Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойды.
Жеміс нешеге бөлінеді?
Шырынды жемістерді ата?
Құрғақ жемістерді ата?
Оқушылар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Өсімдіктердің көбеюі». Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып,тақырыпты жазамыз.
Адам көкөніс, астық, үрмебұршақ немесе бұршақ өсіру үшін топыраққа тұқым себеді. Тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады.
Өсімдік тұқымнан өседі. Сонымен бірге өсімдік жер беті және жер асты бөліктерінен де көбейеді. Жер асты бөліктеріне түйнек, жуашық және тамырсабақ жатады.
Картоп пен нарғызгүл жер астында түйнек түрінде өседі. Түйнекке қоректік заттар жинақталады. Бұл өсімдіктер түйнектен және оның бөліктерінен көбейеді.
Картоптың түйнегінде бүршіктер-«көздер» бар.Осындай «көзі» бар түйнектен картоптың сабағы өсіп шығады. Көктемде картоп түйнегі топыраққаотырғызылады. Әр түптен жиырмаға жуық жаңа түйнек алынады.
Жуашық арқылы пияз, сарымсақ, қызғалдақ және басқа өсімдіктер көбейеді.Сарымсақтың жуашығы бөліктерге бөлініп отырғызылады. Әр бөліктен сарымсақтың жаңа жуашығы өсіп шығады. Пияз, қызғалдақ және баршынгүл (гладиолус)тұтас жуашықтан өсіріледі.
Тамырсабақтың сыртқы түрі тамырды елестетеді.Айырмасы-оған қосымша тамырлар мен бүршіктер шығады. Егер бүршігі бар тамырсабақтың бір бөлігін топыраққаотырғызса, жаңа өсімдік өсіп шығады. Қарақат,терек және талды жер үсті бөліктерінен,сабақтың бөлігі-қалемшеденкөбейтуге болады.
Жазда құлпынайдың және бүлдіргеннің ұзын сабағы жерге төселіп өседі. Оны «мұрт» дейді.
Жерасты бөліктерінен көбейетін өсімдіктерді ата? |