Ойын технологиясын сабақтарда қолдану тиімділігі (бастауыш сыныптарға арналған) Құрастырған: Зейнуллина Рахила Әмірханқызы


Бастауыш класс оқушыларын шығармашылыққа баулу



бет2/11
Дата22.08.2017
өлшемі4,13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бастауыш класс оқушыларын шығармашылыққа баулу
Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып білімді, жаңашыл, бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың яғни бүкіл тіршілік көзі.
Мектептегі үздік бітірген мыңдаған оқушының өмірмен бетпе-бет келгенде икемсіз, дәрменсіз болып шығатын кездері аз болмайды. Сондықтан оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуды, оған бағыт-бағдар берудің қыр-сырын, оқыту жүйесіндегі мәнін, орнын, заңдылықтарын, жолдарын сөз етпекпіз.
Шығармашылықтың түрлері көп. Алайда біздің нысанамыз сөз өнері адамның шексіз мүмкіндігін ашу қасиетімен құдіретті.
Қазіргі таңда мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін-өзі қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.

Ендеше, ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген жас ұлан қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеу үшін мамандықтың кез-келген саласына қажетті білік дағдыны мектептен алып шығуы керек. Ал білім негізі бастауыштан қаланады.


Шығармашылық процестің 3 сатысы бар.
- Бірінші сатысы жаңаны, өзгеше тың дүниені сезе білу, шығармашылық ой талдауға бейімділік, танымдық қызығушылық.
- Екінші сатысы интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, батылдық.
- Үшінші сатысы өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу.
Міне осыған байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен психологтар мұғалімдерге баланың білімін ғана көтеріп қоймай жеке шығармашылық баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екенін айтады:

- төменгі сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра алғанымен олардың қиялы тұрақтап, бір образды сюжетті ұстап тұра алмайды, алдын ала ой, идея, мақсат тумайды. Ой-қиял тұрақсыз болғандықтан, оны әрбір тапсырма міндет төңірегінде тұрақтандыру өте қиын. Мұғалімнің міндеті баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа бағыттай білу. Сонда ғана керемет образ тууы мүмкін;


- төменгі сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік көрсеткенмен, оны тек ойын ретінде қабылдайды. Сондықтан әдеби жаттығу, тапсырмалар ойын үлгісінде берілуі керек;

- төменгі сынып оқушылары бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге шыдамсыз. Сондықтан педагог міндеті баланы баланы үздік создық фантазия элементтерін емес, көлемі шағын, мазмұны жеңіл болса да, тұтас композициялық туынды әкелуге жетектеу;


- төменгі сынып оқушыларында өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы. Олар үлкендік сын ой пікіріне қатты сүйенеді. Міне осы жағдай ситуацияларда педагогтік көреген көз бен қабілет керек.

Оқушының қателескен жерін дәл тауып айта білуі және оқушының көзін жеткізе білуі керек. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруда сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады:


- тақырыпты мазмұнына сай жинақтау;
- белгілі бір тақырыпта пікір талас тудыру;
- сөзжұмбақ құрау, шешу;
- шығарма, шағын әңгіме, мәтін құрау;
- әңгіменің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру, бөліктерге бөлгізу, тақырып қойғызу;
- қиялдау арқылы суретін салдыру, рөлге бөліп оқыту;
- ұнатқан кейіпкеріне мазмұнына кері әңгіме құрату;
- мазмұндама түрлерін жазу;
- адасқан сөзді орнына қойдыру.
Еліміздің білім саласында оқытудың жаңа технологияларының бірнеше түрлері қолданылуда.
Ұстаздардың шығармашылығын, іскерлігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған шығармашылық топтар бар. Олар:
1. Вариативті (стандарттан тыс жұмыс істейтін мұғалімдер);
2. Тұрақты күнтізбелік жоспармен жан-жақты жұмыс істейтін мұғалімдер;
3. Репродуктивті (кітаптағы білімді қайталау);
4. Проблемамен (зерттеу мақсаты);
5. Инновация (жаңашылдық).
М.Төлегенов атындағы орта мектебінің бастауыш класс мұғалімдері « Ойын арқылы оқыту » технологиясын сабақ үрдісіне қолдану арқылы ззерттеу-зерделеу үстінде. Ойын бала қабілетінің сан қырын ашады. Осы технологияны қолдану арқылы өткізген мұғалімдердің ашық сабақтары республикалық басылымдарға шығарылды.

Алдағы уақытта әріптестеріме Ұлы Абай атамыздың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес заяға» - деген өсиетін айтқым келеді.



Дамытушы ойындар

Даму –педагогикалық ерекше ұғымға ие сөз. «Адамды дамыту деп ішкі және

сыртқы,басқарылатын және басқарылмайтын,әлеуметтік және табиғи факторлар ықпалымен оның тұлғасының бірте-бірте қалыптасуының барысын айтамыз. Адам тұлғасының психикалық ,күш-қуаттық және жалпы дамуын бөліп қарау керек.Психикалық деп адам тұлғасының зиялылығының ,көңіл күй сезімдерінің,еркінің, қажеттіктерінің,қабілеттерінің дамуын түсінеміз.Күш –қуаттың дамуы дене мүшелерінің, бұлшық еттерінің, буын қимылдарының дамуы болып табылады. Жалпы дамуды психикалық , күш-қуаттық , құлықтық және адам тұлғасының басқа да салаларының дамуы деп ұғынуымыз керек.Қазіргі педагогикалық ғылшымында «оқыту» мен «даму» ұғымдары қатар алынып жүр.Оқыту бала дамуының негізі болып табылады.

Ойын-баланың қажетті әрекетінің бірі.Ойынды кіші мектеп жасындағы балалардың табиғаты керек етеді. Көрнекті педагог Мағжан Жұмабаев : «Бала ешуақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан , балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек ...Сыныпта отырғанда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан ,әсіресе, тек отырудан, һауаның бұзылуынан. Сондықтан,сабақ уақытында балалар абайлы болмай бастаса,мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып,сыныптың һауасын жаңартуы керек. Бір сабақтың ішінде де балаларды тұрғызып , отырғызып, гимнастика жасатып,ән салдырып алуға болады.Мұндайда бала сергіп қалады»,-деп ойынның,қызғылықты жаттығулардың балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал екенін атап көрсетеді.




Заты мен аты

Ойынның мақсаты:Балаларды дұрыс сөйлеуге жаттықтыру , тілдерін ұстарту.

Жемістердің бәрі бар,

Бау бақшадан танып ал.

Ол үшін не керегін,

Берем әр зат дерегін:

Біреуін қағу керек,

Біреуін шағу керек,

Біреуін жару кещрек,


Біреуін ору керек,

Біреуін қазу керек,

Біреуін үзу керек,

Біреуін үгу керек,

Біреуін жұлу керек,

Біреуін турау керек,

Біреуін турау керек,

Біреуін теру керек,

Біреуін тілу керек,

Біреуін аршу керек,

Біреуін қуыру керек,

Біреуін пісіру керек,

Шатастырмай айт,қане,

Ол қай жеміс аттары?

Қағатының –алма,

Шағатының-жаңғақ,

Жаратының-қарбыз

Оратының-тары,

Қазатының-картоп,

Үзетінің-жүзім,

Үгетінің-жүгері,

Жұлатының-қияр,

Турайтының-капуста,

Теретінің-шие,

Тілетінің қауын,

Аршитының пияз,

Қуыратын- күнбағыс ,

Пісіретін –асқабақ...

Міне,осы дұрысы.

Ал,қалайша бұрысы ?

Қарбызды қақпайсың,

Алманы шақпайсың,

Пиязды жармайсың,

Жаңғақты ормайсың,

Асқабақты қазбайсың,

Картопты жұлмайсың,

Капустаны үкпейсің,

Тарыны үзбейсің,

Жүгеріні турамайсың,

Күнбағысты термейсің,

Шиені тілмейсің,

Жүзімді аршымайсың,

Қауынды қуырмайсың,

Қиярды пісірмейсің.


«Жануарлар қалай дыбыстайды»

Жылқы-кісінейді,шұрқырайды,азынайды.

Сиыр-мөңірейді,өкіреді.

Қой,ешкі-маңырайды.

Түйе-боздайды,сарнайды.

Шошқа-шыңғырады,қорсылдайды.

Ит-үреді,ырылдайды,арсылдайды,қыңсылайды.

Мысық-бырылдайды,мияулайды.

Тышқан –шиқылдайды.

Қаз-қаңқылдайды.

Үйрек-бырқылдайды,қырқылдайды.

Мекиен-қыт-қыттайды.

Әтеш-шақырады.

Бүркіт-саңқылдайды.

Торғай-шырылдайды.

Бұлбұл-сайрайды.
Қарға –қарқылдайды.

Безгелдек-безектейді.

Сауысқан-шықылықтайды.

Бөдене –бытпылықтайды.

Шыбын-ызыңдайды.

Бөгелек-ызылдайды.

Бәкішек (шегіртке)-тызылдайды.

Жылан-ысылдайды,суылдайды.

Бақа-бақылдайды,бақырады.

Аю-ақырады,өкіреді.

Қасқыр-ұлиды,ырсылдайды.

Түлкі-ырсылдайды,шәңкілдейді.

Күзен-шақылдайды.

Суыр-шулайды.

Борсық-пырсылдайды.

Құндыз –сыңсиды.

Арыстан-күрілдейді,ақырады.

Жолбарыс-күркілдейді,бұрқанады.
ЖАҢАША БАҒЫТПЕН
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап көрсетілген. Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатылап жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияда басты міндет – оқушының оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.



Жаңа технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі. Жаңа технологиялармен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

  • Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

  • Оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;

  • Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

Оқулықтардың мазмұнын зерттеп, талдау;

  • Пәндік білім стандартымен жете танысу;

  • Оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Жаңа технологияның педагогикалық негізгі қағидалары

  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

  • Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

  • Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  • Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;

  • Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

  • Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар – оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтарда көруге болады. Мұндай жағдайда оқытушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалай шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану – бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы. Бастауыш кластардағы пәндерді ойын әдісімен өту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді:

  • Оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тілдік қатынасқа тез түсіп, бір-бірімен қарым-қатынасы артып, ұнамдық қасиеттері дамиды;

  • Оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігерімен оқиды;

  • Оқушылардың арасында жарыс, бәсекелестік пайда болады;

  • Оқушының жеке тұлғалық қасиеттері пайда болады;

  • Оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады.

Ойын – күрделі философиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Грек ойшылы Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады. Оның пікірінше, ойын – әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.
Қазіргі күнде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:

  1. Ойын – мәңгілікке ұштасатын құбылыс. (Платон)

  2. Ойын – артық күштен арылу жолы. (Ж.Шиллер)

  3. Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды. (К.Гросс)

С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н. Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше, ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.

Психологиялық тұрғыдан ойын:



  1. Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады;

ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;

б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;

в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.

Өзімнің педагогикалық іс-тәжірибемде ойынды әдіс деп қарастырамын. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушы мен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде практиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткім келеді.

Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады.
Менің сабақ берудегі негізгі мақсатым – әр оқушыны топқа бөліп, әрқайсысының өз мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, білімдерін көрсетуге толық мүмкіндік беру. Сабақта қолданылған оқытудың жаңа технологияларын оқушылардың білім сапасын арттыруға, пәнге деген қызығушылығын, сонымен бірге әр жеткіншектің іскерлігін, іздемпаздығын, байқау қабілетін жетілдіруге баулиды.

Оқу үрдісінде шығармашылық көңіл-күй туғызатын мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сыйластыққа негізделген ізгілікті қарым-қатынас орнатуға тырысамын. Сондықтан оқушыға қысым көрсетпей, оларға деңгейлік тапсырмаларды таңдауына мүмкіндік беремін.




Пәні : Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы : С дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : «С» дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру.Сөздерді буынға бөлгізу.Балалардың тілін дамыту. «С»әрпінің жазба түрімен таныстыру.Әдемі,таза жазуға баулу.

Дамытушылығы : с дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін,ойлау қабілетін,сөздік қорларын,сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелігі : ұқыптылыққа ,тиянақтылыққа ,ұйымшылдылыққа, жинақылыққа,

шапшаңдылыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу.



Түрі: понорамалық сабақ

Типі : ойын

Көрнекілігі : кеспе әріптер,буындар , жұмбақ , суреттер, ребус ,ойын , жаңылтпаш.

Әдіс – тәсілі : сұрақ –жауап , баяндау

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру бөлімі :

Психологиялық дайындық.

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы түн,қайрлы күн

Күліп шықты бүгін күн

-Бүгінгі сабағымызда серуенге шығамыз. Серуенге шығу үшін бәріміз де мынандай белгі болу

керек. Бұл не ?


  • Сағат

  • Сағатты қалай пайдаланамыз ?

  • Уақытты білу үшін ,бізге сағат керек. Сондықтанда сағат бізге қажет. Сағатқа қарап отырып, серуенді уақытында аяқтауымыз керек. Жолға ұранмен аттанамыз.

Ұран : Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық

Әдемі етіп жазайық

-Жақсы ұранымыз дайын болса, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазып ,көркем жазу жазамыз.

Көркем жазу .

Қатар –қатар көк терек

Көкке бойлап өседі

Жапырағы көкпенбек

Сәнге бөлер көшені

Суреттер үлестіру :

-Ұранымыз дайын, енді әрі қарай жолға ататанымыз. Жолда кедергілер өте көп болады.

Сұрақтарға жақсы жауап беріп, тапсырманы дұрыс орындасақ , кедергілерден өтетін боламыз.

1-кедергіден өту үшін мен сіздергежұмбақ жасырайын.

1.Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әкем бір күні ( Сәбіз )

2.Сәбіз сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар.

- 5 әріп 5 дыбыс

2- кедергіден өту үшін жылдың төрт мезгілін айтайық

-Күз , - Қыс , - Көктем , - Жаз.



  • Олай болса өтілген әріптерді есімізге түсірейік.

  • А,Т,П,Р,Л,Ғ,Н,И,О,Ш,

  • Өте жақсы

3 –кедергіден өту үшін ребус шешу
Ребустың шешуі : 1. Айгүл , 2 . Күш , 3 . Үйрек .




Ойын технологиясын сабақтарда қолдану тиімділігі
Жаңа сабақты меңгерту :
Жаңылтпаш жаттау .
Алма бағы жайнаған
Пәні : математика

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет