділігі

(бастауыш сыныптарға арналған)
Құрастырған: Зейнуллина Рахила Әмірханқызы


Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

М. Төлегенов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

М. Төлегенов атындағы орта мектебі


Құрастырушы: Зейнуллина Рахила Әмірханқызы – бастауыш сынып мұғалімі

Әдістемелік құралда бастауыш сыныптардағы ойын технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері, ойын элементтерін және қолдану арқылы өткізілген сабақ үлгілері беріліп отыр.Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.


М. Төлегенов атындағы орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі Зинуллина Рахила

Әмірханқызының «Ойын технологиясын

сабақтарда қолдану тиімділігі» атты кітабына

Пікір
Білім берудің басты мақсаты – білім алып білік пен дағды-машыққа қол жеткізу емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды. Үшінші мыңжылдық – құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формацияның мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі.

Білім беру жағдайындағы инновациялық үрдіс – педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдамалардың, теорияның, әдіс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үрдіс, яғни білім алушының қандайда бір іс-әрекетке құзіреттілін дамыту. Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялардың алатын рөлі зор.

Бастауыш сатыдағы оқытуда ойын технологиясын сабақ барысында қолдану тиімді әрі жеңіл.

Бастауыш класс мұғалімі: Р. Зинуллинаның «Ойын технологиясын сабақтарда қолдану тиімділігі» атты кітабында ойын технологиясының тиімді әдіс тәсіл ретінде көрсете отырып, осы технология аясында өткізілген бірнеше сабақ жоспарлары ұсынылған.

Мұғалім осы технологиялық әдісті қолдана отырып, өзінің оқыту процесіндегі өте жоғары деңгейде көрсетілген сабақтарын жинаққа енгізу арқылы, практика жүзінде дәлелдігін көрсеткен.

Мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақшыманов Дарын

Кіріспе
І тарау.Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты
          Бастауыш  сыныптардағы   жазу  сабақтарының    мақсаты-  балалардың   жазу  тілі  дағдысын қалыптастыру

1.   Жазу  дағдысының  психологиялық  негізі  мидың   үлкен  жарты  шар  қабығындағы   анализатор  ұштарының   бір-бірімен  күрделі  байланысқа  түсуі,   екінші  сигнал   системасының  жинақталып,  бір  арнаға  бағытталуы  болып  табылады.   Жазу     тілі  көзбен  қабылданады,  қолмен  іске  асады.   Ал  ауызша  сөйлеу   есіту-  кинестезиялық нерв байланыстары  арқылы өтеді.


         Жазу  тілі  ауызша  сөйлеуден   кейін  шықты,   сондықтан  да  ол  үнемі  ауыз  тілге   сүйеніп отырады.
         Ең  алғашқы,   ерте  дәуірде   адамдар  қандай  да  болмасын  бір  уақиғалар   туралы  мәліметтерді  кейінгі  ұрпаққа  қалдыруға  болады.  Сөйтіп  ондай  мәліметтерді   түрлі  суреттермен  белгілейді.   Бұл  кезең  -  идеографикалық   сөйлеу  кезеңі  деп  аталады.    Идеографиялық  сөйлеу   белгілі  бір   айтылатын  жағдай   туралы  еске  түсіру   рөлін  атқарады.Кейінірек   иероглифтік  жазу  шықты.   Бұл  заттарды  немесе    тұтас  ойды   білдірген.Сабаққа тиімді қолданылған ойын түрлері- мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді.Балалар тез серігіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал.Ойын барысында балалардың белсенділігі,шығармашылығы дамиды.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ.Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы,дүниетанымы дамиды.Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру,ол дегеніміз түпкі нәтижені кһре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы,дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді.

Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады.

Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен,белсенділікпен орындайды.Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі- дидактикалық ойындар.

Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау,жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ

1.Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2.Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелержі өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3.Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4.Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5.Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6.Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7.Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8.Оқушылар үшін қауіпсіз

9.Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10.Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11.Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі

12.Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері,алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен,мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге,қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ор Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары... Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап,мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал ретінде баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады.


Ойын түрлерінің материалдарында сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызыда арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әселігін,тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктерімен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.Ойыннан басталады»,-десек, баланың ойын жетілдіріп,сабаққа қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі- ойын.

Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден,білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білімін өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.Ойынның кәсіптік, әуестену,оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар.Ол дем алу,көңіл-көтеру бола тұра оқуға,шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибелерін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған.Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады.Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады.Бастауыш класс оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда ойынның маңызы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсібі біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске асыруға, өзін – өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында


«Білім беру реформасытабысының басты өлшемі тиісті білім мен білім алған еліміздің кез – келген азаматы әлемнің кез – келгенелінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейде көтерілу болып табылады. Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті.
Қоғамның ғылыми техникалық, әлеуметтік экономикалық дамуы өскелең ұрпақтың интеллектуалдық, білімдік, жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін мектептің әдістемелеріне түрлі жаңатехнологиялар мен әдіс – тәсілдер көптеп енгізіліп отыр.

Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті әдіспен қана қоймай, яғни

« таратқыш қабылдағыш» тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас «тұлға – тұлға» күйіне өзара сыйласымдылыққа, сенімділік кенегізделген. Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатып қалған білімді игеріп қоймай, өзіндік мақсатты іс – әрекеттер жасайалатын, өз ой пікірін айтып, оны дәлелдей алатын болуы қажет.Өйткені, бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған. Демек оқушының бойында қалыптасқандағды мен біліктерінің меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқандығына қарай оқыту үрдісінің нәтижелігі шығады. Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарын білуімен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығуын кемітіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Соның ішінде ойынның маңызызор.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралыз ерттеліп жүрген еңбектер де аз емес. Себебі ойын оқу, еңбек іс – әрекеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай кесте арқылысуреттесек:
Ісәрекет:
- оқу әрекеті
- еңбе кәрекеті
- ойын әрекеті
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқару мен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
- ойын – сауық (бұл ойынның негізгі қызметі шаттану, қызығушылығын ояту)
- коммуникативтік немесе қарым – қатынастық диалектикасын меңгеру;
- диагностикалық (ойын барысында өзін – өзі тануы)
- коррекциялық тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;
әлеуметтендіру адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым – қатынастар жүйесіне бекіту;
Ойындардың мынандай төрт басты қырлары болады:
еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс – әрекеттілік нәтижесінен процесінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады.
- шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс – әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»)
- эмоционалды көтеріңкілік, бәсекелестік, қарсыластық (ойынның табиғи сезімділігі

« эмоциялық кернеулік»)


- түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды

адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімдерін жетілдіреді.


Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс іс-әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластыққа жеттіліктері мен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.
Ойын кезінде барлық оқушы бірдей, өйткені барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта жұмыс істейді. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа балалармен бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Тез тілдік материал жатталады, ол оқушы өзінің басқалармен бірге сабаққа қатысқанына көңілі толып отырады.
Сонымен қатар ойын кезінде белгілі- бір нәтижеге жету үшін оқушылар тек қана сөздіғана қолданып қана қоймай, мимика, тест түрлерінде қолданылады. Ал, ақыл - ой ойын дарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыру мен қатар ерік, сезім түрлерін де дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалықесепойындар, ұлттықойындар. Мұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Сондықтан бүгінгі күні қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесінің баянды болуы оқу – тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.

Ойын арқылы оқушыны білім алуға жетелеп, оның тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.


Ойынға қойылатын талаптар мыналар:
балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру.
Баланы басқалар мен жарыса білуге қалыптастыру
- білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету
- ойын барысында балаға жаңабілім, білік дағдылардың қайнар көзіне жету,
баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдылар мен сәйкес келетіндігі.
Сабақты біріңғай әдістер мен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назараударып, тез қабылданады.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала боларма?» деген пікірінен бала өміріндегі ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш класс оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен. Олар: Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев. Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыровт. б.

Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Бала ойынында қоғамдық ұжымдық сипат болады.Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді. Бала ойын арқылы бір –бірімен қарым –қатынас жасайды. Баланың түрлі қасиеттері дамиды. Ойын жайында А. С. Макаренкобылай деп көрсетті. Үлкендер өмірі үшін,жұмыс қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса , балалар өмірінде ойын да сондай маңызға ие. – Ойында балалар қандай болса, өскеннен кейін жұмыста сондай болады.

Баланың жасы өсуімен бірге, ойнайтын ойындарының мазмұны да өзгеріп , кеңейіп отырады .Алайда ,ойын баланың уақытын өткізу емес , баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызу болып табылады

.Ойын Мазмұны түрлене түскен сайын балалардың ойынға зейінділік танытуы арта түседі. 3-4 жастағы балалар 10-15 минут қана ойнаса , ал 4-5 жастағы балалар 40-45 минутқа, ал 6-7 жастағы балалардың ойындары бірнеше сағатқа, тіпті бірнеше күнге дейін созылады.

Қазақ халқының «Баланы ойын өсіреді» деген сөзі тегінен тегін айтылмаған. Яғни ұлттық ойындар тәрбие құралы ретінде туған. Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері бала ойынында көрініс тауып отырады. Ұлттық ойындардың басым көпшілігі мазмұны жағынан ертегі , әңгіме жақын болыпкелетіндіктен, бала зейінін бірден өзіне тарта алады.Осыған орай жасөспірімдер ойнайтын қазақтың ұлттық ойындары баланың жас ерекшеліктеріне байланысты әрі қысқа, әрі нұсқа болып келеді.

Айталық , «Кім сені түртті?», «Дауысынан таны !», «Кім шертті ?» ,т.б ойындар бала зейіні сөнбей тұрған кезде жылдам жауап беруді талап етеді.Бала зейіні төңіректегі заттар мен осы заттарға қатысты іс –әрекеттер арқылы сипатталатындықтан, ұлттық ойындар да осыған негізделе құрылған.Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі-эмоциялық жағынан алып қарағанда бала зейінін бірден өзіне аударады. Эмоциялық әсерлерге бала бірден назарын аударатыны белгілі.

Ал балалар ойтайтын «Ақ сандық , көк сандық »ұлттық ойыны барысында айтылатын өлеңнің мәтініне назар аудару, өлеңаяқталысымен орнынан тез тұрып кету, қарсыласын арқалай жөнелу т.б әрекеттерге зейінін неғұрлым тез аудара білулері керек. Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік мал шешуші орын алатындықтан, ұлт ойындарының басым көпшілігі жан –жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар болып келеді.

«Ақ байпақ », «Көк сиыр » , «Соқыртеке », «Түйе, түйе » т.б . Зейіннің бөліну қасиеті ұлттық ойындар барысында қалыптасып отырады. «Соқыртеке » ойынында соқыртеке рқлін ойнаушы ойыншылардың дыбысы қай жақтан шыққанын , олар алыста ма ,жақында ма екендігін және қзінің қауіпсіздік жағдайларына да зейін бөле алады. Бұдан ұлттық ойындар барысында зейіннің бөліну қасиетінің дамитындығы көрінеді. Әрбір ойын элеменеттері ұлттық ойындардың тақырыбына, мазмұнына байланысты логикалық байланыста болып келеді. Ұлттық ойындардың логикалық байланыста болып келуі, зейін көлемін өсіруге септігін тигізеді .

Баланың таным қабілеттері ойын арқылы дамып отыратындықтан мектеп жасына дейінгі кезеңде ойындарды жиі қолданудың маңызы ерекше.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын түрлері
Халық арасында көп тараған «Мысық пен тышқан», «Үлек пен тайлақ »ойындарын алсақ, мысықтың тышқанды, үлектің тайлақты қуып ұстауымен ерекшеленеді.Мысық немесе үлек рөлінде ойнап жүрген баланың бар назары тышқанды немесе тайлақты ұстауға ауады.Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір еркешелігі –өлең –сөздің араласып келіп отыруы.Егер ойын барысында тақпақ, өлең жолдары кездеспесе, оны ойын соңында жеңіліп,ұпай санын өтеушілер орындайды. Олар тақпақ айтып, өлең оқып , ән салады,өз өнерін көрсетеді.Кейде суырып салма ақындық өнер де осы ойын үстінде өмірге келеді. Жырлай жүріп ойнаған бала ойын барысында айтылған әрбір сөздерге, әрбір сөздің мағанасына аса зер салып, мәтіннің мазмұнына қарай қимыл-әрекет жасайды. Ұлттық ойындардың кез –келгенін алсақ та , ойынға қатысушылардан зейінділікті , тапқырлықты , шешендікті, алғырлықты, шапшаңдықты, тез ойлауды талап етумен бірге, алға ұмтылуды, табысқа жетуді көздейді. Төменде оқу –тәрбие үрждісінде сирек қолданылатын , бала зейінін дамытуға негізделген қазақтың ұлттық ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың жасерекшелігіне сай, ықшамдап ұсынып отырмыз.

Ойын мәселесіне Т. Тәжібаев, Ә. Диваев , Ж. Аймауыт, Т. Төтенаев , Е. Сағындықов, т.б .ғалымдарымыз өз еңбектерін арнады. Ерте кезде қазақ халқы өз ойындарына ерекше назар аударып,зейін қоя ойнағандары соншалық, қойы басқа ауылдың қойына қосылып,қозысы жамырап кеткенін де байқамай қалған. Ойын дегеніміз –ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты-дейді. Шынынды да бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін , қарым –қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.Ойын - әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай өзін қорщаған оттаны танып білуге , оны өзгертуге құштарлығын артыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойынның танымдық қызметі тануға деген мүдделілікті қалыптастыру болып табылады.Сонымен қатар ойын оқушылардың сөйлеу тілілінің дамуына өте үлкен әсер етеді, әрі ақыл-ой дамуына ықпал жасайды. Бала ойын үстінде заттар мен іс –әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағанасын қолдануды т.б. үйренеді.Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарының шарты болып табылады.Балалар ойнап жүріп бір –біріменынтымақтасады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Ойын арқылы ұйымдастырылатын сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады.Бастауыш класс оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыру да ойынның маңызы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзііске асыруға, өзін – өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Назарбаев НұрсұлтанӘбішұлыҚазақстанхалқына 2007 жылғы 28 ақпандағы «ЖаңаәлемдегіжаңаҚазақстан» жолдауында
«Білім беру реформасытабысыныңбастыөлшемітиістібілім мен білімалғанеліміздіңкез - келгеназаматыәлемніңкез – келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейде көтерілу болып табылады. Біз еліміз де әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті.Қоғамның ғылыми техникалық, әлеуметтік экономикалық дамуы өскелең ұрпақтың интеллектуалдық, білімдік, жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіре түсуді талапетуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін мектептің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс – тәсілдер көптеп енгізіліп отыр. Сол себепт іқазіргі оқыту үрдісі репродуктивті әдіс пен қана қоймай, яғни « таратқыш қабылдағыш» тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушыар арасындағы қарым - қатынас «тұлға – тұлға» күйінде өз ара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатып қалған білімді игеріп қоймай, өзіндікмақсатты іс – әрекеттер жасай алатын, өз ой пікірін айтып, оны дәлелдей алатын болуы қажет.Өйткені, бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған. Демек оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқандығына қарай оқыту үрдісінің нәтижелігі шығады.

Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәреже і сабақты ұйымдастыру жолдарын білуі мен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіс пен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығуын кемітіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Соның ішінде ойынның маңызы зор.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісін де алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер де аз емес. Себебі ойын оқу, еңбек іс – әрекеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай кесте арқылы суреттесек:
Ісәрекет:
- оқуәрекеті
- еңбекәрекеті
- ойынәрекеті
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқару мен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі ісәрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
- ойын – сауық (бұлойынның негізгі қызметі шаттану, қызығушылығын ояту)
- коммуникативтік немесе қарым – қатынастық диалектикасын меңгеру;
- диагностикалық (ойын барысында өзін – өзі тануы)
- коррекциялық тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;
- әлеуметтендіру адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым – қатынастар жүйесіне бекіту;
Ойындардың мынандай төрт басты қырлары болады:
- еркін дамушы ісәрекеттілік нәтижесінен немесе іс – әрекеттілік нәтижесінен процесінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады.
- шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс – әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»)

- эмоционалдык көтеріңкілік, бәсекелестік, қарсыластық (ойынның табиғи сезімділігі

«эмоциялық кернеулік»)- түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімдерін жетілдіреді.
Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс іс әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір – біріне деген сыйластыққа қажеттіліктері мен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады.
Ойын кезінде барлық оқушы бірдей, өйткені барлығы да не істесем, қалайайтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта жұмысістейді. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа балалармен бірге бірдеңгейде жұмыс істей алады. Тез тілдік материал жатталады, ол оқушы өзінің басқалармен бірге сабаққа қатысқанына көңіл ітолып отырады.
Сонымен қатар ойын кезінде белгілі бір нәтижеге жету үшін оқушылар тек қана сөзді ғана қолданып қана қоймай, мимика, жест түрлерінде қолданаалады. Ал, ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Олойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік, сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық есеп ойындар, ұлттық ойындар. Мұндай ойындар оқушыны жан – жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Сондықтан бүгінгі күні қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесінің баянды болуы оқу – тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға жетелеп, оның тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.

Ойынға қойылатын талаптар мыналар:


- балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру
- баланы басқалар мен жарыса білуге қалыптастыру
- білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету
- ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету
- баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдылармен сәйкес келетіндігі.
Сабақты біріңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап алады.
ҰлыАбайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала боларма?» деген пікірінен бала өміріндегі ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш класс оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен. Олар: Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев. Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыровт. б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет